Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Махамбет ауыл тұрғындарымен өткізілген 2025 жылғы 17 маусымдағы № 13 хаттамасы және облыстық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 20 тамыздағы қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Махамбет ауданы, Махамбет ауылдық округі, Махамбет ауылы, Мерей шағын ауданындағы атауы жоқ көшеге "Халық Абуталин", Махамбет ауылы, Наркескен шағын ауданындағы атауы жоқ көшеге "Қайреден Қабдолов", Махамбет ауылы, Мерей шағын ауданындағы атауы жоқ көшеге "Мұхтар Есенғалиев", Махамбет ауылы, Жаңа ауыл шағын ауданындағы атауы жоқ көшеге "Сембай Исағалиев" атаулары берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Ауылдық округ әкімінің уақытша міндетін атқарушы |
Т. Бертлеуов |