"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Атырау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Атырау қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. "Атырау облысы Атырау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін электронды түрде "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Ақтөбе қаласындағы аймақтық филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Атырау қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қала әкімі | Ш.Кейкин |
| Атырау қаласы әкімдігінің 2026 жылғы _____________ №________қаулысына қосымша |
Атырау қаласы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. "Атырау қалалық әкімдігі "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Атырау қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 18 мамырдағы № 925 қаулысы.
2. "Атырау қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 18 мамырдағы № 925 "Атырау қалалық әкімдігі "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Атырау қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 16 қазандағы № 2232 қаулысы.