"Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру қағидаларын бекіту туралы

Қызылорда облыстық мәслихатының 2026 жылғы 28 тамыздағы № 268 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 12-2) тармақшасына және "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын берудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 9 маусымдағы № 279-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38935 болып тіркелген) сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса берiлген "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметтi азаматы" атағын беру қағидалары бекiтiлсiн.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облыстық мәслихатының төрағасы М. Тлеумбетов

  Қызылорда облыстық мәслихатының
2026 жылғы " 28 " тамыздағы
№ 268 шешiмiмен бекітілген

"Облыстың (қаланың, ауданның) құрметтi азаматы" атағын беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын берудің қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-2) тармақшасына және "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын берудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 9 маусымдағы № 279-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38935 болып тіркелген) сәйкес әзірленді және "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру тәртібін айқындайды.

      2. "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын (бұдан әрі - "Құрметті азамат" атағы) беру елеулі еңбек сіңірген азаматтардың көпжылдық жемісті қызметін және бастамашылығын қоғам тарапынан тану әрі ынталандыру болып табылады, сондай-ақ азаматтардың еңбек және қоғамдық белсенділігін арттыруға бағытталған.

      3. "Құрметті азамат" атағы облыста (қалада, ауданда) кемінде 10 жыл еңбек еткен, келесі талаптардың біріне сәйкес келетін Қазақстан Республикасының азаматтарына және шетел азаматтарына беріледі:

      1) кәсіби немесе азаматтық міндетін орындау кезінде көрсеткен ерлігі үшін, сондай-ақ заңдылық және құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін;

      2) мемлекет, саяси және қоғам қайраткерлеріне жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару саласындағы нәтижелі еңбегі үшін, сондай-ақ өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін;

      3) қоғамдық қызметтегі жетістіктері мен қайырымдылық қызметі үшін;

      4) облыстағы (қаладағы, аудандағы) спорт, мәдениет, ғылым, білім, денсаулық сақтау, құрылыс, кәсіпкерлік, бизнес және ауыл шаруашылығы салаларын дамытуға қосқан үлесі үшін;

      5) тәуелсіз және егемен Қазақстанның тұтастығын сақтауға, этносаралық қатынастар мен келісімді, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға сiңiрген ерен еңбегі үшiн.

2-тарау. "Құрметті азамат" атағын беру тәртібі

      4. "Құрметті азамат" атағына ұсынылушының әрқайсысына Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша награда қағазы толтырылады.

      "Құрметті азамат" атағын беру туралы қолдаухаттар жергілікті атқарушы органдарымен, шығармашылық одақтармен және басқа да ұйымдармен еркін нысанда енгізіледі.

      Награда қағазында "Құрметті азамат" атағына ұсынылатын тұлғаның жеке басы, тиісті қызмет саласындағы жұмысының жалпы еңбек өтілі, тұлғаның еңбек, кәсіби немесе қоғамдық қызметі туралы мәліметтер, нақты сіңірген еңбегі, жұмысының тиімділігі мен сапасы туралы мәліметтер баяндалады.

      Награда қағазына ұйым басшысы қол қояды және қол қойған ұйымдардың мөрлерiмен расталады.

      "Құрметті азамат" атағына ұсынылғандардың әрқайсысына ұсыным жеке дайындалады.

      Облыс (қала, аудан) әкімдігі жанындағы марапаттау комиссиясының отырысына дейін отыз күннен кем мерзімде келіп түскен награда құжаттары қарауға қабылданбайды.

      5. Награда қағазы Облыс (қала, аудан) әкімдігі жанындағы марапаттау комиссиясымен ресімделеді.

      6. Медальдар мен оларға куәліктерді дайындау, сондай-ақ оларды есепке алу және сақтау облыс (қала, аудан) әкімі аппаратына жүктеледі.

      7. Өз кандидатураларын ұсынған тұлғалардан келіп түскен "Құрметті азамат" атағын беру туралы қолдаухаттар қаралмайды.

      Облыс бойынша аудан немесе қаланың "Құрметті азамат" атағына ие тұлғаны қайта ұсынуға жол берілмейді.

