"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 523 қаулысына сәйкес Успен аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Успен ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Успен аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Успен аудандық мәслихатының төрағасы | Ж. Бараисов |
| Успен аудандық мәслихатының 2026 жылғы 9 сәуірдегі № 223/50 шешіміне қосымша |
Успен ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Успен ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 523 қаулысына (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді және Успен ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты "бір терезе" қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2) арнайы комиссия – мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Успен ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
3) әлеуметтік көмек – жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі – ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар), сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне орай ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек;
4) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган – "Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
5) әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйым – екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының тиісті түрлеріне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдар, "Қазпошта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелері;
6) ең төмен күнкөріс деңгейі – шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға шаққандағы ең төмен ақшалай кіріс;
7) жан басына шаққандағы орташа кіріс – отбасының бір айдағы жиынтық кірісінің отбасының әрбір мүшесіне тура келетін үлесі;
8) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
9) мерекелік күндер (бұдан әрі – атаулы күндер) – Қазақстан Республикасының кәсіптік және өзге де мерекелері;
10) уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметін реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
11) учаскелік комиссия – атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасаған тұлғалардың (отбасылардың) материалдық жағдайын зерттеп-қарау үшін Успен ауданының ауылдық округтері әкімдерінің шешімімен құрылатын арнаулы комиссия;
12) шекті мөлшер – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері;
13) цифрлық құжаттар сервисі – "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторға бекітіп берілген және ақпараттандыру объектілерінен алынған мәліметтер негізінде қалыптастырылған электрондық түрдегі құжаттарды көрсетуге және пайдалануға арналған объектісі;
14) "электрондық үкімет" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де қызметтерге қол жеткізудің "ортақ терезесі" дегенді білдіретін ақпараттандыру объектісі;
15) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
3. Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 71-бабының 4-тармағында, 170-бабының 3-тармағында, 229-бабының 3-тармағында, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 11-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 12-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көрсетілген әлеуметтік қолдау шаралары осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.
4. Әлеуметтік көмек біржолғы және (немесе) мерзімді түрде (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет, жылына 1 рет) көрсетіледі.
5. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі:
1) Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні – 15 ақпан;
2) Радиациялық авариялар мен апаттардың салдарын жоюға және осы авариялар мен апаттардың құрбандарын еске алуға қатысушылар күні – 26 сәуір;
3) Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз;
4) Отан қорғаушы күні – 7 мамыр;
5) Жеңіс күні – 9 мамыр;
6) Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні – 31 мамыр;
7) Қазақстан Республикасының Конституциясы күні – 30 тамыз;
8) Қарттар күні – 1 қазан;
9) Қазақстан Республикасы күні – 25 қазан;
10) Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні – 16 желтоқсан.
6. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Павлодар облысының әкімдігі бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.
2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
7. Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган Успен ауданында тұрақты тіркелген және тұратын келесі санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетеді:
1) атаулы күндер мен мереке күндеріне орай біржолғы әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей Мемлекеттік корпорацияның тізімі негізінде көрсетіледі:
15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне:
оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлерге 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК) мөлшерінде;
бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын (бұдан әрі – КСР Одағы) қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілерге 50 (елу) АЕК мөлшерінде;
