Атырау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Атырау облысы әкімдігінің 2026 жылғы 31 шілдедегі № 133 қаулысы

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Атырау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Қазақстан Республикасы Атырау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін электронды түрде "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Ақтөбе қаласындағы аймақтық филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Атырау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Б. Ақшолақов

  Атырау облысы әкімдігінің
2026 жылғы _____________
№________ қаулысына қосымша

Атырау облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. "Атырау облысы әкімдігі "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесін бекіту туралы" Атырау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 25 сәуірдегі № 57 қаулысы.

      2. "Атырау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 25 сәуірдегі № 57 "Атырау облысы әкімдігі "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Атырау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 105 қаулысы.

      3. "Атырау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 25 сәуірдегі № 57 "Атырау облысы әкімдігі "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Атырау облысы әкімдігінің 2025 жылғы 12 қыркүйектегі № 184 қаулысы.

О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Атырауской области

Постановление акимата Атырауской области от 31 июля 2026 года № 143

      В соответствии со статьей 27 Закона Республики Казахстан "О правовых актах" акимат Атырауской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Признать утратившими силу некоторые постановления акимата Атырауской области, согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Государственному учреждению "Аппарат акима Атырауской области Республики Казахстан" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) в течение пяти рабочих дней со дня подписания настоящего постановления направить его копии в электронном виде на казахском и русском языках в Актюбинский региональный филиал республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Атырауской области после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на руководителя Аппарата акима Атырауской области.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования.

      Аким области Б. Акчулаков

  Приложение к постановлению
Акимата Атырауской области
от _________ 2026 года №_____

Перечень утративших силу некоторых постановлений акимата Атырауской области

      1. Постановление акимата Атырауской области от 25 апреля 2023 года № 57 "Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" акимата Атырауской области".

      2. Постановление акимата Атырауской области от 29 июня 2023 года № 105 "О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Атырауской области от 25 апреля 2023 года № 57 "Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" акимата Атырауской области".

      3. Постановление акимата Атырауской области от 12 сентября 2025 года № 184 "О внесении изменения в постановление акимата Атырауской области от 25 апреля 2023 года № 57 "Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" акимата Атырауской области".