"Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және Петропавл қаласының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2023 жылғы 24 қарашадағы № 2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2026 жылғы 22 шілдедегі № 1/38 шешімі

      Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және Петропавл қаласының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7637-15 болып тіркелген) 2023 жылғы 24 қарашадағы № 2 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілін:

      Аталған шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және Петропавл қаласының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:

      6-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "6. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесі, әлеуметтік көмектің шекті мөлшері, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмекке жүгіну мерзімдері осы Қағидалармен белгіленеді.

      Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар негіз болады:

      1) дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;

      2) өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;

      3) әлеуметтік маңызы бар аурудың болуы;

      4) республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленетін, жергілікті өкілді органдар ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілеген шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы;

      Дүлей апат немесе өрттің салдарынан мүлкіне залал келтірілген кезде әлеуметтік көмек меншік иесінің тіркелген жеріне қарамастан, зардап шеккен мүліктің орналасқан жері бойынша көрсетіледі.

      Әлеуметтік көмек көрсету және (немесе) адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу үшін жоғарыда көрсетілген негіздер бойынша көмек түрлерінің тізбесі осы Қағидалармен бекітіледі.

      Арнайы комиссия әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде Петропавл қалалық мәслихаты бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу негіздерінің тізбесін басшылыққа алады." ;

      7-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "7. Осы Қағидалар 6-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша әлеуметтік көмек көрсетілген оқиғалар орын алған күннен бастап алты айдан кешіктірілмей көрсетіледі.";

      10-тармақ мынадай редакцияда мазмұндалсын:

      "10. Тұрмыстық қажеттіліктерге арналған көмек толық мемлекеттік қамтамасыз етудегі адамдарды және бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдарды қоспағанда, мұқтаж азаматтардың мынадай санаттарына жан басына шаққандағы орташа табысы ескере отырып көрсетіледі:

      1) әлеуметтік маңызы бар аурулары бар азаматқа (жылына бір рет) 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.;

      2) республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленетін ең төменгі күнкөріс деңгейінің бір еселенген мөлшерінің шегінен аспайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы болғанда біржолғы 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде."

      11-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "11. Әлеуметтік көмек толық мемлекеттік қамтамасыз етудегі адамдарды қоспағанда, жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмай мұқтаж азаматтардың мынадай санаттарына көрсетіледі:

      1) өрт салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға), тұрғын үй (тұрғын үй құрылысы) меншік иелерінің біріне, біржолғы 200 (екі жүз) айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, біржолғы;)

      2) дүлей апат салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға), тұрғын үй (тұрғын үй құрылысы) меншік иелерінің біріне, біржолғы 100 (жүз) айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, біржолғы;

      3) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттер аумағындағы бо қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған, Семей ядролық полигоны аймағында зардап шеккен адамдарға,басқа адамдарға, жұмысшылар мен қызметшілерді қоспағанда, Заңның 8-бабында көрсетілген, 1979 жылғы 1 желтоқсан мен 1989 жылғы желтоқсан аралығында Ауғанстанға және басқа да елдерде жауынгерлік әрекеттерге қатысқан, сондай-ақ Ауғанстан аумағында уақытша болған және Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің құрамына кірмеген бұрынғы КСР Одағының Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитетінің жұмысшылары мен қызметшілеріне жолдама бойынша жол жүрудің нақты құнын өтеуге жіберілді емдеу-алдын алу мекемелерінің ауруханаға жатқызу орнына дейін және Қазақстан Республикасының аумағы бойынша темір жол (плацкарт немесе купе үлгісіндегі вагондар), жол жүру фактісі (жол жүру билеті, электрондық жол жүру билеті, билеттерге ақы төлеу туралы банктік шоттан үзінді көшірме) расталған және емдеуге жатқызу фактісін куәландыратын құжаттар (емдеу-профилактикалық мекемеден үзінді көшірме және басқалар) ұсынылған кезде көрсетілген көлік құралдарының бір түрінің жөнелту станциясынан автомобиль жолаушылар көлігімен (таксиден басқа) мерзімдік (жылына бір рет)) жоғарыда көрсетілген санаттардың мәртебесін растайтын құжат негізінде;

