"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27, 37-баптарына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 17-бабына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Атырау облысы Балалар құқықтарын қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
2. "Атырау облысы Балалар құқықтарын қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды алсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетешілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Облыс әкімі | С. Шәпкенов |
| Атырау облысы әкімдігінің 2026 жылғы 14 сәуірдегі № 57 қаулысына қосымша |
|
| Атырау облысы әкімдігінің 2026 жылғы 14 сәуірдегі № 57 қаулысымен бекітілген |
"Атырау облысы Балалар құқықтарын қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Атырау облысы Балалар құқықтарын қорғау басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) Атырау облысында балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша үйлестірудің тиімді жүйесін құру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (бар болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
5. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
6. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
8. Басқарманың орналасқан жері: 060010, Атырау облысы, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77 үй.
9. Осы ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
10. Басқарманың қызметiн қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.
11. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді Басқарманың орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2. Басқарманың мақсаттары мен өкілеттіктері
12. Мақсаттары:
1) кәмелетке толмаған адамдарға қатысты мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функциясын іске асыру;
2) бала құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
3) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету, оларды кемсітуге жол бермеу;
4) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің негізгі кепілдіктерін нығайту, сондай-ақ бұзушылықтар болған жағдайда олардың құқықтарын қалпына келтіру;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.
13. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
өз құзыреті шегінде орындалуға міндетті құқықтық актілер қабылдауға;
тиісті ұйымдардан, мемлекеттік органдардан, кәсіпорындардан және басқалардан ақпараттар мен құжаттарды сұратуға және алуға;
қолданыстағы заңнамалық актілерде және осы Ереженің функцияларында көзделген басқа да құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар;
2) міндеттері:
Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасын сақтау;
Басқармаға жүктелген функциялардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
Басқармаға келіп түскен шағымдар мен өтініштерді қарау;
Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де міндеттер.
14. Функциялары:
1) балалар құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
2) балалар құқықтарын қорғау саласында азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының, сондай-ақ балалар өмір сапасын қамтамасыз ететін құқықтық және әлеуметтік кепілдіктердің сақталуын қамтамасыз ету;
3) балалар құқықтарын қамтамасыз ету, олардың құқықтарының бұзылуын алдын алу және ерте анықтау бойынша үйлестіру, балалар құқықтарын қорғау шараларын қабылдау;
4) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалар құқықтарын қорғау комитеті айқындаған тәрбие, білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет және спорт, әлеуметтік қызмет көрсету және отбасын әлеуметтік қорғау салаларында балалар мүддесіне қатысты мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;
5) балалар құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған шаралардың орындалуын бақылау, олардың құқықтарының бұзылуын алдын алу және ерте анықтау, балалар құқықтарын қорғау бойынша қабылданатын шараларға мониторинг жүргізу.
6) зорлық-зомбылыққа, қатыгез қарым-қатынасқа, қудалауға (буллингке) ұшыраған кәмелетке толмағандарды анықтауға қатысу;
7) өз құзыреті шегінде уәкілетті органдар мен ұйымдарды, оның ішінде отбасын қолдау орталықтары мен психологиялық қолдау орталықтарын тарта отырып, отбасылар мен балаларға көмек ұйымдастыру және жеке профилактикалық шараларды қолдану:
отбасыға қолдау көрсету орталықтары мен психологиялық қолдау орталықтарының сүйемелдеуінде жүрген балаларға;
кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырыстарында қаралған;
балалар құқықтарын қорғау қызметін жүзеге асыратын ұйымдарда бұрын тұрған, олардың құқықтары бұзылған (оның ішінде қатыгез қарым-қатынас салдарынан) балаларға;
ерте анықтау және қолдау көрсету бойынша мобильді топтар арқылы анықталған, тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері тіркелген қиын өмірлік жағдайға тап болған тұлғаларға (отбасыларға);
ата-аналары немесе заңды өкілдері өздерінің баланы тәрбиелеу, оқыту және (немесе) қамтамасыз ету жөніндегі ата-аналық міндеттерін орындамайтын, сондай-ақ олардың тәрбиесіне теріс әсер ететін жеткіншектерге;
8) осы тармақтың 7) тармақшасында көрсетілген балалардың жағдайын тұрақты түрде барып көру және бағалау, кемінде алты айда бір рет;
9) кәмелетке толмағандар балалар орналасқан мемлекеттік органдарға және білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт жүйесі ұйымдарына кедергісіз бару;
10) балалар құқықтарын қамтамасыз ету, олардың құқықтарының бұзылуының алдын алу мен ерте анықтау мәселелері, сондай-ақ балалар құқықтарын қорғау бойынша қабылданған шаралар туралы мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардан ақпарат сұрау;
11) өз құзыреті шегінде мобильді топтардың жұмысына қатысу;
12) балалар құқықтарын қорғау, сондай-ақ қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларға көмек көрсету мәселелері бойынша түрлі мемлекеттік, қоғамдық және халықаралық ұйымдардың қызметін үйлестіру және ведомствоаралық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
13) балалар құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
14) балалар құқықтарын қорғау саласында жергілікті атқарушы органдарға әдістемелік басшылықты жүзеге асыру, сондай-ақ осы салада мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыратын үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық, консультациялық, әдістемелік қолдау көрсету;
15) облыс, аудан/қала кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияларының отырыстарына қатысу;
16) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінде (арыздарда, шағымдарда), сұрау салуларында, ұсыныстарында, пікірлері мен хабарламаларында көтерілген жүйелі мәселелерді талдау, мониторинг жүргізу және анықтау.
