Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2026 жылы жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2025 жылғы 4 желтоқсандағы № 355 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Облыс әкімі | Қ. Ақсақалов |
| Қостанай облысы әкімдігінің | |
| 2026 жылғы 5 маусымдағы | |
| № 154 қаулысына | |
| қосымша | |
| Қостанай облысы әкімдігінің | |
| 2025 жылғы 4 желтоқсандағы | |
| № 355 қаулысына | |
| 1-қосымша |
Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2026 жылға арналған жұмыс орындарының квотасы
№ | Ауданның, қаланың атауы | Ұйымның атауы | Қызметкерлердің жыл басындағы саны (адам) | Қызметкерлердің тізімдік санынан квота мөлшері (%) | Ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыстарды қоспағанда, белгіленген квота (адам) | Мүгедектігі бар адамдар санатына жатқызылған жұмыс керлердің бұрыннан атқаратын жұмыс орындарының саны | |
барлығы | оның ішінде 2026 жылға | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
1 | Алтынсарин ауданы | Қостанай облысы денсаулық сақтау басқармасының "Алтынсарин аудандық ауруханасы" МКК | 150 | 3 | 5 | 1 | 2 |
2 | Амангелді ауданы | "Амангельды жолы" ЖШС | 51 | 2 | 1 | 1 | 0 |
"Аман-Су" МКК | 73 | 2 | 1 | 1 | 0 | ||
3 | Әулиекөл ауданы | "Агрофирма" Диевская" ЖШС | 304 | 4 | 12 | 1 | 7 |
"Astana Railway Services" ЖШС "Құсмұрын вагон жөндеу депосы" филиалы | 155 | 3 | 5 | 1 | 4 | ||
"Әулиекөл ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Әулиекөл ауданы әкімдігінің "Құсмұрын жылытуэнергетикалық компаниясы" МКК | 188 | 3 | 6 | 1 | 6 | ||
4 | Денисов ауданы | "Арыстан 2012" ЖШС | 50 | 2 | 1 | 1 | 0 |
5 | Жангелдин ауданы | Жангелдин ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің "Коммуналдық шаруашылық кәсіпорны" МКК | 50 | 2 | 1 | 1 | 0 |
6 | Жітіқара ауданы | "Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ "Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" КММ | 72 | 2 | 1 | 1 | 0 |
Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Жітіқара аудандық ауруханасы" КМК | 455 | 4 | 18 | 1 | 5 | ||
7 | Қамысты ауданы | "Агрофирма "Карабатыр" ЖШС | 152 | 3 | 5 | 1 | 5 |
8 | Қарасу ауданы | "Astana Grand Trade" ЖШС | 56 | 2 | 1 | 1 | 0 |
9 | Қарабалық ауданы | "Poultry-Agro" ЖШС | 225 | 3 | 7 | 1 | 0 |
10 | Қостанай ауданы | "Нұр Тоба" ЖШС | 72 | 2 | 1 | 1 | 0 |
"Шыңғыс" жеке күзет кәсіпорны" ЖШС | 50 | 2 | 1 | 1 | 5 | ||
"Адал-Кузет" ЖШС | 50 | 2 | 1 | 1 | 1 | ||
11 | Меңдіқара ауданы | Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Мендіқара аудандық ауруханасы" МКК | 90 | 2 | 2 | 1 | 1 |
12 | Науырзым ауданы | "Науырзым ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ | 52 | 2 | 1 | 1 | 0 |
13 | Сарыкөл ауданы | Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Сарыкөл ауданының білім бөлімінің № 1 Урицкая жалпы білім беретін мектебі" КММ | 72 | 2 | 1 | 1 | 1 |
"Агро-ПАРАСАТ" ЖШС | 55 | 2 | 1 | 1 | 0 | ||
14 | Бейімбет Майлин ауданы | Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Тобыл" МКК | 68 | 2 | 1 | 1 | 0 |
15 | Ұзынкөл ауданы | "Алтын Бидай Узунколь" ЖШС | 66 | 2 | 1 | 1 | 0 |
16 | Федоров ауданы | "Промбаза-7" ЖШС | 110 | 3 | 3 | 1 | 4 |
17 | Арқалық қаласы | Арқалық қаласы әкімдігінің "Арқалық жылу энергетикалық компаниясы" МКК | 518 | 4 | 21 | 1 | 0 |
Арқалық қаласы әкімдігінің "Өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды қайта әлеуметтендіру орталығы" КММ | 50 | 2 | 1 | 1 | 0 | ||
"Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Шаруашылық-А" КММ | 50 | 2 | 1 | 1 | 0 | ||
18 | Қостанай қаласы | Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "№ 2 ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған Қостанай арнайы "Балабақша-мектеп-интернат" кешені" КММ | 179 | 3 | 5 | 2 | 4 |
"12 Месяцев-Костанай" ЖШС | 122 | 3 | 4 | 1 | 0 | ||
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қалалық білім беру бөлімінің "№ 54 бөбекжайы" КМҚК | 77 | 2 | 2 | 1 | 1 | ||
Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "№ 4 емханасы" КМК | 417 | 4 | 17 | 8 | 4 | ||
"Milchland" ЖШС | 145 | 3 | 4 | 1 | 2 | ||
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласы білім бөлімінің № 7 жалпы білім беретін мектебі" КММ | 150 | 3 | 5 | 1 | 3 | ||
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қалалық білім беру басқармасының физика-математикалық лицейі" КММ | 119 | 3 | 4 | 1 | 3 | ||
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласы білім бөлімінің № 2 мектеп-лицейі" КММ | 140 | 3 | 4 | 2 | 2 | ||
"Қостанай қаласы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Мирас" қалалық мәдениет сарайы" МКҚК | 183 | 3 | 5 | 1 | 1 | ||
"ДК-Мақсат" ЖШС | 50 | 2 | 1 | 1 | 0 | ||
"Большевичка" ЖШС | 206 | 3 | 6 | 4 | 16 | ||
"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы "Қостанай" халықаралық әуежайы" АҚ | 304 | 4 | 12 | 1 | 9 | ||
19 | Лисаков қаласы | Лисаков қаласы әкімдігінің "Лисаковқалакоммунэнерго" өндірістік-шаруашылық бірлестігі" МКК | 458 | 4 | 18 | 2 | 0 |
20 | Рудный қаласы | "РАХАТ-2018" ЖШС | 163 | 3 | 5 | 5 | 1 |
Рудный қаласы әкімдігінің "Қалалық мәдениет және демалыс саябағы" МКК | 81 | 2 | 2 | 1 | 0 | ||
Жиыны | 42 | 6078 | 194 | 58 | 87 | ||
Ескертпе:
АҚ – акционерлік қоғам
ЖШС – жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
КМК – коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын
КМҚК – коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын
КММ – коммуналдық мемлекеттік мекеме
МКК – мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын
МКҚК – мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
ММ – мемлекеттік мекеме