      4) Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға, 1979 жылғы 1 желтоқсан – 1989 жылғы желтоқсан аралығындағы кезеңде Ауғанстанға және ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да елдерге жұмысқа жiберiлген жұмысшылар мен қызметшiлерді, бұрынғы КСР Одағы Мемлекеттік қауiпсiздiк комитетiнiң Ауғанстан аумағында уақытша болған және кеңес әскерлерiнiң шектеулі контингентінің құрамына енбеген жұмысшылар мен қызметшiлерді қоспағанда, Заңның 8-бабында көрсетілген өзге де адамдарға жұмыс түрлері мен материалдарын (шарт, фискалдық чек) міндетті түрде көрсете отырып, тіс протездеуді жүргізуге лицензиясы бар ұйымнан алынған төлем шотын ұсынған жағдайда, жоғарыда көрсетілген санаттардың мәртебесін растайтын құжат негізінде бағалы металдар мен металл керамикадан, металл акрилден жасалған протездерден басқа, мерзімді (жылына бір рет) тіс протездеудің нақты құнын өтеуге, бірақ 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі сомадан аспайтын өлшемде.

      5) белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікпен амбулаториялық қамтамасыз ету үшін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар тізбесіне енгізілмеген емдеуші дәрігердің рецепті бойынша мамандандырылған емдік тамақтану тағайындалған мүгедек балаларға ай сайын берілген шот-фактураға сәйкес, бірақ 50 (елуден) аспайтын) айлық есептік көрсеткіштер;

      Осы тармақтың 3) – 5) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмек көрсету үшін адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу талап етілмейді";

      11.1-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "11.1 Емдеуге (сауықтыруға) әлеуметтік көмек толық мемлекеттік қамтамасыз етудегі адамдарды және бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдарды қоспағанда, мұқтаж азаматтардың келесі санаттарына кірістер есепке алынбай көрсетіледі:

      1) АИТВ-инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымы ұсынатын тізім негізінде тұрақты күтім жасау және қосымша күшейтілген тамақтану үшін адамның иммун тапшылығы вирусынан (АИТВ) туындаған ауруы бар балалардың ата-анасына немесе заңды өкіліне ай сайын ең төменгі күнкөріс деңгейінің 2 (екі) еселенген мөлшерінде;

      2) "Қазақстан Республикасының халқына онкологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № ҚР ДСМ-112 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25167 болып тіркелген) сәйкес II, II А немесе IV клиникалық топтағы қатерлі ісігі бар азаматқа мерзімді (жылына бір рет) 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      3) Петропавл қаласының мемлекеттік және жеке медициналық мекемелері ұсынатын тізімдер негізінде Солтүстік Қазақстан облысының облыстық фтизиопульмонология орталығында амбулаториялық емделуде болған кезеңде туберкулезбен ауыратын азаматқа қосымша тамақтануға - мерзімді (ай сайын) 6 (алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Осы тармақтың 1) – 3) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмек көрсету үшін адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу талап етілмейді.";

      11.2-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "Санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік көмек толық мемлекеттік қамтамасыз етудегі адамдарды және бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдарды қоспағанда, мұқтаж азаматтардың келесі санаттарына кірістер есепке алынбай ұсынылады:

      1) Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға әлеуметтік көмек Заңы 8-бабының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген адамдарды қоспағанда, 8-бапта аталған адамдарға Қазақстан Республикасының санаторийлерінде (профилакторияларында) санаторлық-курорттық емделуге, өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша емдеу-профилактикалық мекемесінің ұсынымдарына сәйкес санаторлық-курорттық картадан үзінді көшірме ұсыныла отырып (шарт, фискалдық чек, емдеуге жолдама) , санаторлық-курорттық емдеу құны мөлшерінде, бірақ жылына 1 (бір) рет 50 (елу) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде көрсетіледі.

      Санаторлық-курорттық емделуге жеке абилитация және оңалту бағдарламасы (ЖАОБ) әзірленген мүгедектігі бар ардагерлерге санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік көмек төленбейді.

