"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес, Қарасу ауданының төтенше жағдайдың алдын алу және оны жою жөніндегі комиссиясының 2026 жылғы 8 маусымдағы № 6 кезектен тыс отырысының хаттамасына сәйкес Қарасу ауданы Қарасу ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қарасу ауданы Қарасу ауылдық округі әкімінің "Объектілік ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" 2026 жылғы 10 наурыздағы № 2 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. "Қарасу ауданы Қарасу ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімге қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қарасу ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қарасу ауылдық округінің әкімі | М. Беккулинов |