Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай облыстық мәслихатының 2021 жылғы 9 шілдедегі № 75 "Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23595 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы:
мынадай мазмұндағы 37, 38, 39, 40, 41 - тармақтармен толықтырылсын:
"37. "Пегвисомант" препараты, гипофиздің гормоналды белсенді ісіктері бар азаматтарға еріткішпен бірге тері астына енгізуге арналған ерітінді дайындау үшін лиофилизат. Акромегалия.
38. "Лорлатиниб" препараты, таблеткалар, онкологиялық аурулары бар азаматтарға.
39. "Помалидомид" препараты, капсулалар, онкогематологиялық аурулары бар азаматтарға.
40. "Венетоклакс" препараты, таблеткалар, онкогематологиялық аурулары бар азаматтарға.
41. "Мидостаурин" препараты, капсулалар, онкологиялық аурулары бар азаматтарға.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қостанай облыстық мәслихатының төрағасы | С. Ещанов |