Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2023 жылғы 30 маусымдағы "Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың үлгiлiк қағидаларын бекіту туралы" № 523 қаулысына сәйкес, Павлодар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Павлодар ауданы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекiтілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Павлодар аудандық мәслихатының төрағасы | Ж. Шұғаев |
| Павлодар аудандық мәслихатының 2026 жылғы 10 сәуірдегі № 45/366 шешімімен бекітілген |
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Павлодар ауданы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Павлодар ауданы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі - Үлгілік қағидалар) № 523 қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Павлодар ауданы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты "бір терезе" қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2) арнайы комиссия – мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Павлодар ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
3) әлеуметтік көмек – жергілікті атқарушы органы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар), сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне орай ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек;
4) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган – "Павлодар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
5) әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйым – екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының тиісті түрлеріне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдар, "Қазпошта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелері;
6) ең төмен күнкөріс деңгейі – шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға шаққандағы ең төмен ақшалай кіріс;
7) жан басына шаққандағы орташа кіріс – отбасының бір айдағы жиынтық кірісінің отбасының әрбір мүшесіне тура келетін үлесі;
8) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
9) мерекелік күндер (бұдан әрі – атаулы күндер) – Қазақстан Республикасының кәсіптік және өзге де мерекелері;
10) уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметін реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
11) учаскелік комиссия – атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасаған тұлғалардың (отбасылардың) материалдық жағдайын зерттеп-қарау үшін Павлодар ауданының ауыл және ауылдық округтер әкімдерінің шешімімен құрылатын арнаулы комиссия;
12) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері;
13) цифрлық құжаттар сервисі – "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторға бекітіп берілген және ақпараттандыру объектілерінен алынған мәліметтер негізінде қалыптастырылған электрондық түрдегі құжаттарды көрсетуге және пайдалануға арналған объектісі;
14) "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де қызметтерге қол жеткізудің "ортақ терезесі" дегенді білдіретін ақпараттандыру объектісі;
15) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
3. Әлеуметтік кодекстің 71-бабы 4-тармағында, 170-бабы 3-тармағында, 229-бабының 3-тармағында, Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" Заңының 10-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 11-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 12-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көрсетілген тұлғаларға әлеуметтік көмек осы Үлгілік Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.
4. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мезгіл-мезгіл (ай сайын, тоқсан сайын, жылына бір рет) көрсетіледі, өтініш берілген айдан бастап жүзеге асырылады.
5. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі:
1) 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін шығару күні;
2) 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні;
3) 26 сәуір – радиациялық апаттар мен апаттардың салдарын жоюға және осы апаттар мен апаттардың құрбандарын еске алуға қатысушылар күні;
4) 7 мамыр – Отан қорғаушы күні;
5) 9 мамыр – Жеңіс күні;
6) 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні;
7) 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституция күні;
8) 1 қазан – Қарттар күні;
9) 25 қазан – Қазақстан Республикасының күні;
10) 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні.
6. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін облыстың Павлодар облысы әкімдігі бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.