      2) Қазақстан Республикасының шипажайларында (профилакторияларында) санаторлық-курорттық емделуге арналған Петропавл қаласының емдеу-профилактикалық мекемелерінің ұсынымдарына сәйкес санаторлық-курорттық емдеу түрінде әзірленген жеке абилитациялау және оңалту бағдарламасы болмаған жағдайда, бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектерге және жеті жасқа дейінгі, жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі, бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар балаларға санаторлық-курорттық емдеу құны 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мерзімді (жылына бір рет) көрсетіледі. Жеті жасқа дейінгі, жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға әлеуметтік көмектің осы түрін көрсету кезінде бірінші, екінші, үшінші топтарға мүгедектігі бар баланы санаторлық-курорттық емдеуге алып жүретін заңды өкілдердің біріне әлеуметтік көмек көрсетілетін соманың 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

      Осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмек көрсету үшін адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу талап етілмейді.";

      11.3-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "11.3. уәкілетті ұйым ұсынатын тізім бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлері, 1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ тікелей ядролық сынақтарға қатысқан Социалистік Еңбек ерлеріне, Еңбек Даңқы орденінің үш дәрежесінің иегерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға Мемлекеттік корпорация ұсынған тізімдер бойынша азаматтардан өтініштер талап етілмей, табыстарын есепке алмай, коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге және отын сатып алуға жоғарыда көрсетілген санаттардың мәртебесін растайтын құжат негізінде мерзімді (ай сайын) 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

      Осы тармақта көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмек көрсету үшін адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу талап етілмейді.";

      26-тармақтың үшінші абзацындағы "тенге" деген сөз "теңге" деген сөзбен ауыстырылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Петропавл қалалық мәслихатының төрағасы А. Бердағұлов

О внесении изменений в решение Петропавловского городского маслихата Северо-Казахстанской области от 24 ноября 2023 года № 2 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Петропавловска"

Решение Петропавловского городского маслихата Северо-Казахстанской области от 22 июля 2026 года № 1/38

      Петропавловский городской маслихат Северо-Казахстанской области РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Петропавловского городского маслихата Северо-Казахстанской области от 24 ноября 2023 года № 2 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Петропавловска" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 7637-15) следующие изменения:

      в Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Петропавловска, утвержденных указанным решением:

      пункт 6 изложить в следующей редакции:

      "6. Перечень категорий получателей, предельные размеры социальной помощи, сроки обращения за социальной помощью отдельным категориям нуждающихся граждан устанавливаются настоящими Правилами.

      Основаниями для отнесения граждан к категории нуждающихся являются:

      1) причинение ущерба гражданину (семье) либо его имуществу вследствие стихийного бедствия;

      2) причинение ущерба гражданину (семье) либо его имуществу вследствие пожара;

      3) наличие социально значимого заболевания;

      4) наличие среднедушевого дохода, не превышающего порога, установленного местным представительным органам, в кратном отношении к прожиточному минимуму, устанавливаемому на соответствующий финансовый год законом о республиканском бюджете.

      При причинении ущерба имуществу вследствие стихийного бедствия или пожара социальная помощь оказывается по месту нахождения пострадавшего имущества независимо от места регистрации его собственника.

      Перечень видов помощи по вышеуказанным основаниям для оказания социальной помощи и (или) проведения обследований материально-бытового положения лица (семьи) утверждается настоящими Правилами.

      Специальная комиссия при вынесении заключения о необходимости оказания социальной помощи руководствуется утвержденным маслихатом города Петропавловска перечнем оснований для отнесения граждан к категории нуждающихся." ;

      пункт 7 изложить в следующей редакции:

      "7. Социальная помощь по основаниям, предусмотренным подпунктами 1) и 2) пункта 6 настоящих Правил, оказывается не позднее шести месяцев со дня наступления указанных событий.";

      пункт 10 изложить в следующей редакции:

      "10. Социальная помощь на бытовые нужды оказывается с учетом среднедушевого дохода, следующим категориям нуждающихся граждан, за исключением лиц, находящихся на полном государственном обеспечении и лиц, находящихся в местах лишения свободы:

      1) гражданину, имеющему социально значимое заболевания (один раз в год) в размере 10 (десяти) месячных расчетных показателей;

      2) при наличии среднедушевого дохода, не превышающего порог однократного размера прожиточного минимума, устанавливаемого на соответствующий финансовый год законом о республиканском бюджете единовременно в размере 10 (десяти) месячных расчетных показателей."

