Маңғыстау ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Маңғыстау ауданында сайлау учаскелерін құру туралы" Маңғыстау ауданы әкімінің 2015 жылғы 29 маусымдағы №12 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2787 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімге қосымшада:
№170 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:
"№170 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Шетпе ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Маңғыстау ауданы бойынша білім бөлімінің "№1 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекарасы: Қосбұлақ, Қосбұлақ-2 шағын аудандары, Аусары учаскесі және № 13 теміржол бекеті.";
№171 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:
"№171 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Сайөтес ауылдық округі, Сайөтес ауылы, Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Өрлеу" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауылдық мәдениет үйі ғимараты.
Шекарасы: Сайөтес ауылы, №6,7,9 теміржол бекеттері.";
№182 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:
"№182 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Жармыш ауылы, Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Өрлеу" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауылдық мәдениет үйі ғимараты.
Шекарасы: Жармыш ауылы, № 11-13 теміржол бекеттері, Өреулі, Аманқызылит, Ауыздыбасты, Жапырақты, Күшікбай, Тамды, Дөңгелек, Сарытұрақ, Қарағанды, Қошқар, Шәкей, Нақбай, Құдайберген, Жетікүп, Нысап, Сердалы, Құбай ұшқан, Құрша, Ұзынкөзе қыстаулары.";
№184 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:
"№184 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Онды ауылдық округі, Бекі елді мекені, Маңғыстау облысының білім басқармасының Маңғыстау ауданы бойынша білім бөлімінің "Бекі жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекарасы: Бекі, Басқұдық елді мекендері, Байқасқа, Есената, Жарауыл, Майкөмген, Мақсым, Сәубет, Тасбас, Шұқырой, Көріктітөбе, Желтимес, Таубай, Әйлек, Қандыбас, Гүлшат, Бақыт қора, Жолболай қора қыстаулары.";
№188 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:
"№188 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Шетпе ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Маңғыстау ауданы бойынша білім бөлімінің "Мекерия Атымов атындағы №6 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекарасы: Ащыбұлақ шағын ауданы, "Каспий Цемент" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жатақханасы.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Маңғыстау ауданы әкімі | Ғ.Ниязов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Маңғыстау аудандық
аумақтық сайлау
комиссиясы