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне:
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы көп балалы аналарға (отбасыларға) 5 (бес) АЕК мөлшерінде;
26 сәуір – Радиациялық авариялар мен апаттардың салдарын жоюға және осы авариялар мен апаттардың құрбандарын еске алуға қатысушылар күніне:
1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға 50 (елу) АЕК мөлшерінде;
1988-1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға 50 (елу) АЕК мөлшерінде;
7 мамыр – Отан қорғаушы күніне:
1992 жылғы қыркүйектен бастап 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне 50 (елу) АЕК мөлшерінде;
бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасыларына 50 (елу) АЕК мөлшерінде;
9 мамыр – Жеңіс күніне:
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне:
сотпен немесе Қазақстан Республикасының "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Заңымен белгіленген тәртіппен саяси қуғын-сүргіндер құрбаны немесе саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен деп танылған азаматтарға 10 (он) АЕК мөлшерінде;
30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституция күніне:
он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде;
Қазақстан Республикасының колледждерінде ақылы негізде оқитын абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасының кәсіптік бөлігінен үзінді көшірмесі бар мүгедектігі бар адамдарға – әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органның тізімі негізінде 30 (отыз) АЕК мөлшерінде;
Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында ақылы негізде оқитын абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасының кәсіптік бөлігінен үзінді көшірмесі бар мүгедектігі бар адамдарға – әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органның тізімі негізінде 60 (алпыс) АЕК мөлшерінде;
1 қазан – Қарттар күніне:
зейнеткерлік жасқа толған, зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерінен төмен алатын азаматтарға 2 (екі) АЕК мөлшерінде;
зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең аз мөлшерінен төмен алатын 80 жастағы және одан (асқан) көп жасқа толған азаматтарға 3 (үш) АЕК мөлшерінде;
25 қазан – Қазақстан Республикасы күніне:
он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға 5 (бес) АЕК мөлшерінде;
бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға 5 (бес) АЕК мөлшерінде;
екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға 5 (бес) АЕК мөлшерінде;
2) емделуге (сауықтыруға) әлеуметтік көмек:
басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, 1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға, бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілерге, 1988-1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға – жеке басын куәландыратын құжатты немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты (жеке басты сәйкестендіру үшін) қоса бере отырып, өтініш негізінде емделуге (сауықтыруға) біржолғы 50 (елу) АЕК мөлшерінде;
3) гемодиализ аппаратын пайдаланатын 1 топтағы мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көмек:
он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға (гемодиализ емшарасын алатындар) – Павлодар облысы әкімдігінің Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының "Успен аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі – аудандық аурухана) тізімі негізінде ай сайын 10 (он) АЕК мөлшерінде;
4) мүгедектігі бар адамдарды еріп жүруге әлеуметтік көмек:
заңды өкілдің он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларды санаторлық-курорттық емделуге еріп жүруіне он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға – әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органның тізімі негізінде біржолғы 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде;
бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды санаторлық-курорттық емделуге еріп жүруіне бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органның тізімі негізінде біржолғы 55 (елу бес) АЕК мөлшерінде;
5) коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге әлеуметтік көмек:
басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, 1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға, бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілерге, 1988-1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға – жеке басын куәландыратын құжатты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты (жеке басты сәйкестендіру үшін) қоса бере отырып, өтініш негізінде тоқсан сайын (коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге) 10 (он) АЕК мөлшерінде;
6) дүлей апаттың салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуіне байланысты әлеуметтік көмек:
дүлей апаттың салдарынан азаматтарға (отбасыларға) не оның мүлкіне зиян келуіне байланысты – жеке басын куәландыратын құжатты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты (жеке басты сәйкестендіру үшін), дүлей апаттың салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келу фактісін растайтын құжатты (алты ай ішінде жарамды) қоса бере отырып, өтініш негізінде біржолғы 100 (жүз) АЕК мөлшерінде;
7) өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуіне байланысты әлеуметтік көмек:
өрт салдарынан азаматтарға (отбасыларға) не оның мүлкіне зиян келуіне байланысты – жеке басын куәландыратын құжатты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты (жеке басты сәйкестендіру үшін), өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне келтірілген залал фактісін растайтын құжатты (алты ай бойы жарамды) қоса бере отырып, өтініш негізінде біржолғы 100 (жүз) АЕК мөлшерінде;
8) әлеуметтік мәні бар аурудың болуына байланысты әлеуметтік көмек:
қатерлі ісіктері бар адамдарға – аудандық аурухананың тізімі негізінде біржолғы 10 (он) АЕК мөлшерінде;
адамның иммун тапшылығы вирусымен ауыратын адамдарға – аудандық аурухананың тізімі негізінде біржолғы 10 (он) АЕК мөлшерінде;
созылмалы вирусты гепатиттер және бауыр циррозы ауруымен ауыратын адамдарға – аудандық аурухананың тізімі негізінде біржолғы 5 (бес) АЕК мөлшерінде;
психикалық және мінез-құлықтық бұзылыстары (аурулары) ауруымен ауыратын адамдарға – аудандық аурухананың тізімі негізінде біржолғы 5 (бес) АЕК мөлшерінде;
жіті миокард инфарктімен (алғашқы 6 айда) ауыратын адамдарға –аудандық аурухананың тізімі негізінде біржолғы 5 (бес) АЕК мөлшерінде;
нерв жүйесінің дегенеративті ауруларымен ауыратын адамдарға – аудандық аурухананың тізімі негізінде біржолғы 5 (бес) АЕК мөлшерінде;
орталық нерв жүйесінің демиелиндену ауруларымен ауыратын адамдарға – аудандық аурухананың тізімі негізінде біржолғы 5 (бес) АЕК мөлшерінде;
орфандық аурулармен ауыратын адамдарға – аудандық аурухананың тізімі негізінде біржолғы 5 (бес) АЕК мөлшерінде;
ми тамырларының ауруларымен (инсульттер) (1 жыл ішінде) ауыратын адамдарға – аудандық аурухананың тізімі негізінде біржолғы 5 (бес) АЕК мөлшерінде;
эпилепсия ауруымен ауыратын адамдарға – аудандық аурухананың тізімі негізінде біржолғы 5 (бес) АЕК мөлшерінде;
туберкулез ауруымен ауыратын, амбулаториялық емделіп жатқан адамдарға – аудандық аурухананың тізімі негізінде ай сайын 10 (он) АЕК мөлшерінде;
адамның иммун тапшылығы вирусымен ауыратын балаларға – аудандық аурухананың тізімі негізінде тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің ай сайын екі еселенген мөлшерінде;
9) ақшалай түріндегі әлеуметтік көмек:
бұрын оқуға әлеуметтік көмек алған жоғары оқу орындарының студенттеріне оқуды аяқтағанға дейін білім беру қызметтерін көрсетуге арналған үшжақты шартқа сәйкес біржолғы сома мөлшерінде;
бұрын оқуға әлеуметтік көмек алған жоғары оқу орындарының студенттеріне оқуды аяқтағанға дейін оқу кезеңінде тұруға, тамақтануға және тұрғылықты жеріне жол жүруге ай сайын 8 (сегіз) АЕК мөлшерінде;
өздерінің ата-аналарын (жұбайын) асырап-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті еңбекке жарамды кәмелетке толған балалары жоқ немесе жақын туыстары объективті себептер бойынша (бірінші, екінші топтағы мүгедектігі бар, онкологиялық, психикалық ауруларының болуы, бас бостандығынан айыру орындарында отыруына немесе басқа елді мекенде тұруы) оларға үнемі көмек пен күтімді қамтамасыз ете алмайтын, қарттық жасына байланысты өзіне-өзі күтім көрсете алмайтын және денсаулық жағдайы бойынша үнемі көмекке мұқтаж мүгедектігі бар адамдарға – әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органның тізімі негізінде ай сайын 3 (үш) АЕК мөлшерінде;
18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға – әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органның тізімі негізінде біржолғы 3 (үш) АЕК мөлшерінде;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға – жеке басын куәландыратын құжатты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты (жеке басты сәйкестендіру үшін) және бас бостандығынан айыру орындарынан босату фактісін растайтын құжатты қоса бере отырып, өтініш негізінде біржолғы 10 (он) АЕК мөлшерінде;
пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға – жеке басын куәландыратын құжатты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты (жеке басты сәйкестендіру үшін) және пробация қызметінің есебінде болу фактісін растайтын құжатты қоса бере отырып, өтініш негізінде біржолғы 10 (он) АЕК мөлшерінде;
10) қатты отын сатып алуға әлеуметтік көмек:
қатты отын сатып алуға өтініш берген кезде белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа кірісі бар, пешпен жылытылатын жеке тұрғын үй қорында тұрғылықты жері бойынша кемінде екі жыл тұратын және тіркелген отбасыларға – біржолғы жеке басын куәландыратын құжатты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты (жеке басты сәйкестендіру үшін), адамның (отбасы мүшелерінің) кірісі туралы мәліметтердің негізінде 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде;
8. Дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі, өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі негіздері бойынша көрсетілетін әлеуметтік көмектің мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.
