Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 142-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы "Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы" № 281 бұйрығына сәйкес Тереңкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифі бекітілсін.
2. "Тереңкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
| Аудан әкімі | А. Маңғұтов |
| Тереңкөл ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 26 ақпандағы № 39 қаулысына қосымша |
2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифі
р/с | Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымның атауы |
Қызмет |
Бір қызмет алушыға айына тариф |
Бір қызмет алушыға күніне тариф |
1 | "Тереңкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің үйде әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | үйде | 72925,53 | 3472,64 |