      пункт 11 изложить в следующей редакции:

      "11. Социальная помощь оказывается без учета среднедушевого дохода следующим категориям нуждающихся граждан, за исключением лиц, находящихся на полном государственном обеспечении:

      1) гражданам (семьям), пострадавшим вследствие пожара, единовременно, в размере до 200 (двухсот) месячных расчетных показателей одному из собственников жилища (жилого строения), единовременно;)

      2) гражданам (семьям), пострадавшим вследствие стихийного бедствия, единовременно, в размере до 100 (ста) месячных расчетных показателей одному из собственников жилища (жилого строения), единовременно;

      3) ветеранам Великой Отечественной войны, ветеранам боевых действий на территории других государств, ветеранам, приравненных по льготам к ветеранам Великой Отечественной войны, лицам, награжденным орденами и медалями бывшего Союза Советских Социалистических Республик за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны, пострадавшим в зоне Семипалатинского ядерного полигона, другим лицам, указанным в статье 8 Закона, за исключением рабочих и служащих, направлявшихся на работу в Афганистан в период с 1 декабря 1979 года по декабрь 1989 года и другие страны, в которых велись боевые действия, а также рабочих и служащих Комитета государственной безопасности бывшего Союза ССР, временно находившихся на территории Афганистана и не входивших в состав ограниченного контингента советских войск, на возмещение фактической стоимости проезда по направлению лечебно-профилактических учреждений до места госпитализации и обратно по территории Республики Казахстан железнодорожным (вагоны типа плацкарт или купе), автомобильным пассажирским транспортом (кроме такси) от станции отправления одного из видов указанных транспортных средств, периодически (один раз в год) при подтверждении факта проезда (проездной билет, электронный проездной билет, выписка из банковского счета об оплате билетов) и предоставлении документов, удостоверяющих факт госпитализации (выписка из лечебно-профилактического учреждения и другие) на основании документа подтверждающего статус вышеуказанных категорий;

      4) ветеранам Великой Отечественной войны, ветеранам боевых действий на территории других государств, ветеранам, приравненным по льготам к ветеранам Великой Отечественной войны, лицам, награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны и другим лицам, указанным в статье 8 Закона, за исключением рабочих и служащих, направлявшихся на работу в Афганистан в период с 1 декабря 1979 года по декабрь 1989 года и другие страны, в которых велись боевые действия, а также рабочих и служащих Комитета государственной безопасности бывшего Союза ССР, временно находившихся на территории Афганистана и не входивших в состав ограниченного контингента советских войск, на возмещение фактической стоимости зубопротезирования, периодически (один раз в год), не превышающую сумму в размере 50 (пятьдесяти) месячных расчетных показателей, кроме драгоценных металлов и протезов из металлокерамики, металлоакрила, при предъявлении документов, подтверждающих оплату зубопротезирования с организации, имеющей лицензию на проведение зубопротезирования, с обязательным указанием видов работ и материалов (договор, фискальный чек).

      5) детям с инвалидностью, которым назначено специализированное лечебное питание по рецепту лечащего врача, не включенным в перечень лекарственных средств и медицинских изделий для бесплатного и (или) льготного амбулаторного обеспечения отдельных категорий граждан Республики Казахстан на имеющие определенные заболевания (состояния), ежемесячно согласно предоставленной счет-фактуре, но не более 50 (пятидесяти) месячных расчетных показателей;

      Для оказания социальной помощи по основаниям, указанным в подпунктах 3) – 5) настоящего пункта проведение обследований материально-бытового положения лица (семьи) не требуется";

      пункт 11.1 изложить в следующей редакции:

      "11.1 Социальная помощь на лечение (оздоровление) предоставляется без учета доходов следующим категориям нуждающихся граждан, за исключением лиц, находящихся на полном государственном обеспечении и лиц, находящихся в местах лишения свободы:

      1) родителям или иным законным представителям инфицированных детей с болезнью, вызванной вирусом иммунодефицита человека (ВИЧ) для постоянного ухода и дополнительного усиленного питания на основании списка, предоставляемого организацией здравоохранения, осуществляющей деятельность в сфере профилактики ВИЧ-инфекции, ежемесячно в размере 2 (два) кратного прожиточного минимума;

      2) гражданину со злокачественным новообразованием II, II A либо IV клинической группы, в соответствии с Приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 12 ноября 2021 года № ҚР ДСМ-112 "Об утверждении стандарта организации оказания онкологической помощи населению Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 25167) периодически (один раз в год) в размере 10 (десяти) месячных расчетных показателей;

