Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 4 сәуірдегі № 191 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3579 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 2 қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Жаңаөзен қаласы әкімінің міндетін атқарушы | М. Мұқаш |
| Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 30 маусымдағы № 372 қаулысына қосымша/ |
Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
№ | Елді мекеннің атауы | Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар |
1 | Жаңаөзен қаласы | "Өркен" шағын ауданының № 19 үйінің жанындағы ақпараттық стенд. |
2 | Жаңаөзен қаласы | Сәтпаев көшесіндегі Жаңаөзен қаласы әкімдігінің ғимаратына қарама-қарсы ақпараттық стенд |
3 | Жаңаөзен қаласы | "Шаңырақ" шағын ауданының № 27 үйіне қарама-қарсы ақпараттық стенд. |
4 | Жаңаөзен қаласы | "Жалын" шағын ауданындағы № 25В ғимараттың жанындағы ақпараттық стенд |
5 | Жаңаөзен қаласы | "Көктем" шағын ауданының № 22 үйінің жанындағы ақпараттық стенд. |
6 | Теңге ауылы | "Достық" даңғылындағы ақпараттық стенд. |
7 | Қызылсай ауылы | "Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің "Сүгір Бегендікұлы атындағы № 4 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама-қарсы ақпараттық стенд. |
8 | Рахат ауылы | "Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің "№ 18 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама-қарсы ақпараттық стенд. |
9 | Рахат ауылы | "Жаңаөзен политехникалық колледжі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ғимаратына қарама қарсы ақпараттық стенд. |
10 | Кендірлі ауылы | "Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің "№ 21 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама қарсы ақпараттық стенд. |
11 | Кендірлі ауылы | "Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің "№ 23 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама қарсы ақпараттық стенд. |