ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеудің үлгілік әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Републикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 27 мамырдағы № 38 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеудің үлгілік әдістемесінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі жалпы сипаттағы нысаналы және нысаналы емес трансферттердің сомасы ретінде айқындалады, мынадай формула бойынша есептеледі:
ЖСТi= ЖСТнi +ЖСТнеi, мұндағы:
ЖСТі – i-ші астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) немесе ауылдың, кенттің, ауылдық округтің жалпы сипаттағы трансферттері;
ЖСТнi – і-ші астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) немесе ауылдың, кенттің, ауылдық округтің жалпы сипаттағы нысаналы трансферттері;
ЖСТнеі – і-ші астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) немесе ауылдың, кенттің, ауылдық округтің жалпы сипаттағы нысаналы емес трансферттері";
13-тармақтың 2) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) ӘЭДБ-ның мұнайға қатысты емес секторының жалпы қосылған құн (бұдан әрі – ЖҚҚ) көлемінің негізінде республикалық бюджет пен астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттерді айқындау үшін мынадай формула бойынша:";
35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"35. Жалпы сипаттағы нысаналы трансферттердің көлемі мынадай формула бойынша есептеледі:
ЖСТнi= (АНТқi- АНТкері) +АНТжi, мұндағы:
АНТқі – і-ші астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) немесе ауылдың, кенттің, ауылдық округтің тиісті жоспарлы кезеңге арналған қолданыстағы ағымдағы нысаналы трансферттері;
АНТкері – төмен тұрған бюджеттердің жоғары тұрған бюджеттерге кері ағымдағы нысаналы трансферттері;
АНТжi – i-ші астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) немесе ауылдың, кенттің, ауылдық округтің тиісті бюджет комиссиясының оң шешімі бар, жергілікті бюджет шығыстарының жаңа бағыттарын қаржыландыруға бағытталған жаңа бастамаларға арналған ағымдағы нысаналы трансферттері.";
37 және 38-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"37. Жалпы сипаттағы нысаналы емес трансферттердің көлемі мынадай формула бойынша есептеледі:
ЖСТнеi = ККБі- (АШi+КШi+ДШБi), мұндағы:
ККБі – і-ші астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) немесе ауылдың, кенттің, ауылдық округтің кірістер көлемінің болжамы;
АШi – і-ші астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) немесе ауылдың, кенттің, ауылдық округтің ағымдағы шығындарының болжамды көлемі;
КШi – і-ші астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) немесе ауылдың, кенттің, ауылдық округтің күрделі шығындарының болжамды көлемі;
ДШБі – і-ші астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) немесе ауылдың, кенттің, ауылдық округтің дамуға арналған шығындарының болжамды көлемі.
38. Жергілікті бюджеттер шығындарының болжамды көлемі Бюджет кодексінің 31, 32, 33 және 34-баптарында белгіленген функционалдық белгісі бойынша шығыстардың бағыттары ескеріле отырып, ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша және бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың болжамды көлемдерінің сомасы ретінде есептеледі.
Жергілікті бюджеттер шығындарының болжамды көлемін есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:
ШБКi=(АШi-(НТi+Бөi+Ммжәi+Имi+Кр+КШi+ДШi)+КЗi+ЗБПРi, мұндағы:
ШБКі – і-ші астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) немесе ауылдың, кенттің, ауылдық округтің жергілікті бюджеттері шығындарының болжамды көлемі;
АШi – Қағидалардың 22, 24 және 26-қосымшаларына сәйкес жоспарлау кезінде ескерілмейтін шығыстарды есепке алмағанда, ағымдағы шығындардың болжамды көлемі;
НТi – жоғары тұрған бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер;
Үрi – Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резерві;
Бкi – бюджеттік кредиттер;
Пдi – жергілікті атқарушы органның борышын өтеуге және оған қызмет көрсетуге арналған шығындар;
Ммжәi – мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер;
Имi – имидждік және өкілдік шығыстар;
Грi – гранттар беруге арналған шығыстар;
Кзi – жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен зерттеулер жүргізуге және консалтингтік көрсетілетін қызметтерге арналған шығыстар;
Ғзi – ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға арналған шығыстар;
КШі – і-ші астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) немесе ауылдың, кенттің, ауылдық округтің күрделі шығындарының болжамды көлемі;
ДБШi – і-ші астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) немесе ауылдың, кенттің, ауылдық округтің дамуға арналған шығындарының болжамды көлемі.
