Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 03 қарашадағы № 188 "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 20 шілдедегі № 134 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 65-бабы 3-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 8) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 03 қарашадағы № 188 "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы" қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

      "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ереженің 14-тармағы мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) аудан аумағында пайдалану (орнату, орналастыру) кезінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасына қойылатын ұлттық стандарттар талаптарының сақталуына тексерулер жүргізу, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау және Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 729-бабының 1-тармағына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау".

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге енгізілген толықтыру туралы әділет органдарын заңнамада белгіленген тәртіппен хабардар етуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі Р. Смағұлов

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Мағжан Жұмабаев ауданы
  әкімдігінің 2026 жылғы "20" шілдегі
  № 134 қаулысымен бекітілді

"Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ

      Булаев қаласы

      2026 жыл

1. Жалпы ережелер

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (әрі қарай- "Бөлім"), ішкі саясат саласында мемлекеттік саясатты және мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыруға уәкілетті Қазақстан Республикасының коммуналдық мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ведомстволық бағынысты мекемесі бар: "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің" Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Бөлім ұйымдық– құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылды, мемлекеттік тілді өз атауы жазылған мөрі, мөртаңбалары және белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Бөлімнің өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      6. "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолдыныстағы заңнамамаға сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: пошта индексі 150800, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Мағжан Жұмабаев ауданы, Булаев қаласы, Юбилейная көшесі, 56 үй.

      10. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергіліктік бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімдігі "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы және уәкілетті органы болып табылады.

      13. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2. Коммуналдық мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      14. Міндеттері:

      1) ауданда ішкі саяси тұрақтылықты, халық бірлігін және қоғамды шоғырландыруды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру;

      2) әлеуметтік-экономикалық, мәдени және қоғамдық-саяси саладағы мемлекеттік саясаттың басты бағыттарын іске асыру бойынша ауданның жергілікті атқарушы органдарының қызметін үйлестіру;

      3) Бөлім құзырына жататын сұрақтар бойынша қазақстан Республикасы Президенті және Үкіметінің, облыс әкімінің, аудан әкімінің актілері мен тапсырмаларын орындауды қамтамасыз ету;

      4) ауданда Қазақстанның 2050 даму стратегиясының негізгі басымдықтарын, Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларын, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды және басқа да стратегиялық құжаттарды түсіндіруді және насихаттауды қамтамасыз ету;

      5) азаматтық қоғам институттарымен, аудан жұртшылығы өкілдерімен өзара іс-қимыл.

      6) аудан аумағында пайдалану (орнату, орналастыру) кезінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасына қойылатын ұлттық стандарттар талаптарының сақталуына тексерулер жүргізу, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау және Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 729-бабының 1-тармағына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау.

      15. Өкілеттері:

      1) құқықтары:

      коммуналдық мемлекеттік органдардан, мекемелерден, ұйымдардан, лауазымды адамдардан белгіленген тәртіппен қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;

      аудан әкіміне ішкі саясат саласындағы жергілікті атқарушы органдардың қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;

      Бөлімнің саласына қатысты мәселелер бойынша тапсырмалар беруге, олардың орындалуын бақылауға, сондай-ақ облыстық және аудандық атқарушы органдар өткізетін іс-шараларға қатысуға;

      2) міндеттері:

      Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша лауазымды адамдар мен коммуналдық мемлекеттік органдарға консультациялық-әдістемелік, ақпараттық, ұйымдастырушылық-техникалық және өзге де көмек көрсетуге;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Мақсаттар мен өкілеттіктерді іске асыру мемлекеттік органдар үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреттер шегінде жүзеге асырылады;

      16. Функциялары:

      ауданның жергілікті атқарушы органдарының қызметін ақпараттық-идеологиялық сүйемелдеу - демографиялық саласында ішкі саясаттың негізгі бағыттары бойынша мәселелерді, оның ішінде білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру және халықты қорғау, жұмыспен қамту, этносаралық және конфессияаралық келісім, патриоттық тәрбие және жастар саясаты саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, мемлекеттік рәміздерді тілдік, ақпараттық, мәдени, гендерлік және отбасылық сипатта насихаттау;