17) Психологиялық қолдау орталығының қызметін үйлестіру;
18) Психологиялық қолдау орталығының қызметін әдістемелік сүйемелдеу, психологиялық көмек көрсетудің біртекті тәсілдерін әзірлеу және енгізу;
19) Психологиялық қолдау орталығы қызметінің тиімділігіне мониторинг жүргізу және талдау;
20) Психологиялық қолдау орталығының білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау ұйымдарымен және құқық қорғау органдарымен ведомствоаралық өзара іс-қимылын үйлестіру;
21) қиын өмірлік жағдайға тап болған және зорлық-зомбылыққа ұшыраған балаларға психологиялық көмек көрсету шараларын үйлестіру;
22) Психологиялық қолдау орталығы қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
23) суицидтік көңіл-күй, буллинг немесе зорлық-зомбылық нәтижелері бойынша анықталған, сондай-ақ өз бетінше көмек сұрап жүгінген барлық балаларды мектептердің психологиялық қызметтерімен сүйемелдеуді бақылау;
24) өз құзыреті шегінде уәкілетті органдар мен ұйымдарды тарту арқылы көмек ұйымдастыру және жеке профилактикалық шараларды қолдану, оның ішінде отбасын қолдау орталықтары мен психологиялық қолдау орталықтарын тарта отырып, отбасылар мен балалар үшін:
орта білім беру ұйымдары мен техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың, оның ішінде кәмелетке толмағандарға арналған ұйымдардың педагог-психологтары мен әлеуметтік педагогтарының бақылауындағы тәуекел тобындағы балалар.
25) қылмыстық процесс барысында құқықтық қолдаумен қамтамасыз ету;
26) балаларды – зорлық-зомбылық құрбандары мен куәгерлерін – қылмыстық іс жүргізудің барлық кезеңінде құқықтарын қорғауға қолдау көрсету;
27) балалар құқықтарының қылмыстық салада бұзылу фактілерін ерте кезеңде анықтау және оларға жедел әрекет ету жүйесін ұйымдастыру;
28) балалар құқықтарының қылмыстық процесс барысында бұзылу жағдайларын тіркеу және талдау жүргізу арқылы алдын алу шараларын әзірлеу;
29) жеке тұлғаларға қарсы жасалған, кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша қылмыстық процесс шеңберінде балаға көмек көрсету және қолдау көрсету үшін жеке жоспар құру;
30) кәмелетке толмағандарға, зорлық-зомбылыққа, қатыгездікке, қорлауға (буллингке) ұшыраған, сондай-ақ зорлық-зомбылық куәгері болған балаларға көмек көрсету қызметін үйлестіру;
31) зорлық-зомбылыққа, қатыгездікке, қорлауға (буллингке) ұшыраған, сондай-ақ девиантты мінез-құлықтары бар балаларға арналған арнайы мектептер мен түзету мекемелерінен оралған кәмелетке толмағандарға жеке қолдау көрсету;
32) зорлық-зомбылыққа ұшыраған кәмелетке толмағандардың арнайы әлеуметтік қызметтерге қажеттілігін арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес талдау жүргізу және ұсыныстарды білім беру саласындағы уәкілетті органға жолдау;
33) балаларға қатысты зорлық-зомбылық пен буллингке қарсы ұлттық ақпараттық науқан жүргізу;
34) қорғаншылық немесе қамқоршылық функцияларын жүзеге асыру;
35) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алу, қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа алу, патронатқа беру, қабылдау отбасына, кәсіби қабылдау отбасына орналастыру;
3б) алалар жағдайын бағалау және қажетті көмек көрсету мақсатында қорғаншылық (қамқоршылық), патронатық тәрбиедегі, қабылдау отбасына, кәсіби қабылдау отбасыларына орналасқан балаларды кемінде алты айда бір рет тұрақты түрде аралау және олардың жағдайын мониторингтеу;
37) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың қызметін үйлестіру;
38) жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар және балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдағысы келетін тұлғалар туралы республикалық деректер қорын қалыптастыру;
39) отбасы және балалар саласында мемлекеттік қызметтер көрсету;
40) балалар жағдайын бағалау және қажетті көмек көрсету мақсатында қамқорлық (қамқоршылық), патронат, қабылдаушы және кәсіби қабылдаушы отбасыларда тұрған балаларға тұрақты түрде бару арқылы олардың ахуалын бақылау және бағалау, кемінде әр алты айда бір рет жүргізіледі.
41) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3. Басқарма басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
15. Басқарманы басқаруды басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
16. Басқарманың басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
17. Басқарма басшысының өкілеттіктері:
1) Басқарманың жұмысына басшылық жасайды және оған жүктелген міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді;
2) мемлекеттік органдар, сот пен басқа да ұйымдарда Басқарманың мүддесін білдіреді;
3) Басқарма қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарманың қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
5) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
6) заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жазалар қолданады;
7) Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған тиісті шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануы үшін дербес жауапты болады;
8) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарып, өзінің құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;
9) Заңнамаға сәйкес Басқарма мемлекеттік басқару органы болып табылатын мемлекеттік мекемелер басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Басқарма басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4. Басқарманың мүлкі
18. Басқарма заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Басқарма мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
19. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
20. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
21. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.