Қарақия ауданы әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Сайлау учаскелерін құру туралы" Қарақия ауданы әкімінің 2015 жылғы 14 тамыздағы № 61 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2813 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
№ 146, 162 сайлау учаскелері жаңа редакцияда жазылсын:
"№ 146 сайлау учаскесі
Орталығы: Құрық ауылы, Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының "Қарақия аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Б блогы, телефон/факс: 8/72937/ 2-18-39.
Шекарасы: Құрық ауылының 2 шағын ауданының № 49-55, 100-101, 229-232 үйлері, 3 "А", 4, 5, 9, 14 шағын аудандарының барлық үйлері, Карьер, Барлаушылар Массиві көшелерінің барлық үйлері. ";
"№ 162 сайлау учаскесі
Орталығы: Құрық ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының "Қарақия кәсіптік колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимараты, телефон/факс: 8/72937/ 2-22-80.
Шекарасы: Құрық ауылының 3,10, 13 шағын аудандарының барлық үйлері, Сәтпаев көшесінің № 13-29, 29-2, 31, 31-2, 35, 37, 39, 41, 43 үйлері, М.Маметова көшесінің № 15-43а үйлері, С.Әлиев көшесінің № 16-44 үйлері, Ш.Уалиханов көшесінің № 15-28 үйлері, Жангельдин көшесінің № 11, 13, 15-28, үйлері.".
2. Келесі шешімдердің күші жойылды деп танылсын:
1) Қарақия ауданы әкімінің 2025 жылғы 9 қыркүйектегі № 11 "Қарақия ауданы әкімінің 2015 жылғы 14 тамыздағы № 61 "Сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі;
2) Қарақия ауданы әкімінің 2026 жылғы 03 ақпандағы № 2 "Қарақия ауданы әкімінің 2015 жылғы 14 тамыздағы № 61 "Сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарақия ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қарақия ауданының әкімі | С.Төретаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қарақия аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы