Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабы 1-тармағы 5-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағы 2) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, өтініш негізінде Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Владимир Владимирович Журиловқа Рудный қаласы, Качарская көшесі, 2 үй мекенжайы бойындағы сыртқы газ құбырын төсеу және пайдалану мақсатында көлемі 0,0095 га жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Рудный қаласы әкімінің міндетін атқарушы | Т. Сақтағанов |