      "Құрметті азамат" атағын беру қайтыс болғаннан кейін еліміздің мүддесін қорғау кезінде және адам өмірін құтқаруға байланысты жағдайларда көрсеткен батылдығы, ерлігі, қаһармандығы үшін жүзеге асырылуы мүмкін.

      8. Қолдаухат Облыс (қала, аудан) әкімдігі жанындағы марапаттау комиссиясымен қаралады.

      9. Облыс (қала, аудан) әкімдігі жанындағы марапаттау комиссиясының шешімі көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      10. Облыс (қала, аудан) әкімдігі жанындағы марапаттау комиссиясының шешімі ұсыныс сипатында болады және оның барлық мүшелерінің қолы қойылған хаттамамен ресімделеді.

      11. "Құрметті азамат" атағы әр екі жыл сайын Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарынның он тұлғаға дейін берілуі мүмкін.

      Облыстың (қаланың, ауданның) мерейтойлық күніне орай "Құрметті азамат" атағын қосымша әр бес жыл сайын Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарының бес тұлғаға дейін берілуі мүмкін.

      Облыс (қала, аудан) әкімінің ұсынысы бойынша қауіпті табиғи құбылыстың, апаттың, дүлей зілзаланың немесе өзге де авариялық жағдайлардың салдарын жоюға немесе алдын алуға көмек көрсеткен Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарына "Құрметті азамат" атағы берілуі мүмкін.

      12. "Құрметті азамат" атағын беру туралы тиісті мәслихаттың шешімі жергілікті масс-медиада жарияланады.

      13. "Құрметті азамат" атағы:

      1) "Құрметті азамат" атағына ұсынылған кезде өтелмеген немесе заңда белгіленген тәртіппен алынбаған соттылығы бар тұлғаларға;

      2) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған тұлғаларға берілмейді.

3-тарау. Медаль мен куәлікті тапсыру тәртібі

      14. "Құрметті азамат" атағын беру туралы тиісті мәслихат шешімі күшіне енген күннен бастап екі айдан кешіктірілмейтін мерзімде аталған атақ берілген тұлғаға салтанатты түрде "Құрметті азамат" атағына медаль мен куәлік тапсырылады.

      "Құрметті азамат" атағына медаль мен куәлікті облыстың (қаланың, ауданның) әкімдері немесе мәслихат төрағасы тапсырады.

      15. Медаль мен куәлікті тапсырар алдында тиісті мәслихаттың "Құрметті азамат" атағын беру туралы шешімі жария етіледі.

      "Құрметті азамат" атағы берілген тұлғаға медаль мен куәлік жеке тапсырылады.

      Егер "Құрметті азамат" атағы берілген тұлға денсаулық жағдайына байланысты тапсыруға келе алмаса, медаль мен куәлік оның орналасқан жерінде тапсырылуы мүмкін.

      Қайтыс болғаннан кейін "Құрметті азамат" атағын беру туралы құжаттар мен оған қоса медаль қайтыс болған тұлғаның отбасы мүшелеріне тапсырылады.

      Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының талаптарын ескере отырып қайтыс болған тұлғаның мұрагерлерінің келісімімен ресімделген "Құрметті азамат" атағын беру туралы құжаттар мен оған қоса медальді музейлерге сақтауға берілуі мүмкін.

      Мұрагерлері болмаған жағдайда "Құрметті азамат" атағын беру туралы құжаттар мен оған қоса медаль музейлерге сақтауға беріледі.

      16. "Құрметті азамат" атағына медаль осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дайындалады.

      "Құрметті азамат" атағы берілген әрбір тұлғаға медальді тапсырумен бір мезгілде осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша медальға куәлік беріледі.

      "Құрметті азамат" атағына берілетін куәлікке облыс (қала, аудан) мәслихатының төрағасы қол қояды.

      17. Медальдер мен оларға берілетін куәліктерді дайындауға жұмсалатын шығыстар тиісті жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылады.

4-тарау. Қорытынды ережелер

      18. Соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген жағдайда "Құрметті азамат" атағынан айыру тиісті мәслихаттың шешімімен жүзеге асырылады.

