Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" және Атырау қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 24 сәуірдегі № 1020 "Қалалық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемақыларын белгілеу тәртібі мен шарттарын айқындау туралы" қаулыларына сәйкес, Атырау қаласы Мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Атырау қалалық қоғамдық даму орталығы"коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемақылары 7 есеге дейін бірыңғай лауазымдық жалақыдан артық емес мөлшерінде белгілесін.
2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енгізілсін.
| Мәслихат төрағасы | А. Құлбарахов |