Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың "Лисаков қаласы бойынша 2026 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы" 2026 жылғы 10 сәуірдегі № 236 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 223840 болып тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Лисаков қаласы бойынша 2026 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төменгі мөлшері айына пайдалы алаңның бір шаршы метрі үшін республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген 0,008966 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бекітілсін.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қалалық мәслихат төрағасының міндетін атқарушы | А. Сенчев |