      19. "Құрметті азамат" атағынан айырылған тұлға осы атақты қайта алуға ұсыныла алмайды.

  "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы"
атағын берудің қағидаларына 1-қосымша
  Нысан
  ________________________________________
  облыс (қаланың, ауданның)

      НАГРАДА ҚАҒАЗЫ

      1. Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) ________________________________________

      2. Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) ____________________________________ ____________

      3. Лауазымы, жұмыс, қызмет орны (кәсіпорын, мекеме, ұйым бөлімшесінің нақты атауы дәл көрсетілуі керек) ________________________________________________________________________

      4. Жынысы ___________

      5. Туған жылы мен туған жері ______________________________________________________

      6. Білімі _________________________________________________________________________

      7. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы __________________________________________________

      8. Қазақстан Республикасының қандай мемлекеттік наградаларымен наградталған және наградталған уақыты: ____________________________________________________________________

      9. Үйінің мекенжайы ______________________________________________________________

      10. Жалпы жұмыс өтілі ____________________________________________________________

      11. Саладағы жұмыс өтілі __________________________________________________________

      12. Тиісті қызмет саласындағы еңбек өтілі, тұлғаның еңбек, кәсіби немесе қоғамдық қызметі туралы мәліметтер _______________________________________________________________________

      13. Наградталушының нақты айрықша еңбегін сипаттайтын мінездеме: ________________________________________________________________________________

      Кандидатура _____________________________________________________________________

      (кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның атауы

      ______________________________________ талқылау болған уақыт, хаттаманың № _______ ) ________________________________________________________________ талқыланып, ұсынылған.

      Мына _________________________________________________________ атағына ұсынылады

      (облыстың (қаланың,ауданның) "Құрметті азаматы" атағы)

      Ұйым басшысы

_____________________________________
(ТАӘ) (ол болған жағдайда)


 
_____________________________________
(ТАӘ) (ол болған жағдайда)

 
_____________________________________
(қолы)


 
_____________________________________
(қолы)

  "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын берудің қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

      1. Медальдің эскизі мен сипаттамасы:

Медальдің аверсі

Медальдің реверсі

Медаль аверсінің ортасында өңірлік нышанның бейнесі.
Жоғары шеткі бөлігін бойлай
облыстың (қаланың, ауданның)
құрметті азаматы деген жазу жазылады

Реверсінде медальдің реттік нөмірі орналасқан

      Медальге мынадай талаптар қойылады:

      1) медальдің визуалды құрамдас бөлігі, көлемді бейнесі және (немесе) моделі анық бедері бар;

      2) медаль жобасында ресми атаулар, жазулар және басқа да мәтіндер қазақ тілінде жазылады;

      Медальдің дизайнын дайындау кезінде:

      1) медаль жезден диаметрі 34 миллиметр (бұдан әрі - мм) шеңбер пішінінде жасалады. Медальдің аверсі жылтырақ;

      2) реверсінде медальдің реттік нөмірі орналасады;

      3) медаль құлақша мен шығыршық арқылы көгілдір түсті муар лентасымен қапталған, ені 30 мм және биіктігі 50 мм алтыбұрышты тағанға жалғанады. Медаль киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.

  "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті
азаматы" атағын берудің қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

      Куәлік эскизі:

Куәліктің алғы сол жағы

Куәліктің алғы оң жағы

(Медальдің сурет)

Облыстың (қаланың, ауданның)
атауы
№ _______ куәлік
ТАӘ (ол болған жағдайда)
Мәслихаттың шешімі жазылады
Облыстың (қаланың, ауданның)
мәслихат төрағасының қолы мен мөрі

Куәліктің артқы сол жағы

Куәліктің артқы оң жағы


Облыстың (қаланың, ауданның)
өңірлік нышанының бейнесі


Об утверждении Правил присвоения звания "Почетный гражданин области (города, района)"

Решение Кызылординского областного маслихата от 28 августа 2026 года № 268

      В соответствии с подпунктом 12-2) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и приказом Заместителя Премьер-Министра - Министра культуры и информации Республики Казахстан от 9 июня 2026 года № 279-НҚ "Об утверждении Типовых правил присвоения звания "Почетный гражданин области (города, района)" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 38935) Кызылординский областной маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила присвоения звания "Почетный гражданин области (города, района)".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Кызылординского областного маслихата М. Тлеумбетов