2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
7. Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган Павлодар ауданында тұрақты тіркелген және тұратын келесі санаттардағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетеді:
1) мемлекеттік корпорацияның тізімі негізінде мереке күндері және атаулы күндерге алушылардың өтініштері талап етілмей біржолғы әлеуметтік көмек:
15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне:
оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлеріне 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (бұдан әрі - АЕК);
Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне 50 (елу) АЕК мөлшерінде;
бұрынғы Кенесттік Социалистік Республикалар (бұдан әрі -КСР Одағы) Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне 50 (елу) АЕК мөлшерінде;
Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылары мен қызметшiлеріне 50 (елу) АЕК мөлшерінде;
бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілеріне 50 (елу) АЕК мөлшерінде;
Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына 50 (елу) АЕК мөлшерінде;
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне:
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы көп балалы аналарына (отбасыларына) 5 (бес) АЕК мөлшерінде;
26 сәуір – радиациялық апаттар мен апаттардың салдарын жоюға және осы апаттар мен апаттардың құрбандарын еске алуға қатысушылар күніне:
1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқандарына, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарына 50 (елу) АЕК мөлшерінде;
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарына және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына 50 (елу) АЕК мөлшерінде;
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасыларына 50 (елу) АЕК мөлшерінде;
Сәуле ауруының салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектігі бар адамдардың, сондай-ақ қайтыс болуы белгіленген тәртіппен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы обьектілердегі басқа да радиациалық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне байланысты болған азаматтардың отбасыларына 50 (елу) АЕК мөлшерінде;
1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарына 50 (елу) АЕК мөлшерінде;
7 мамыр – Отан қорғаушы күніне:
2003 жылғы тамыздың 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне 50 (елу) АЕК мөлшерінде;
1992 жылғы қыркүйектің 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне 50 (елу) АЕК мөлшерінде;
бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасыларына 50 (елу) АЕК мөлшерінде;
9 мамыр – Жеңіс күніне:
Ұлы Отан соғысына қатысушыларына, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын (бұдан әрі - КСР Одағы) қорғау бойынша басқа да ұрыс операциялары кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшiлеріне, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушiлерiне 5 000 000 (бес миллион) теңге мөлшерінде, сондай-ақ 10 (он) АЕК мөлшерінде азық-түлік жиынтыгы;
бұрынғы КСР Одағының үкiметтік органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдарына (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса алғанда) 50 (елу) АЕК мөлшерінде,
1986 жылдың 1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары 50 (елу) АЕК мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
1941 жылғы 22 маусымның 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған жұбайы (зайыбы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған жұбайына (зайыбына) 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;
31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне:
сотпен немесе Қазақстан Республикасының "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Заңымен белгіленген саяси қуғын-сүргіндер құрбаны немесе саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен деп танылған азаматтарға 10 (он) АЕК мөлшерінде;
"Қазақстанның Еңбек Ері", "Халық қаһарманы" атағына ие болған адамдарына 10 (он) АЕК мөлшерінде;
30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституция күніне:
он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларына 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде;
Қазақстан Республикасы колледждерінде ақылы негізінде оқитын жеке абилитация және реабилитация бағдарламасының кәсіптік бөлігінен үзінді көшірмесі бар мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органның тізімі негізінде 30 (отыз) АЕК мөлшерінде;
Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында ақылы негізде оқитын жеке абилитация және реабилитация бағдарламасының кәсіптік бөлігінен үзінді көшірмесі бар мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органның тізімі негізінде 60 (алпыс) АЕК мөлшерінде;
1 қазан - Қарттар күніне:
зейнеткерлік жасқа толған, зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерінен төмен алатын азаматтарына 2 (екі) АЕК мөлшерінде;
зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең аз мөлшерінен төмен алатын 80 жастағы және одан (асқан) көп жасқа толған азаматтарына 3 (үш) АЕК мөлшерінде;
25 қазан - Қазақстан Республикасының күніне:
он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларына 5 (бес) АЕК мөлшерінде;
бірінші топтағы мүгедектігі бар тұлғаларға 5 (бес) АЕК мөлшерінде;
екінші топтағы мүгедектігі бар тұлғаларға 5 (бес) АЕК мөлшерінде;
