"Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабының 3 тармағына сәйкес және Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2026 жылғы 20 қаңтардағы қорытындысына сәйкес Зинеден ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Зинеден ауылында орналасқан жаңа көшеге Рахметолла Кунчекеевтің есімі берілсін.
2. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Округ әкімі | А. Адилова |