Бюджет кодексінің 84-бабының 3-тармағына сәйкес жүргізілетін мониторинг нәтижелері ескеріле отырып, бюджеттік алып қою болжанатын және тиісті бюджет комиссиясының оң ұсынысы бар жергілікті бюджеттер шығындарының болжамды көлеміне қосымша коэффициент қолданылады.
СЗi=ШБКi*(1+Kd), мұндағы:
СЗi – і-ші астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) немесе ауылдың, кенттің, ауылдық округтің жергілікті бюджеттері шығындарының жиынтық көлемі;
ШБКi – і-ші астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) немесе ауылдың, кенттің, ауылдық округтің жергілікті бюджеттері шығындарының болжамды көлемі;
Кd – жергілікті бюджеттен жоғары тұрған бюджетке бюджеттік алып қоюды болжау кезінде қолданылатын қосымша коэффициент.";
39-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"39. Ағымдағы шығындардың болжамды көлемі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін қамтамасыз етумен байланысты, тұрақты сипаттағы, сондай-ақ мақсатқа қол жеткізуге, мемлекеттік басқарудың нақты стратегиялық мақсаттарын шешуге бағытталған шығындардан тұрады.";.
41 және 42-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"41. Жекелеген жергілікті бюджеттің жекелеген функционалдық кіші топ бойынша ағымдағы шығындарын есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:
ЕШji= Шкij+(ШКij * Кij* Көрij), мұндағы:
ЕШjі – i-ші астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) немесе ауылдың, кенттің, ауылдық округтің j-ші функционалдық кіші топ бойынша ағымдағы есептік шығындары;
ШКji – i-ші астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) немесе ауылдың, кенттің, ауылдық округтің j-ші функционалдық кіші топ бойынша ағымдағы шығындарының көлемі;
Кij –i-ші астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, аудандағы (облыстық маңызы бар қаладағы) немесе ауылдағы, кенттегі, ауылдық округтегі j-ші функционалдық кіші топ бойынша коэффициент;
Көрij –i-ші астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) немесе ауылдың, кенттің, ауылдық округтің j-ші функционалдық кіші топ бойынша көрсеткіштері.";
42. Жергілікті бюджеттердің ағымдағы шығындарының болжамды көлемі Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген индекстеу (жалақыны қоспағанда) ескеріле отырып есептеледі.
Жергілікті бюджеттердің ағымдағы шығындарының болжамды көлемін есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:
Шv = (Шi –АЖШi)*(1+И n) +АЖШi, мұндағы:
Шv – i-ші астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) немесе ауылдың, кенттің, ауылдық округтің ағымдағы шығындарының жалпы көлемі;
Шi – i-ші астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) немесе ауылдың, кенттің, ауылдық округтің ағымдағы шығындарының көлемі;
АЖШі – і-ші астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) немесе ауылдың, кенттің, ауылдық округтің жалақыға жұмсалатын ағымдағы шығындарының көлемі;
Иn – инфляцияның болжамды деңгейі, %";
43-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Ri – i-ші астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) немесе ауылдың, кенттің, ауылдық округтің халық саны өсімінің коэффициенті;";
46-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Астана, республикалық маңызы бар қалалар үшін есептеу:
БДШi= ДБn *Кn, мұндағы:
БДШi – i-ші астана, республикалық маңызы бар қалалар үшін бюджеттік даму бағдарламаларына арналған шығындар;
ДБn – n-бағыттағы даму бюджетінің бекітілген көлемі;
Кn – n-бағыттағы ӨСЖ ең жоғары көрсеткішінің коэффициенті, ол астананың, республикалық маңызы бар қаланың деңгейін қанша %-ға жеткізу керектігін айқындайды;
n – салалар бағыты.".
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бюджет саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін жіберуді және ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі |
С. Жумангарин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министірлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы