Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың "Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Севастополь ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы" 2025 жылғы 29 желтоқсандағы № 379 шешiмiне мынадай өзгерiстер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Сарыкөл ауданы Севастополь ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 33 188,0 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша – 32 477,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша – 0,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 0,0 мың теңге;
трансферттер түсімі бойынша – 711,0 мың теңге;
2) шығындар – 38 719,5 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0,0 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 0,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -5 531,5 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 5 531,5 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 5 531,5 мың теңге.";
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Сарыкөл аудандық мәслихатының төрағасы | Д. Әбжамалов |
| Мәслихаттың | |
| 2026 жылғы "20" шілдедегі | |
| № 444 шешіміне қосымша | |
| Мәслихаттың | |
| 2025 жылғы "29" желтоқсандағы | |
| № 379 шешіміне 1-қосымша |
Сарыкөл ауданының Севастополь ауылдық округінің 2026 жылға арналған бюджеті
Санаты | Сомасы, мың теңге | ||||
Сыныбы | |||||
Кіші сыныбы | |||||
Атауы | |||||
I. Кірістер | 33 188,0 | ||||
1 | Салықтық түсімдер | 32 477,0 | |||
01 | Табыс салығы | 3 984,0 | |||
2 | Жеке табыс салығы | 3 984,0 | |||
04 | Меншiкке салынатын салықтар | 26 943,0 | |||
1 | Мүлiкке салынатын салықтар | 53,0 | |||
3 | Жер салығы | 85,0 | |||
4 | Көлік құралы салығы | 1 327,0 | |||
5 | Бірыңғай жер салығы | 25 478,0 | |||
05 | Тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге салынатын iшкi салықтар | 1 550,0 | |||
3 | Табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшiн түсетiн түсiмдер | 1 550,0 | |||
5 | Трансферттердің түсімдері | 711,0 | |||
02 | Мемлекеттiк басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетiн трансферттер | 711,0 | |||
3 | Аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен трансферттер | 711,0 | |||
Функционалдық топ | Сомасы, мың теңге | ||||
Функционалдық кіші топ | |||||
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі | |||||
Бағдарлама | |||||
Атауы | |||||
II. Шығындар | 38 719,5 | ||||
01 | Жалпы сипаттағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер | 27 087,0 | |||
1 | Мемлекеттiк басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкiлдi, атқарушы және басқа органдар | 27 087,0 | |||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 27 087,0 | |||
001 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер | 27 087,0 | |||
07 | Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық | 5 800,0 | |||
3 | Елді-мекендерді көркейту | 5 800,0 | |||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 5 800,0 | |||
008 | Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру | 2 300,0 | |||
009 | Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету | 3 500,0 | |||
12 | Көлiк және коммуникация | 5 832,5 | |||
1 | Автомобиль көлiгi | 5 832,5 | |||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 5 832,5 | |||
013 | Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету | 5 832,5 | |||
V. Бюджет тапшылығы (профициті) | -5 531,5 | ||||
VI. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) | 5 531,5 | ||||
9 | Бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары | 5 531,5 | |||
01 | Бюджет қаражаты қалдықтары | 5 531,5 | |||
1 | Бюджет қаражатының бос қалдықтары | 5 531,5 | |||