"Өсімдіктер карантині туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қостанай облыстық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің 2026 жылғы 6 сәуірдегі № 03-04/216 ұсынысы негізінде Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қостанай облысының аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақ белгіленсін.
2. "Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Облыс әкімі | Қ. Ақсақалов |
| Қостанай облысы әкімдігінің | |
| 2026 жылғы 16 сәуірдегі | |
| № 109 қаулысына | |
| қосымша |
Костанай облысының аумағында карантиндік режим енгізілетін карантиндік аймақ
№ | Аудандар мен қаланың атауы | Залалдану алаңы (гектар) | Өңдеу алаңы (гектар) |
1 | Алтынсарин | 43 111 | 790,27 |
2 | Амангелді | 9 655 | 345,652 |
3 | Арқалық қаласы | 63 363 | 447,4307 |
4 | Әулиекөл | 51 459 | 146,792 |
5 | Бейімбет Майлин | 22 809 | 673,180 |
6 | Денисов | 68 429 | 166,893 |
7 | Жангелдин | 160 | 149,2000 |
8 | Жітіқара | 16 260 | 35,4844 |
9 | Қамысты | 6 617 | 26,9 |
10 | Қарабалық | 13 349 | 201,5233 |
11 | Қарасу | 128 754,2 | 574,0999 |
12 | Қостанай | 36 481,11 | 399,0910 |
13 | Меңдіқара | 22 068 | 56,519 |
14 | Науырзым | 25 106 | 738,5697 |
15 | Сарыкөл | 43 415 | 99,900 |
16 | Ұзынкөл | 30 173,5 | 153,4855 |
17 | Федоров | 44 924 | 588,84 |
Облыс бойынша барлығы | 626 133,81 | 5 593,8305 | |