16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне:
Қазақстан Республикасының "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Заңымен белгіленген 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы Қазақстандағы оқиғаларға қатысқан азаматтарға 60 (алпыс) АЕК мөлшерінде;
2) емделуге (сауықтыруға) арналған әлеуметтік көмек:
басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, 1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқандарына, бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілеріне, Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарына және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына, 1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдрға (сауықтыруға) емделуге біржолғы 50 (елу) АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органның тізімі негізінде;
3) гемодиализ аппаратын пайдаланатын 1-топтағы мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көмек:
жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін) қоса бере отырып өтініш және медициналық мекеменің емдеу курсын алғаны туралы растау анықтамасын негізінде бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға (гемодиализ процедурасын алатындарға) ай сайын 10 (он) АЕК мөлшерінде;
4) мүгедектігі бар адамдарды ертіп жүретін арналған әлеуметтік көмек:
жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін) қоса бере отырып өтініш және санаторий-курорттық ем алуды растайтын құжаттар негізінде он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға, он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға санаториялық-курорттық емдеуге заңды өкілінің еріп жүруіне біржолғы 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде;
жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін) қоса бере отырып өтініш және санаторий-курорттық ем алуды растайтын құжаттар негізінде бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға санаторлық-курорттық емделуге заңды өкілінің еріп жүруіне біржолғы 55 (елу бес) АЕК мөлшерінде;
5) коммуналдық қызметтерді төлеуге арналған әлеуметтік көмек:
Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, 1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарынан жоюға қатысқандарына, бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілеріне, Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарына және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына, 1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға тоқсан сайын (коммуналдық қызметтерді төлеуге) 10 (он) АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органның тізімі негізінде;
6) дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) немесе оның мүлкіне келтірілген залалға байланысты әлеуметтік көмек:
азаматтарға (отбасыларға) дүлей апат салдарынан олардың өзіне немесе мүлкіне келтірілген залалға байланысты ең төменгі қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін, атап айтқанда тұрғын үй (үй, пәтер немесе уақытша (маусымдық) тұруға арналған құрылыс) беру (меншігінде бірден артық тұрғын үйі (пәтері, үйі) бар азаматтарды (отбасыларды) қоспағанда), 100 (жүз) АЕК мөлшерінде біржолғы негізде төлем өтініш негізінде тағайындалады, оған жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін), неке қию немесе некені бұзу туралы куәлік, отбасының барлық мүшелеріне (Қазақстан Республикасы бойынша) тұрғын үйдің бар-жоғы туралы анықтама, сондай-ақ азаматқа (отбасына) немесе оның мүлкіне табиғи апат салдарынан келтірілген залал фактісін растайтын құжат қоса беріледі (құжат алты ай ішінде жарамды);
7) өрт салдарынан азаматқа (отбасына) немесе оның мүлкіне келтірілген залалға байланысты әдеуметтік көмек:
азаматтарға (отбасыларға) өрт салдарынан олардың өзіне немесе мүлкіне келтірілген залалға байланысты ең төменгі қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін, атап айтқанда тұрғын үй (үй, пәтер немесе уақытша (маусымдық) тұруға арналған құрылыс) беру (меншігінде бірден артық тұрғын үйі (пәтері, үйі) бар азаматтарды (отбасыларды) қоспағанда), 100 (жүз) АЕК мөлшерінде біржолғы негізде төлем өтініш негізінде тағайындалады, оған жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін), неке қию немесе некені бұзу туралы куәлік, отбасының барлық мүшелеріне (Қазақстан Республикасы бойынша) тұрғын үйдің бар-жоғы туралы анықтама, сондай-ақ азаматқа (отбасына) немесе оның мүлкіне табиғи апат салдарынан келтірілген залал фактісін растайтын құжат қоса беріледі (құжат алты ай ішінде жарамды);
8) әлеуметтік маңызы бар аурудың болуына байланысты әлеуметтік көмек:
қатерлі ісіктері бар тұлғаларға жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін) қоса бере отырып өтініш негізінде және әлеуметтік маңызы бар аурудың болу фактісін растайтын құжатты біржолғы 10 (он) АЕК мөлшерінде;
адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған ауруынан зардап шегетін тұлғаларға жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін) қоса бере отырып өтініш негізінде және әлеуметтік маңызы бар аурудың болу фактісін растайтын құжатты біржолғы 10 (он) АЕК мөлшерінде;
созылмалы вирусты гепатиттер және бауыр циррозы ауруынан зардап шегетін тұлғаларға жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін) қоса бере отырып өтініш негізінде және әлеуметтік маңызы бар аурудың болу фактісін растайтын құжатты біржолғы 5 (бес) АЕК мөлшерінде;