      ішкі саяси тұрақтылықты, халық бірлігін және қоғамды шоғырландыруды қамтамасыз етуге бағытталған практикалық және өзге де шаралар кешенін іске асыру;

      ауданда ірі қоғамдық маңызы бар іс-шараларды ақпараттық сүйемелдеу;

      жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және басқа да салалардағы қызметі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын ұйымдастыру, осы бағыттағы жұмысты жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

      ауданның білім беру мекемелерімен патриоттық тәрбие мәселелері бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылды жүзеге асыру, өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру;

      ауданда республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар ақпараттық топтардың қызметін Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын және басқа да стратегиялық құжаттарды түсіндіру жөнінде ұйымдастыру;

      саяси партиялармен, үкіметтік емес ұйымдармен, этномәдени және діни бірлестіктермен, құқық қорғаушы және басқа да қоғамдық ұйымдармен, кәсіптік одақтармен, БАҚ-пен, ғылыми және шығармашылық қоғамдастықпен, қоғамдық пікір көшбасшыларымен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

      Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудан әкімдігі жанындағы консультативтік-кеңесші органдар мен жұмыс топтарының қызметін қамтамасыз ету;

      аудандағы қоғамдық-саяси ахуалды талдау, оның ішінде саяси партиялардың, өзге де қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдардың қызметіне мониторинг ұйымдастыру, әлеуметтік зерттеулер жүргізу;

      ауданда мемлекеттік ақпараттық саясатты тиімді іске асыруды, оның ішінде мемлекеттік тапсырысты орындауды қамтамасыз ету, заңнаманы сақтау тұрғысынан БАҚ қызметіне мониторинг жүргізу, шетелдік БАҚ-ты есепке алу;

      Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жоғары тұрған коммуналдық мемлекеттік органдармен, мәслихаттармен, аудан әкімінің аппаратымен, облыс Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығымен өзара іс-қимыл жасау;

      кадр жұмысын жүргізу (Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексінің, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V Заңының, өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес);

      Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының және Үкіметі қаулыларының, жоғары тұрған өкілді және атқарушы органдардың, облыс, аудан әкімдерінің қаулыларының, шешімдері мен өкімдерінің орындалуын бақылау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру ("Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V Қазақстан Республикасы Заңының, өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес);

      ҚР Әкімшілік рәсімдік-процесстік кодексіне сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын тіркеу және қарау;

      жұмыстарды, тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша ашық конкурстарды ұйымдастыру және өткізу ("Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес);

      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

3. Коммуналдық мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      17. Бөлімді басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      18. Бөлімнің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      19. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттіктері:

      Бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және басқарады және Бөлімге жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуына дербес жауапты болады;

      өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, олардың орындалуын бақылауды ұйымдастырады;

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына және Қазақстан Республикасының еңбек кодексіне сәйкес қызметкерлерді қабылдайды және жұмыстан шығарады, оларға заңда белгіленген тәртіппен көтермелеу және тәртіптік жазалау шараларын қолданады;

      "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің" Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директорын қабылдайды және қызметтен босатады.

      Бөлімнің атынан сенімхатсыз іс-әрекеттерді жүзеге асырады, Бөлімнің атынан басқа қызметкерлерге Бөлімнің мүддесі үшін белгілі бір іс-әрекеттерді жасауға өкілеттіктер береді;

      сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде шаралар қабылданбағаны үшін дербес жауапты болатын бағыныштағы қызметкерлер арасында қабылдайды;

      Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді;

      ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етеді;

      аудан әкімі аппаратына Бөлімнің құрылымын бекітуге ұсынады, қаржыландыру жоспарын үнемдеу шегінде мемлекеттік қызметшілерге қосымша ақылар, материалдық көтермелеулер (сыйлықтар) белгілейді;

      Бөлімнің құзыреті шегінде қызметтік құжаттамаға қол қояды;

      Бөлімнің шығыстар сметасын бекітеді, бюджетте көзделген қаржы қаражатына билік етеді;

      жеке құрам бойынша бұйрықтар шығарады, Бөлім қызметшілерін іссапарға жібереді;

      мемлекеттік қызметшілер кадрларын оқытуды, даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;

      қолданыстағы заңнамаға сәйкес Бөлім қызметкерлерінің функционалдық міндеттері мен өкілеттіктерінің шеңберін айқындайды.

      Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Коммуналдық мемлекеттiк органның мүлкi

      20. Бөлім заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.

      Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      21. Бөлімге бекітілген мүлік ауданның коммуналдық меншігіне жатады.

      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Коммуналдық мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      23. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Бөлімнің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі

      "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің" Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

О внесении дополнения в постановление акимата района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области от 03 ноября 2025 года № 188 "О реорганизации коммунального государственного учреждения "Отдел внутренней политики, культуры и развития языков района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области"

Постановление акимата района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области от 20 июля 2026 года № 134

      В соответствии с пунктом 2 статьи 31 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 3 статьи 65 Закона Республики Казахстан "О правовых актах", подпунктом 8) статьи 18 Закона Республики Казахстан "О государственном имуществе", акимат района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области от 03 ноября 2025 года № 188 "О реорганизации коммунального государственного учреждения "Отдел внутренней политики, культуры и развития языков района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области" следующее дополнение:

      пункт 14 Положения о коммунальном государственном учреждении "Отдел внутренней политики акимата района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области" дополнить подпунктом 6) следующего содержания:

      "6) осуществлять проверки по соблюдению требования национальных стандартов, предъявляемых к Государственному Флагу Республики Казахстан и Государственному Гербу Республики Казахстан по использованию (установлению, размещению) на территории района, составление протоколов об административных правонарушениях и рассмотрение в соответствии с пунктом 1 статьи 729 Кодекса Республики Казахстан "Об административных правонарушениях" дел об административных правонарушениях".

      2. Коммунальному государственному учреждению "Отдел внутренней политики акимата района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области" обеспечить:

      1) в течение пяти рабочих дней со дня подписания настоящего постановления направление его копии в электронном виде на казахском и русском языках в республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области после его официального опубликования;

      3) уведомление органов юстиции о внесенном дополнении в Положение о коммунальном государственном учреждении "Отдел внутренней политики акимата района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области" в установленном законодательством порядке.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Аким района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области Р. Смагулов

  Утверждено
  постановлением акимата района
  Магжана Жумабаева
  Северо-Казахстанкой области
  от "20" июля 2026 года № 134

ПОЛОЖЕНИЕ коммунального государственного учреждения "Отдел внутренней политики акимата района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области"

      город Булаево

      2026 год

1. Общие положения

      1. Коммунальное государственное учреждение "Отдел внутренней политики акимата района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области" (далее - "Отдел") является коммунальным государственным органом Республики Казахстан, уполномоченным на осуществлении государственной политики и функций государственного управления в сфере внутренней политики.

      2. Отдел имеет подведомственное учреждение: коммунальное государственное учреждение "Молодежный ресурсный центр района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области" отдела внутренней политики акимата района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области".

      3. Отдел осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

      4. Отдел является юридическим лицом в организационно-правовой форме коммунального государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на казахском и русском языке, бланки установленного образца, счета в органах казначейства в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      5. Отдел имеет право выступать стороной в гражданско-правовых отношений от имени собственного имени.

      6. Отдел имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      7. Отдел по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказом руководителя Отдела и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.

      8. Структура и лимит штатной численности коммунального государственного учреждения "Отдел внутренней политики акимата района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области" утверждаются в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

      9. Местонахождение юридического лица: почтовый индекс 150800, Республика Казахстан, Северо-Казахстанская область, район Магжана Жумабаева, город Булаево, улица Юбилейная, 56.

      10. Настоящее положение является учредительным документом Отдела.

