Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 69-бабына сәйкес Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына талшықты оптикалық байланыс желісін жүргізу үшін Бейнеу ауданынан (Төлеп ауылы - 6,2299 га, Сыңғырлау ауылы - 3,004 га, Сам ауылы - 5,8579 га, Ноғайты ауылы - 9,0895 га, Тұрыш ауылы - 5,3189 га) орналасқан алаңы 29,5002 гектар жер учаскесіне меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймастан 2029 жылғы 3 ақпанға дейінгі мерзімге жария сервитут белгіленсін.
2. "Бейнеу аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
осы қаулыны ресми жариялауға жіберуді;
Бейнеу ауданы әкімі аппаратының ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Бейнеу ауданының әкімі | Р. Шалбаев |