"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4)-тармақшасына сәйкес, Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2026 жылғы 20 қаңтардағы № 2 қорытындысы негізінде және Еркінқала ауылдық округі тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШТІМ:
1. Атырау қаласы Еркінқала ауылдық округінің Еркінқала ауылының көшелеріне:
1) №7 көшеге Аманғалиев Рахметқали;
2) №10 көшеге Бисембиев Сүлдебай көшесі;
3) №12 көшеге Шолақов Кенжебек көшесі;
4) №16 көшеге Жиенғазиев Жұмағазы көшесі;
5) №17 көшеге Каримов Сәбит көшесі;
6) №19 көшеге Байсұлтанов Зинулла көшесі;
7) №20 көшеге Джамбаев Тасмағамбет көшесі;
8) №22 көшеге Сейталиев Бейіскали көшесі;
9) №23 көшеге Ибрагимов Мұташ көшесі;
10) №39 көшеге Сәрсенов Зұлқарнай көшесі;
11) №42 көшеге Сейтқалиев Мұса көшесі деп атау берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Еркінқала ауылдық округі әкімі | М. Кариев |