      11. Учредителем и уполномоченным органом коммунального учреждения "Отдел внутренней политики акимата района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области" является акимат района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области.

      12.Финансирование деятельности Отдела осуществляется из республиканского и местных бюджетов, в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      13. Отделу запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся полномочиями Отдела.

      Если Отделу законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то полученные доходы направляются в государственный бюджет, если иное не установлено законодательством Республики Казахстан.

2. Задачи и полномочия коммунального государственного органа

      14. Задачи:

      1) реализация государственной политики по обеспечению внутриполитической стабильности, единства народа и консолидации общества в районе;

      2) координация деятельности местных исполнительных органов района по реализации ключевых приоритетов государственной политики в социально-экономической, культурной и общественно-политической сферах;

      3) обеспечение выполнения актов и поручений Президента и Правительства Республики Казахстан; акима области, акима района по вопросам, относящимся к компетенции Отдела;

      4) обеспечение разъяснения и пропаганды в районе основных приоритетов Стратегии развития Казахстана 2050, ежегодных Посланий Президента народу Казахстана, государственных и отраслевых программ и других стратегических документов;

      5) взаимодействие с институтами гражданского общества, представителями общественности района.

      6) осуществлять проверки по соблюдению требования национальных стандартов, предъявляемых к Государственному Флагу Республики Казахстан и Государственному Гербу Республики Казахстан по использованию (установлению, размещению) на территории района, составление протоколов об административных правонарушениях и рассмотрение в соответствии с пунктом 1 статьи 729 Кодекса Республики Казахстан "Об административных правонарушениях" дел об административных правонарушениях.

      15. Полномочия:

      1) права:

      запрашивать и получать в установленном порядке от коммунальных государственных органов, учреждений, организаций, должностных лиц необходимую информацию;

      вносить акиму района предложения по совершенствованию деятельности местных исполнительных органов в сфере внутренней политики;

      издавать поручения по вопросам, относящихся к сфере Отдела, контролировать их исполнение, а также участвовать в мероприятиях, проводимых областными и районными исполнительными органами;

      2) обязанности:

      оказывать консультативно-методическую, информационную, организационно-техническую и иную помощь должностным лицам и коммунальным государственным органам по вопросам, входящим в компетенцию Отдела;

      осуществляет иные полномочия в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      Реализация задач и полномочий осуществляется в пределах компетенции, установленной для государственных органов законодательством Республики Казахстан.

      16. Функции:

      информационно-идеологическое сопровождение деятельности местных исполнительных органов района по ключевым направлениям внутренней политики, в том числе по вопросам реализации государственной политики в области образования, здравоохранения, социального обеспечения и защиты населения, занятости, межэтнического и межконфессионального согласия, патриотического воспитания и молодежной политики, пропаганды государственных символов, в языковой, информационной, культурной, гендерной и семейно-демографической сферах;

      реализация комплекса практических и иных мер, направленных на обеспечение внутриполитической стабильности, единства народа и консолидации общества;

      информационное сопровождение крупных общественно-значимых мероприятий в районе;

      организация информационно-разъяснительной работы о деятельности местных исполнительных органов в социально-экономической, общественно-политической и других сферах, выработка предложений по совершенствованию работы в данном направлении;

      осуществление межведомственного взаимодействия с учреждениями образования района по вопросам патриотического воспитания, формирование духовно-нравственных качеств у подрастающего поколения;

      организация в районе деятельности информационных групп республиканского, областного и районного значения по разъяснению ежегодного Послания Президента народу Казахстана и других стратегических документов;

      осуществление взаимодействие с политическими партиями, неправительственными организациями, этнокультурными и религиозными объединениями, правозащитными и другими общественными организациями, профессиональными союзами, СМИ, научным и творческим сообществом, лидерами общественного мнения;

      обеспечение деятельности консультативно-совещательных органов и рабочих групп, действующих при акимате района по вопросам, входящим компетенцию Отдела;

      анализ общественно-политической ситуации в районе, в том числе организация мониторинга деятельности политических партий, иных общественных объединений и организаций, проведение социологических исследований;

      обеспечение эффективной реализации государственной информационной политики в районе, в том числе выполнению государственного заказа, мониторинг деятельности СМИ на предмет соблюдения законодательства, учет иностранных СМИ;

      взаимодействие с вышестоящими коммунальными государственными органами, маслихатами, аппаратом акима района, секретариатом Ассамблеи народа Казахстана области по вопросам, входящим в компетенцию Отдела;

      проведение кадровой работы (в соответствии с требованиями Трудового кодекса Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года № 414-V, Закона Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года № 416-V "О государственной службе Республики Казахстан", иных нормативных правовых актов);

      организация работы по контролю за исполнением Законов Республики Казахстан, Указов Президента и Постановлений Правительства Республики Казахстан, постановлений, решений и распоряжений вышестоящих представительных и исполнительных органов, акимов области, района (в соответствии с требованиями Закона Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года № 416-V "О государственной службе Республики Казахстан", иных нормативных правовых актов);

      Регистрация и рассмотрение обращений, заявлений, жалоб физических и юридических лиц в соответствии с Административным процедурно-процессуальным Кодексом РК;

      организация и проведение открытых конкурсов по государственным закупкам работ, товаров и услуг; (в соответствии с Законом Республики Казахстан от 4 декабря 2015 года № 434-V "О государственных закупках");

      осуществление иных функций, предусмотренных законодательством Республики Казахстан.

3. Статус, полномочия первого руководителя коммунального государственного органа

      17. Руководство Отделом осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Отдел задач и осуществление им своих функций.

      18. Первый руководитель Отдела назначается на должность и освобождается от должности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      19. Полномочия первого руководителя Отдела:

      организует и руководит работой Отдела и несҰт персональную ответственность за выполнение возложенных на Отдел, функций и задач;

      издает в пределах своей компетенции приказы, организует контроль за их исполнением;

      принимает и увольняет сотрудников в соответствии с законодательством Республики Казахстан о государственной службе и трудовым кодексом Республики Казахстан, применяет к ним, в установленном законом порядке, меры поощрения и дисциплинарного взыскания;

      принимает и увольняет директора коммунального государственного учреждения "Молодежный ресурсный центр района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области отдела внутренней политики акимата района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области".

      осуществляет без доверенности действия от имени Отдела, наделяет от имени Отдела других сотрудников полномочиями на совершение определенных действий в интересах Отдела;

      принимает меры по противодействию коррупции среди подчиненных, за непринятие которых несет персональную ответственность;

      обеспечивает соблюдение требований законодательств Республики Казахстан;

      обеспечивает соблюдение законодательства о государственных гарантиях равных прав и равных возможностей мужчин и женщин;

      представляет на утверждение аппарату акима района структуру Отдела, устанавливает доплаты, материальное поощрение государственных служащих (премии) в пределах экономии плана финансирования;

      подписывает служебную документацию в пределах компетенции Отдела;

      утверждает смету расходов Отдела, распоряжается финансовыми средствами, предусмотренными бюджетом;

      издает приказы по личному составу, направляет служащих Отдела в командировки;

      обеспечивает учебу, подготовку, переподготовку и повышения квалификации кадров государственных служащих;

      определяет функциональные обязанности и круг полномочий сотрудников Отдела в соответствии с действующим законодательством.

      Исполнение полномочий первого руководителя Отдела в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.

4. Имущество коммунального государственного органа

      20. Отдел может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.

      Имущество Отдела формируется за счет имущества, переданного ему собственником, и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      21. Имущество, закрепленное за Отделом, относится к районной коммунальной собственности.

      22. Отдел не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и ликвидация коммунального государственного органа

      23. Реорганизация и упразднение Отдела осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      Перечень государственных учреждений, находящихся в ведении Отдела:

      коммунальное государственное учреждение "Молодежный ресурсный центр района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области" отдела внутренней политики акимата района Магжана Жумабаева Северо-Казахст