Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы № 211 "Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, Рахат ауылы халқының пікірін ескере отырып, Маңғыстау облыстық ономастика комиссиясының 2026 жылғы 31 наурыздағы қорытындысына негізінде, Рахат ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Рахат ауылы, Мерей шағынауданының солтүстік шығысында орналасқан атаусыз көшелеріне (бұған дейін нөмірленіп келген) келесі атаулар берілсін:
1)№ 68 - көшеге - "Марат Бұхарбаев" көшесі;
2)№ 69 - көшеге - "Қалдыбай Батырханов" көшесі.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.
|
Рахат ауылы әкімінің міндетін атқарушы |
К. Табанбаев |
Келісілді:
Сағынбаев Д. ___________
Дайындаған:
Турткулова К. ___________