3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
9. Әлеуметтік көмек көрсетудің тәртібі Үлгілік қағидалардың 12-20-тармақтарына сәйкес айқындалған.
10. Әлеуметтік көмекті алушылардың тізімдері адамның өтініші, ұйымға сұрау салу не уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтер негізінде қалыптастырылады.
Мереке күндері мен атаулы күндерге әлеуметтік көмек күнтізбелік жылына бір рет тағайындалады. Бірнеше негіздер болған кезде мереке күндері мен атаулы күндерге әлеуметтік көмек бір негіз бойынша тағайындалады.
11. Жеке сәйкестендіру нөмірін, тегін, атын, әкесінің атын және банктік шотын көрсете отырып, әлеуметтік мәні бар ауру болған кезде әлеуметтік көмек алушылардың тізімдерін денсаулық сақтау ұйымдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен әлеуметтік мәні бар аурулар тізбесінде белгіленген Кодтардың халықаралық сыныптамасына сәйкес электрондық түрде береді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 маусымдағы № 429 қаулысымен бекітілген мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу Қағидаларына сәйкес әлеуметтік мәні бар ауру болған кезде әлеуметтік көмек алушылардың тізімдерін денсаулық сақтау ұйымдары электронды түрде ұсынады.
Бірнеше санатқа жататын адамға әлеуметтік мәні бар ауру болған кезде әлеуметтік көмек әрбір негіз бойынша төленеді.
12. Әлеуметтік көмектің бір түрі бойынша біржолғы әлеуметтік көмек, төлем мерзімділігі бірдей, Қазақстан Республикасы бойынша жылына бір рет ұсынылады.
Әлеуметтік көмекке жүгіну мерзімінің негіздері бойынша: дүлей апаттың салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі, өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі оқиға басталған күннен бастап алты айдан кешіктірілмейді.
Дүлей апат немесе өрт салдарынан мүлкіне залал келген болса, әлеуметтік көмек залал келген мүлік орналасқан жер бойынша меншік иесінің тіркелген жеріне қарамастан көрсетіледі.
13. Келесі:
1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
2) адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден өтініш беруші бас тартқан, жалтарған;
3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артық болған;
4) уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінен әлеуметтік көмек тағайындау, осы негіз бойынша төлемді жүзеге асыруға өтініш беру фактісін растайтын мәліметтер алынған жағдайларда әлеуметтік көмек көрсетуден бас тартылады.
14. Әлеуметтік көмек көрсетуге жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру Успен ауданының бюджетінде көзделген, ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган Мемлекеттік корпорацияға әлеуметтік көмек сомаларын аударады.
Мемлекеттік корпорация әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органнан алынған әлеуметтік көмек сомаларын әлеуметтік көмек алушылардың банктік шоттарына аударады.
15. Келесі:
1) алушы қайтыс болған;
2) алушы тұрақты тұру үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктен тыс кеткен;
3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберілген;
4) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
5) әлеуметтік көмек көрсетуге негіз болмай қалғаны туралы мәліметтер анықталған жағдайларда әлеуметтік көмек көрсету тоқтатылады.
Осы тармақтың 3) тармақшасы Үлгілік қағидалардың 8-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша тағайындалған әлеуметтік көмекті төлеуге қолданылмайды.
Осы тармақтың 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмек төлеу көрсетілген мән-жайлар басталғаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
Осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген мән-жайлар басталған күннен бастап тоқтатылады.
16. Әлеуметтік көмектің артық төленген сомалары ерікті түрде қайтарылады, заңсыз алынған сомалар ерікті түрде немесе сот тәртібімен қайтарылуға тиіс.
17. Әлеуметтік көмек көрсетуді мониторингтеу мен есепке алуды әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.
18. Әлеуметтік көмек көрсету туралы шешім қабылдаған кезде уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйелері арқылы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган әлеуметтік көмекті Мемлекеттік корпорация арқылы төлеу процесіне Үлгілік қағидалардың 28-32 тармақтарына сәйкес бастама жасайды.
19. Әлеуметтік көмек төлеуге байланысты банктік қызметтерге ақы төлеу Мемлекеттік корпорация мен әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган арасында жасалатын шарт негізінде жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен жүзеге асырылады.