ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы шешімнің қолданысқа енгізілу тәртібін 2- тармақтан караңыз.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 4-6) тармақшасына сәйкес, Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Павлодар облысы бойынша жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшерлемелері белгіленсін.
2. Осы шешім 2026 жылғы 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Облыстық мәслихаттың төрағасы | И. Теренченко |
| Павлодар облыстық мәслихатының 2026 жылғы 24 ақпандағы № 249/28 шешіміне қосымша |
Павлодар облысы бойынша жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшерлемелері
№ р/н | Қалалар және елді мекендердің санаты | Жалға алу ақысының мөлшерлемелері 1 шаршы метрге айлық есептік көрсеткіштерінде (ай сайын) | ||
Тарих және мәдениет ескерткіштерінің түрлері | Қала құрылысы және сәулет ескерткіштері | Археология ескерткіштері, ансамбльдер мен кешендер, киелі объектілер | Монументтік өнер құрылыстары | |
1. | облыстық маңызы бар қалалар | 0,8 | 0,6 | 1,0 |
2. | кенттер | 0,4 | 0,4 | 0,6 |
3. | ауыл | 0,2 | 0,2 | 0,4 |