"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 28-бабына сәйкес, Қостанай облысы Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысы Қарабалық ауданының барлық кандидаттары үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. "Қарабалық ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін электрондық түрде жіберілуін;
2) осы қаулыны Қарабалық ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарабалық ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | Р. Халықов |
| Қарабалық ауданы әкімдігінің | |
| 2026 жылғы "10" ақпандағы | |
| № 27 қаулысына | |
| қосымша |
Қарабалық ауданының барлық кандидаттарының үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
1. Қарабалық кенті:
Қарабалық ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің
"Қарабалық аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында; Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қарабалық ауданының білім бөлімінің Абай Құнанбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында; Қостанай облысы білім басқармасының "Қарабалық ауданының білім бөлімінің Максим Горький атындағы жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында;
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қазақстан агротехникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанында;
Қостанай облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының
"Қарабалық аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында.
2. Верен ауылы:
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қарабалық ауданы білім
бөлімінің Верен бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында.
3. Гурьянов ауылы:
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қарабалық ауданы білім бөлімінің Гурьянов бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында.
4. Ворошилов ауылы:
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қарабалық ауданы білім бөлімінің Веселокут бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында.
5. Елшан ауылы:
мектеп көшесі № 1 мекенжай бойынша орналасқан әкімшілік ғимараты
жанында.
6. Котлован ауылы:
Целинная көшесі бойындағы № 9 үйдің жанында.
7. Сарыкөл ауылы:
Сарыкөл ауылдық клубы ғимаратының жанында.
8. Целинный ауылы:
Орталық көшесі № 22 мекенжай бойынша орналасқан әкімшілік ғимараты жанында.
9. Надеждин ауылы:
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қарабалық ауданы білім бөлімінің Надеждин негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында.
10. Тоғызақ ауылы:
ауылдық мәдениет үйі ғимаратының жанында.
11. Белоглин ауылы:
ауылдық мәдениет үйі ғимаратының жанында.
12. Научный ауылы:
ауылдық мәдениет үйі ғимаратының жанында.
13. Святослав ауылы:
ауылдық клубы ғимаратының жанында.
14. Станционный ауылы:
ауылдық мәдениет үйі ғимаратының жанында, Орталық көшесі бойындағы № 1 үйдің жанында.
15. Приурал ауылы:
Дорожная көшесі бойындағы № 5 үйдің жанында.
16. Фадеев ауылы:
Зеленая көшесі бойындағы № 3 үйдің жанында.
17. Шадықсаев ауылы:
Школьная көшесі № 11 мекенжай бойынша орналасқан әкімшілік ғимараты жанында.
18. Подгородка ауылы:
Железнодорожная көшесі бойындағы № 2 үйдің жанында.
19. Новотроицкое ауылы:
ауылдық мәдениет үйі ғимаратының жанында.
20. Аққұдық ауылы:
М. Сералин көшесі бойындағы № 6 үйдің жанында.
21. Мағынай ауылы:
Железнодорожная көшесі № 22 мекенжай бойынша орналасқан әкімшілік ғимараты жанында.
22. Победа ауылы:
ауылдық мәдениет үйі ғимаратының жанында.
23. Бозкөл ауылы:
ауылдық мәдениет үйі ғимаратының жанында.
24. Бозкөл ауылы:
Советская көшесі № 33 ғимаратының жанында.
25. Бозкөл ауылы:
Чапаев көшесі № 12 ғимаратының жанында.
26. Михайлов ауылы:
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қарабалық ауданы білім бөлімінің Михайлов жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында.
28. Лесное ауылы:
Первоцелинников көшесі бойындағы № 13 үйдің жанында.
29. Приречное ауылы:
ауылдық мәдениет үйі ғимаратының жанында.
30. Өрнек ауылы:
Абай көшесі бойындағы № 3 үйдің жанында.
31. Лесное ауылы:
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қарабалық ауданы білім бөлімінің Есенкөл жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында.
32. Қособа ауылы:
Школьная көшесі № 9 мекенжай бойынша орналасқан әкімшілік ғимараты жанында.
33. Славен ауылы:
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қарабалық ауданы білім бөлімінің Славен негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында.
34. Октябр ауылы:
Степная көшесі бойындағы № 7 үйдің жанында.
35. Бөрлі ауылы:
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қарабалық ауданы білім бөлімінің Бөрлі жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында.
36. Смирнов ауылы:
Школьная көшесі мекенжай бойынша орналасқан № 15 Ауылдық мәдениет үйі ғимаратының жанында.
37. Рыбкин ауылы:
Алтынсарин көшесі № 9 мекенжай бойынша орналасқан әкімшілік ғимараты жанында.