Объектілік ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 бұйрығына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Тобыл қаласы Тәуелсіздік көшесіндегі № 64 тұрғын үйдің төбесінің құлауы салдарынан техногендік авариялық жағдайдың туындау қаупіне байланысты объектіде объектілік ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Объектілік ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс - шаралар жүргізілсін.
3. Объектілік ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жою жөніндегі басшысы болып Қостанай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасары тағайындалсын.
4. "Қостанай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінің тізіліміне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялануын және оған қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы шешімнің көшірмесін электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде жолдануын;
2) осы шешімді Қостанай ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
5. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
6. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қостанай ауданының әкімі | О. Нургалиев |