"Ұзынкөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 12 ақпандағы № 18 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 16 қаңтардағы № 3 қаулысы

      Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ұзынкөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 12 ақпандағы № 18 қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Ұзынкөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде:

      15-тармақ келесі мазмұндағы 15), 16), 17), 18) тармақшалармен толықтырылсын:

      "15) мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізуді қамтамасыз ету;

      16) бюджет қаражаты шегінде балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерді қаржыландыруға арналған мемлекеттік шығармашылық тапсырысты бекітеді;

      17) меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына, мемлекеттік шығармашылық тапсырыс қызметтерін орындаушылардың түрлері мен типтеріне қарамастан балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыруды қамтамасыз етеді;

      18) мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастырудың барлық кезеңдері мен рәсімдерін іске асыруды, оның сапасын бақылауды және электрондық және жалпыға қолжетімді форматтарда атаулы игеруді қамтмасыз етеді".

      2. "Ұзынкөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберу;

      2) осы қаулыны Ұзынкөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыру қамтамасыз етілсін;

      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдау.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Ұзынкөл ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұзынкөл ауданының әкімі М. Жұрқабаев

      Әкімдіктің мүшелері:

      ________________ Н. Абилкаиров

      ________________ Т. Булатов

      ________________ А. Лагушина

      ________________ М. Сокитбаев

      ________________ К. Уразбаев

"Ұзынкөл ауданы әкімінің
аппараты" мемлекеттік
мекемесінің заң бөлімінің
басшысы
_____________________ Б. Октябр

"Ұзынкөл ауданы әкімінің
аппараты" мемлекеттік мекемесінің
құжаттамалық қамтамасыз ету
бөлімінің басшысы
_____________________ Е. Савкина

 

      Келісілді

      "Ұзынкөл ауданы әкімдігінің

      мәдениет және тілдерді дамыту

      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің

      басшысының міндетін уақытша

      атқарушы

      ___________________ К. Капарова

О внесении дополнений в постановление акимата Узункольского района от 12 февраля 2025 года № 18 "Об утверждении Положения о государственном учреждении "Отдел культуры и развития языков акимата Узункольского района"

Постановление акимата Узункольского района Костанайской области от 16 января 2026 года № 3

      Акимат Узункольского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата Узункольского района "Об утверждении Положения о государственном учреждении "Отдел культуры и развития языков акимата Узункольского района" от 12 февраля 2025 года № 18 следующие дополнения:

      в Положении о государственном учреждении "Отдел культуры и развития языков акимата Узункольского района" утвержденном указанным постановлением:

      пункт 15 дополнить подпунктами 15), 16), 17), 18) следующего содержания:

      "15) обеспечение проведения аттестации государственных организаций культуры;

      16) утверждает государственный творческий заказ на финансирование творческих кружков для детей и подростков в пределах бюджетных средств;

      17) обеспечивает размещение государственного творческого заказа в творческих кружках для детей и подростков независимо от форм собственности, ведомственной подчиненности, видов и типов исполнителей услуг государственного творческого заказа;

      18) обеспечивает реализацию всех этапов и процедур размещения государственного творческого заказа, контроль его качества и адресное освоение в электронном и общедоступном форматах".

      2. Государственному учреждению "Отдел культуры и развития языков акимата Узункольского района" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) в течение пяти рабочих дней со дня подписания настоящего постановления направление его копии в электронном виде на государственном и русском языках в филиал республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан по Костанайской области для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Узункольского района после его официального опубликования.

      3) принятие иных необходимых мер вытекающих из настоящего постановления.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Узункольского района.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Узункольского района М. Журкабаев

      Члены акимата:

      ________________ Н. Абилкаиров

      ________________ Т. Булатов

      ________________ А. Лагушина

      ________________ М. Сокитбаев

      ________________ К. Уразбаев

Руководитель юридического отдела
государственного учреждения
"Аппарат акима Узункольского
района"
______________________ Б. Октябр

Руководитель отдела
документационного обеспечения
государственного учреждения
"Аппарат акима Узункольского
района"
___________________ Е. Савкина

 

      Согласовано

      Временно исполняющий

      обязанности руководителя

      государственного учреждения

      "Отдел культуры и развития

      языков акимата Узункольского

      района"

      _______________ К. Капарова