Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 16 сәуірдегі қорытындысы негізінде, Явленка ауылы халқының пікірін ескере отырып, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Явленка ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Явленка ауылдық округі Явленка ауылының келесі көшелері қайта аталсын:
40 лет Победы көшесі - Сабыржан Бектасов көшесіне;
К.Цеткин көшесі - Достық көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Ауылдық округінің әкімі | Н. Сисенбаев |