"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6, 27-баптары және Республикалық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 7 қарашадағы, 2026 жылғы 30 сәуірдегі қорытындыларына сәйкес, Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Атырау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Атырау қаласының құрамдас бөліктеріне келесідей атаулар берілсін:
1) Самал шағын ауданындағы № 22 көше – Басар Иманалиев көшесі;
2) Самал шағын ауданындағы № 16 өткел – Бақтығали Жолдасов өткелі;
3) Самал шағын ауданындағы № 26 өткел – Әбілқайыр Кенжебаев өткелі;
4) Самал шағын ауданындағы № 31 көше – Дүйсенбай Нысанғалиұлы көшесі;
5) Самал шағын ауданындағы № 23 көше – Мұса Иманалиев көшесі;
6) Самал шағын ауданындағы № 8 өткел – Сейдеш Қабесов өткелі;
7) Нұрсая-3 шағын ауданындағы № 14 көше – Даулетияр Қадыржанов көшесі;
8) Нұрсая-3 шағын ауданындағы № 5 көше – Рахымғали Күлшиев көшесі;
9) Нұрсая-3 шағын ауданындағы № 7 көше – Рақымғали Шахметов көшесі;
10) Нұрсая-3 шағын ауданындағы № 4 көше – Зинолла Хамзаев көшесі;
11) Нұрсая-3 шағын ауданындағы № 8 көше – Камел Лұқманов көшесі;
12) Геолог шағын ауданындағы № 1 өткел – Әділгерей Қайнарбаев өткелі;
13) Мұнайшы шағын ауданындағы № 5 көше – Сұлтан Қонашев көшесі;
14) Бірлік шағын ауданындағы № 24 көше – Сиғуат Ізбасаров көшесі;
15) Ардагер шағын ауданындағы №2 көше – Қауысбай Шортабаев көшесі;
16) Өркен шағын ауданындағы №27 көше – Мұхит Жұмағалиев көшесі;
17) Самал шағын ауданындағы № 1 өткел – Хайролла Қожахметов өткелі;
18) Самал шағын ауданындағы № 2 өткел – Орынғали Қарасаев өткелі;
19) Самал шағын ауданындағы № 4 өткел – Мұқанәлі Қарашин өткелі;
20) Самал шағын ауданындағы № 5 өткел – Жұмағали Даулетияров өткелі;
21) Самал шағын ауданындағы № 12 өткел – Мақсұт Аязбаев өткелі;
22) Нұрсая шағын ауданындағы № 5 көше – Тілеумұқан Ермұханов көшесі;
23) Нұрсая-3 шағын ауданындағы № 10 көше – Шаңқұл Қаженов көшесі;
24) Лесхоз-2 шағын ауданындағы № 19 көше – Совет Есімов көшесі.
2. Атырау қаласының келесідей құрамдас бөліктері қайта аталсын:
1) Қайталанып тұрған Доссор көшесі аумағында орналасқан Дендер көшесін – Бәйтерек көшесі;
2) Қайталанып тұрған Химпоселок шағын ауданындағы Алатау көшесін – Сәйгүлік көшесі;
3) Қайталанып тұрған Cарыарқа шағын ауданындағы Әліби Жангелдин көшесін – Асқар Сүлейменов көшесі;
4) Қайталанып тұрған М. Баймұханов көшесінен А.Грибоедов көшесі аумағында орналасқан Құныскерей батыр өткелін – Жетісу өткелі;
5) Қайталанып тұрған Азаттық даңғылы мен С. Мұқанов көшесі аумағында орналасқан Міржақып Дулатов өткелін – Сағыз өткелі;
6) Қайталанып тұрған Балықшы шағын ауданындағы Бауыржан Момышұлы көшесін – Серікқали Пангереев көшесі;
7) Спутник көшесін – Тобыл көшесі;
8) Лазо көшесін – Отан көшесі;
9) Памир көшесін – Есіл көшесі;
10) Геологоразведчиков көшесін – Мұхаммед Хайдар Дулати көшесі;
11) Буровиков көшесін – Жүсіпбек Елебеков көшесі;
12) Рабочая көшесін – Сағидолла Құбашев көшесі.
3. Осы бірлескен Атырау облысы әкімдігінің қаулысы және Атырау облыстық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына және Атырау облыстық мәслихатының заңдылықты сақтау, депутаттық этика және құқық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасына жүктелсін.
4. Осы бірлескен Атырау облысы әкімдігінің қаулысы және Атырау облыстық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Облыс әкімі | С. Шәпкенов |
| Мәслихат төрағасы | М. Хайруллиев |