"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27, 37-баптарына және "Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 тіркелген) бекітілген Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер тарифтерін қалыптастыру ережесінің 4-тармағына сәйкес Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Атырау облысы бойынша 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтері бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Облыс әкімі | С. Шәпкенов |
| Атырау облысы әкімдігінің 2026 жылғы "28" қаңтардағы № 13 қаулысына қосымша |
|
| Атырау облысы әкімдігінің 2026 жылғы "28" қаңтардағы № 13 қаулысымен бекітілген |
Атырау облысы бойынша 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтер
№ | Атауы | Қызметалушыға көрсетілетін 1 қызметтің ай сайынғы тарифі (теңге) |
1. | Он сегіз жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар мүгедек адамдарға стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету (ауылда) | 318198 |
2. | Он сегіз жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар мүгедек адамдарға стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету (қалада) | 372 050 |
3. | Тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балаларға жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету | 452 734 |
4. | Психоневрологиялық патологиясы бар мүгедектігі бар балаларға жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету | 186 339 |
5. | Психоневрологиялық патологиясы бар мүгедектігі бар балаларға стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету | 528 670 |
6. | Қартаюына байланысты өз-өзіне қызмет көрсете алмайтын, сондай-ақ бірінші және екінші топ мүгедектігі бар адамдарға стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету | 251 560 |
7. | Бірінші және екінші топ мүгедектігі бар адамдарға жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету | 476 911 |