"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31 - бабына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 97 - бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Құрылыс және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының "Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7232 болып тіркелген) сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 1 ақпандағы № 155 "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақының мөлшері" қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
қаулыға қосымша жаңа редакцияда баяндалсын:
2. "Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай қаласы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аким | М. Жундубаев |
| Қостанай қаласы әкімдігінің | |
| 2026 жылғы "4" мамырдағы | |
| № 681 қаулысына | |
| қосымша |
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақының мөлшері
№ | Орналасқан жері | Айына 1 (бір) шаршы метр үшін төлемақы мөлшері, теңге, тиын |
1 | Қостанай қаласы, Юбилейный шағын ауданы, 9 үй | 112,30 (бір жүз он екі) теңге 30 тиын |
2 | Қостанай қаласы, Юбилейный шағын ауданы, 48 үй | 85 (сексен бес) теңге |
3 | Қостанай қаласы, Юбилейный шағын ауданы, 49 үй | 122 (бір жүз жиырма екі) теңге |
4 | Қостанай қаласы, Юбилейный шағын ауданы, 50 үй | 84 (сексен төрт) теңге |
5 | Қостанай қаласы, Қоңай тұрғынжай алқабы 83 үй, 1 үй | 102,28 (бір жүз екі) теңге 28 тиын |