Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Атырау облысының агроөнеркәсіптік кешені саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы" Атырау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 15 қарашадағы № 402 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2831 тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Атырау облысының агроөнеркәсіптік кешені саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидасында:
2-тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
"1) бюджеттік бағдарламаның әкімшісі – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Атырау облысының АӨК-де инновациялық тәжірибені енгізу және тарату бойынша бюджеттік бағдарламаға әкімшілік ету жөніндегі функциялар жүктелген "Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекеме;".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Облыс әкімі | С. Шәпкенов |