Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 25 наурыздағы № 59 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Қамысты ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
14-тармақтың 2-тармақшасы алып тасталсын;
15-тармақтың 2, 10, 11-тармақшалары алып тасталсын.
2. "Қамысты ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық көшірмесін Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалына жіберілуін;
2) "Қамысты ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесіне өзгеріс енгізу туралы тіркеуші органды хабардар етуді;
3) осы қаулыны оның ресми жарияланғанынан кейін Қамысты ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қамысты ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | Е. Жаулыбаев |