Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабы 1-тармағы 5-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағы 2) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, өтініш негізінде Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жеке кәсіпкер Татьяна Николаевна Машковаға "Рудный қаласы, П. Корчагин көшесі, 22 үй маңында дүкен салу" жобаланған объектісі үшін мынадай жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін:
Рудный қаласы, П. Корчагин көшесі, 22 үй маңы мекенжайы бойында кәріз тораптарын төсеу және пайдалану мақсатында көлемі 0,0354 га;
Рудный қаласы, П. Корчагин көшесі, 22 үй маңы мекенжайы бойында газбен жабдықтау торабын төсеу және пайдалану мақсатында көлемі 0,0444 га;
Рудный қаласы, П. Корчагин көшесі, 22 үй маңы мекенжайы бойында электрмен жабдықтау тораптарын төсеу және пайдалану мақсатында көлемі 0,0649 га;
Рудный қаласы, П. Корчагин көшесі, 22 үй маңы мекенжайы бойындағы сыртқы су құбырын төсеу және пайдалану мақсатында көлемі 0,0871 га.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Рудный қаласының әкімі | В. Ионенко |