Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 69-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес және "КӨКШЕТАУ ЭНЕРГО" ЖШС-нің 2026 жылғы 4 ақпандағы өтініші негізінде, округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Нежин ауылдық округі, Нежинка ауылы аумағында орналасқан, электрмен жабдықтау нысандарына және тарайтын әуе желілеріне қызмет көрсету үшін жалпы ауданы 0,1900 га, жалпы ұзындығы 12,09 км жер учаскесіне "КӨКШЕТАУ ЭНЕРГО" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 49 жыл мерзімге шектеулі нысаналы пайдалану құқығы (жария сервитут) белгіленсін.
1) жалпы ауданы 0,0250 га жер учаскесіне, ЖТҚС 4-1 электрмен жабдықтау нысанына және ұзындығы 1,84 км ӘЖ -0,4кВ тарайтын әуе желісіне қызмет көрсету үшін;
2) жалпы ауданы 0,0410 га жер учаскесіне, ЖТҚС 4-2 электрмен жабдықтау нысанына және ұзындығы 2,61 км ӘЖ -0,4кВ тарайтын әуе желісіне қызмет көрсету үшін;
3) жалпы ауданы 0,0380 га жер учаскесіне, ЖТҚС 4-3 электрмен жабдықтау нысанына және ұзындығы 2,31 км ӘЖ -0,4кВ тарайтын әуе желісіне қызмет көрсету үшін;
4) жалпы ауданы 0,0570 га жер учаскесіне, ЖТҚС 4-4 электрмен жабдықтау нысанына және ұзындығы 3,6 км ӘЖ -0,4кВ тарайтын әуе желісіне қызмет көрсету үшін;
5) жалпы ауданы 0,0290 га жер учаскесіне, ЖТҚС 4-6 электрмен жабдықтау нысанына және ұзындығы 1,73 км ӘЖ -0,4кВ тарайтын әуе желісіне қызмет көрсету үшін.
2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Ауылдық округ әкімі | О. Оспанова |