психалық және мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) ауруынан зардап шегетін тұлғаларға жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін) қоса бере отырып өтініш негізінде және әлеуметтік маңызы бар аурудың болу фактісін растайтын құжатты біржолғы 5 (бес) АЕК мөлшерінде;
миокардтың жіті инфаргі (алғашқы 6 ай) ауруынан зардап шегетін тұлғаларға жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін) қоса бере отырып өтініш негізінде және әлеуметтік маңызы бар аурудың болу фактісін растайтын құжатты біржолғы 5 (бес) АЕК мөлшерінде;
нерв жүйесінің дегенерациялық аурулары ауруынан зардап шегетін тұлғаларға жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін) қоса бере отырып өтініш негізінде және әлеуметтік маңызы бар аурудың болу фактісін растайтын құжатты біржолғы 5 (бес) АЕК мөлшерінде;
орталық нерв жүйесінің демиелиндену аурулары ауруынан зардап шегетін тұлғаларға жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін) қоса бере отырып өтініш негізінде және әлеуметтік маңызы бар аурудың болу фактісін растайтын құжатты біржолғы 5 (бес) АЕК мөлшерінде;
орфандық аурулары ауруынан зардап шегетін тұлғаларға жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін) қоса бере отырып өтініш негізінде және әлеуметтік маңызы бар аурудың болу фактісін растайтын құжатты біржолғы 5 (бес) АЕК мөлшерінде;
ми тамырларының аурулар (инсульттер) (бір жыл ішінде) ауруынан зардап шегетін тұлғаларға жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін) қоса бере отырып өтініш негізінде және әлеуметтік маңызы бар аурудың болу фактісін растайтын құжатты біржолғы 5 (бес) АЕК мөлшерінде;
эпилепсия ауруынан зардап шегетін тұлғаларға жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін) қоса бере отырып өтініш негізінде және әлеуметтік маңызы бар аурудың болу фактісін растайтын құжатты біржолғы 5 (бес) АЕК мөлшерінде;
Павлодар облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Павлодар ауданының емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны ұсынатын тізім негізінде амбулаторлық емдеудегі туберкулез ауруынан зардап шегетін тұлғаларға ай сайын 10 (он) АЕК мөлшерінде;
жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін) қоса бере отырып өтініш негізінде және әлеуметтік маңызы бар аурудың болу фактісін растайтын құжатты тиісті ай сайын қаржы жылына арналған Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төменгі күнкөріс екі еселеген мөлшерінде адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған зардап шегетін балаларға;
9) ақшалай түрде әлеуметтік көмек:
бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға өзіне-өзі күтім көрсете алмайтын және денсаулығының жай-күйіне байланысты үнемі көмек көрсетуге мұқтаж, өздерінің ата-аналарын (жұбайын) асырап-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті еңбекке жарамды кәмелетке толған балалары (жұбайы) жоқ немесе объективті себептер бойынша оларды тұрақты көмекпен және күтіммен қамтамасыз ете алмайтын жақын туыстары бар мүгедектігі бар адамдарға (қарттық жасына, бірінші, екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарының, онкологиялық, психикалық ауруларының болуы, бас бостандығынан айыру орындарында отыруына немесе елден тыс жерге тұрақты тұруға кетуі немесе басқа елді мекенде тұруы) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органның тізімі негізінде ай сайын 3 (үш) АЕК мөлшерінде;
он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларына біржолғы 3 (үш) АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органның тізімі негізінде;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін) қоса бере отырып өтініш негізінде және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылу фактісін растайтын құжатты біржолғы 10 (он) АЕК мөлшерінде;
пробация қызметінің есебіндегі тұлғаларға жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін) қоса бере отырып, өтініш негізінде және пробация қызметінің есебінде болу фактісін растайтын құжатты біржолғы 10 (он) АЕК мөлшерінде;
10) тұрмыстық қажеттіліктерге арналған әлеуметтік көмек:
Ұлы Отан соғысына қатысушыларға нақты шығындар бойынша, біржолғы бірақ 500 (бес жүз) АЕК аспайтын сомада тұрғын үйді жөндеуге мөлшерінде осы үшін олар өтініш береді және фактіні растайтын құжат қосады;
11) қатты отын сатып алуға әлеуметтік көмек:
өтініш берген кезде белгіленген кедейлік шегінен аспайтын жан басына шаққандағы табысыорташа табысы бар пешпен жылытылатын жеке тұрғын үй қорында тұратын отбасыларға біржолғы 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органның тізімі негізінде беріледі.
8. Табиғи апат салдарынан азаматқа (отбасыға) немесе оның мүлігіне келтірілген зиян, өрт салдарынан азаматқа (отбасыға) немесе оның мүлігіне келтірілген зиян үшін көрсетілетін әлеуметтік көмектің мөлшерін арнайы комиссия анықтайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытындысында көрсетеді.
3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
9. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі Үлгілік қағидалардың 12-20 тармақтарына сәйкес аңықталады.
10. Әлеуметтік көмекті алушылардың тізімдері азаматтың өтініші, ұйымның сұранысы немесе уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерінен электрондық түрде қалыптастырылады.