      3) гражданину, больному туберкулезом, периодически (ежемесячно) в период нахождения на амбулаторном лечении в областном центре фтизиопульмонологии Северо-Казахстанской области на дополнительное питание – в размере 6 (шести) месячных расчетных показателей на основании списков, предоставляемых государственными и частными медицинскими учреждениями города Петропавловска;

      Для оказания социальной помощи по основаниям, указанным в подпунктах 1) – 3) настоящего пункта проведение обследований материально-бытового положения лица (семьи) не требуется.";

      пункт 11.2 изложить в следующей редакции:

      "Социальная помощь на санаторно-курортное лечение предоставляется без учета доходов следующим категориям нуждающихся граждан, за исключением лиц, находящихся на полном государственном обеспечении и лиц, находящихся в местах лишения свободы:

      1) социальная помощь ветеранам Великой Отечественной войны, ветеранам боевых действий на территории других государств, ветеранам, приравненным по льготам к ветеранам Великой Отечественной войны, лицам, награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны и другим лицам, указанным в статье 8 Закона, за исключением рабочих и служащих, направлявшихся на работу в Афганистан в период с 1 декабря 1979 года по декабрь 1989 года и другие страны, в которых велись боевые действия, а также рабочих и служащих Комитета государственной безопасности бывшего Союза ССР, временно находившихся на территории Афганистана и не входивших в состав ограниченного контингента советских войск, на возмещение фактической стоимости путевки на санаторно-курортное лечение, в пределах Республики Казахстан, согласно рекомендациям лечебно-профилактических учреждений города Петропавловска при предоставлении документов, подтверждающих оплату в размере стоимости санаторно-курортного лечения (договор, фискальный чек, направление на лечение) но не более 50 (пятидесяти) месячных расчетных показателей 1 (один) раз в год на основании документа, подтверждающего статус вышеуказанных категорий.

      Социальная помощь на санаторно-курортное лечение ветеранам с инвалидностью, которым разработана индивидуальная программа абилитации и реабилитации (ИПАР) на санаторно-курортное лечение, не выплачивается.

      2) лицам с инвалидностью первой, второй, третьей групп от общего заболевания и детям с инвалидностью до семи лет, с семи до восемнадцати лет, первой, второй, третьей групп, согласно рекомендациям лечебно-профилактических учреждений города Петропавловска на санаторно-курортное лечение в санаториях (профилакториях) Республики Казахстан, при условии отсутствия разработанной индивидуальной программы абилитации и реабилитации в виде санаторно-курортного лечения, при предоставлении санаторно-курортной карты в размере 50 (пятидесяти) месячных расчетных показателей периодически (один раз в год). При оказании данного вида социальной помощи детям с инвалидностью до семи лет, с семи до восемнадцати лет первой, второй, третьей групп дополнительно предоставляется одному из законных представителей, сопровождающему ребенка с инвалидностью на санаторно-курортное лечение, в размере 50 (пятидесяти) месячных расчетных показателей.

      Для оказания социальной помощи по основаниям, указанным в подпункте 1) настоящего пункта проведение обследований материально-бытового положения лица (семьи) не требуется.";

      пункт 11.3 изложить в следующей редакции:

      "11.3. Социальная помощь на оплату коммунальных услуг предоставляется без учета доходов следующим категориям нуждающихся граждан, за исключением лиц, находящихся на полном государственном обеспечении и лиц, находящихся в местах лишения свободы:

      1) лицам, имеющим статус ветеранов Великой Отечественной войны, ветеранов боевых действий на территории других государств, принимавших участие в ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции в 1986-1987 годах, других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения, а также участвовавшие непосредственно в ядерных испытаниях, лицам нагржаденным орденами и медалями бывшего Союза СССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны по списку, предоставляемому уполномоченной организацией, оказывается социальная помощь в размере 2 (два) месячных расчетных показателей без учета доходов, на оплату коммунальных услуг и приобретение топлива периодически (ежемесячно), без истребования заявлений от граждан, по спискам представленным Государственной корпорацией;

      Для оказания социальной помощи по основаниям, указанным в настоящем пункте проведение обследований материально-бытового положения лица (семьи) не требуется";

      в третьем абзаце пункта 26 слово "тенге" заменить на слово "теңге".

      2. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Председатель Петропавловского городского маслихата А. Бердагулов