Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы №332 қаулысына (Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 3 ақпанда № 4040 болып тіркелді) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакция жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | Ж. Құсайын |
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесі
Р/с № | Автомобиль жолдарының индексі | Автомобиль жолдарының атауы | Жалпы ұзындығы, шақырым |
1 | КТАК-43 | Смирново-Қиялы-Черкасское-Новороссийское а/ж | 28 |
2 | КТАК-52 | Тоқшын ауылына кіру жолы | 1 |
3 | КТАК-54 | Власовка ауылына кіру жолы | 0,5 |
4 | КТАК-55 | Рублевка ауылына кіру жолы | 0,6 |
5 | КТАК-56 | Аралағаш ауылына кіру жолы | 0,9 |
6 | КТАК-57 | Ленинское ауылына кіру жолы | 3 |
7 | КТАК-58 | Көктерек ауылына кіру жолы | 1 |
8 | КТАК-59 | Кучковка ауылына кіру жолы | 6 |
9 | КТАК-60 | Амангелді разъездіне кіру жолы | 7 |
10 | КТАК-63 | Борки ауылына кіру жолы | 10 |
11 | КТАК-64 | Южное ауылына кіру жолы | 12 |
12 | КТАК-65 | Степное ауылына кіру жолы | 6 |
13 | КТАК-66 | Тюменка ауылына кіру жолы | 10 |
14 | КТАК-67 | Дайындық ауылына кіру жолы | 9 |
15 | КТАК-71 | Безлесное ауылына кіру жолы | 0,7 |
Жалпы аудан бойынша | 95,7 |