Атаулы күндер мен мереке күндерге арналған әлеуметтік көмек күнтізбелік жыл ішінде бір рет тағайындалады. Егер бірнеше негіздер болса, атаулы күндер және мерекелік күндерге арналған әлеуметтік көмек бір негіз бойынша тағайындалады.
11. Әлеуметтік маңызы бар ауру болған кезде әлеуметтік көмек алушылардың тізімдерін жеке сәйкестендіру нөмірін, тегін, атын, әкесінің атын және банктік шотын көрсете отырып, денсаулық сақтау ұйымдары, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрінің бұйрығының әлеуметтік маңызы бар аурулар тізбесінде белгіленген аурулардың халықаралық сыныптамасының кодтарына сәйкес электрондық түрде ұсынады.
Әлеуметтік маңызы бар аурулары бар әлеуметтік көмек алушылардың тізімдері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 маусымдағы № 429 қаулысымен бекітілген қызметтік ақпаратқа жатқызылу және осы ақпаратпен жұмыс істеу қағидаларына сәйкес денсаулық сақтау ұйымдары тарапынан электрондық түрде ұсынылады.
Әлеуметтік маңызы бар ауруы бар, бірнеше санатқа жататын тұлғаға көрсетілетін әлеуметтік көмек әрбір негіз бойынша төленеді.
12. Бір реттік әлеуметтік көмек бір және бірдей көмек түрінен және бірдей төлеу мерзімділігінен Қазақстан Республикасы бойынша жылына бір рет беріледі.
Табиғи апат салдарынан азаматқа (отбасыға) немесе оның мүлігіне келтірілген зиян, өрт салдарынан азаматқа (отбасыға) немесе оның мүлігіне келтірілген зиян негізінде әлеуметтік көмек алу мерзімі оқиға болған күннен бастап алты ай ішінде жүзеге асырылады.
Дүлей апат немесе өрт салдарынан мүлкіне залал келген болса, әлеуметтік көмек залал келген мүлік орналасқан жер бойынша меншік иесінің тіркелген жеріне қарамастан көрсетіледі.
13. Мынадай:
1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
2) адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден өтініш беруші бас тартқан, жалтарған;
3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артық болған;
4) уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінен әлеуметтік көмек тағайындау, осы негіз бойынша төлемді жүзеге асыруға өтініш беру фактісін растайтын мәліметтер алынған жағдайларда әлеуметтік көмек көрсетуден бас тартылады.
14. Әлеуметтік көмек көрсетуге жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру Павлодар ауданының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган Мемлекеттік корпорацияға әлеуметтік көмек көрсету сомаларын аударады.
Мемлекеттік корпорация әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органнан алынған әлеуметтік көмек сомаларын әлеуметтік көмек алушылардың банктік шоттарына аударады.
15. Мынадай:
1) алушы қайтыс болған;
2) алушы Павлодар ауданы шегiнен тыс тұрақты тұруға кеткен;
3) алушы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарына тұруға жіберілген;
4) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
5) әлеуметтік көмек көрсетуге негіз болмай қалғаны туралы мәліметтер анықталған жағдайларда әлеуметтік көмек көрсету тоқтатылады.
Осы тармақтың 3) тармақшасы осы Үлгілік қағидалардың 8-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша тағайындалған әлеуметтік көмекті төлеуге қолданылмайды.
Осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмек төлеу көрсетілген мән-жайлар басталғаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
Осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген мән-жайлар басталған күннен бастап тоқтатылады.
16. Әлеуметтік көмектің артық төленген сомалары ерікті түрде қайтарылады, заңсыз алынған сомалар ерікті түрде немесе сот тәртібімен қайтарылуға тиіс.
17. Әлеуметтік көмек көрсетуді мониторингтеу мен есепке алуды әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.
18. Мемлекеттік корпорация арқылы әлеуметтік көмек төлеуді жүзеге асыру процесін Үлгілік қағидалардың 28-32-тармақтарына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйелері арқылы әлеуметтік көмек көрсету туралы шешім қабылдаған кезде әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган бастамашылық етеді.
19. Әлеуметтік көмек төлеуге байланысты банктік қызметтерге ақы төлеу мемлекеттік корпорация мен әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган арасында жасалатын шарт негізінде жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен жүзеге асырылады.