"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Келесі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) "Карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 100 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 4 тамыздағы № 124 қаулысы;
2) "Карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 100 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 29 мамырдағы № 145 қаулысы.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тіліндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жолдауды;
2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Солтүстік Қазақстан облысының әкімі | Ғ. Нұрмұхамбетов |