  Утверждены решением
Кызылординского областного маслихата
от " 28 " августа 2026 года № 268

Правила присвоения звания "Почетный гражданин области (города, района)"

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие правила присвоения звания "Почетный гражданин области (города, района)" (далее - Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 12-2) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и приказом Заместителя Премьер-Министра - Министра культуры и информации Республики Казахстан от 9 июня 2026 года № 279-НҚ "Об утверждении Типовых правил присвоения звания "Почетный гражданин области (города, района)" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 38935) и определяют порядок присвоения звания "Почетный гражданин области (города, района)".

      2. Присвоение звания "Почетный гражданин области (города, района)" (далее - звание "Почетный гражданин") является признанием и поощрением со стороны общества многолетней плодотворной деятельности и инициативности граждан, внесших значительный трудовой вклад, а также направлено на повышение трудовой и общественной активности граждан.

      3. Звание "Почетный гражданин" присваивается гражданам Республики Казахстан и иностранным гражданам, трудившимся в области (городе, районе) не менее 10 лет, соответствующим одному из следующих требований:

      1) за мужество, проявленное при исполнении профессионального или гражданского долга, а также внесшим вклад в работу по укреплению законности и правопорядка;

      2) государственным, политическим и общественным деятелям, за эффективную деятельность в сфере местного государственного управления и самоуправления, а также за вклад в социально-экономическое развитие региона;

      3) за достижения в общественной деятельности и за благотворительную деятельность;

      4) внесшим вклад в развитие сфер спорта и культуры, науки, образования, здравоохранения, строительства, предпринимательства, бизнеса и сельского хозяйства в области (городе, районе);

      5) за выдающийся труд, внесенный в сохранение целостности независимого и суверенного Казахстана, укрепление межэтнических отношений и согласия, дружбы и сотрудничества.

Глава 2. Порядок присвоения звания "Почетный гражданин"

      4. На каждого представляемого к званию "Почетный гражданин" составляется наградной лист по форме согласно приложению 1 к Правилам.

      Ходатайства о присвоении звания "Почетный гражданин" вносятся местными исполнительными органами, творческими союзами и другими организациями в произвольной форме.

      В наградном листе излагаются данные, характеризующие личность представляемого к званию "Почетный гражданин", общий трудовой стаж работы в соответствующей сфере деятельности, сведения о трудовой, профессиональной или общественной деятельности лица, конкретные заслуги, сведения об эффективности и качестве работы.

      Наградной лист подписывается руководителем организации и заверяется печатями подписавших организаций.

      Представление на каждого представляемого к званию "Почетный гражданин" готовится отдельно.

      Поступившие менее чем за тридцать дней до заседания Наградной комиссии при акиме области (города, района) наградные документы к рассмотрению не принимаются.

      5. Наградной лист оформляется Наградной комиссей при акиме области (города, района).

      6. Изготовление медалей и удостоверений к ним, а также их учет и хранение возлагаются на аппарат акима области (города, района).

      7. Ходатайства о присвоении звания "Почетный гражданин", поступившие от лиц, выдвинувших свои кандидатуры самостоятельно, не рассматриваются.

      Повторное представление лица, имеющего звание "Почетный гражданин" города или района области, не допускается.

      Посмертное присвоение звания "Почетный гражданин" может производиться за мужество, отвагу, героизм, проявленные при защите интересов страны и в случаях, связанных со спасением человеческих жизней.

      8. Ходатайство рассматривается Наградной комиссей при акиме области (города, района).

      9. Решение Наградной комиссии при акиме области (города, района) принимается большинством голосов. В случае равенства голосов, голос председателя комиссии является решающим.

      10. Решение Наградной комиссии при акиме области (города, района) носит рекомендательный характер и оформляется протоколом, который подписывается всеми ее членами.

      11. Звание "Почетный гражданин" может присваиваться до десяти гражданам Республики Казахстан и иностранным гражданам каждые два года.

      По случаю юбилейной даты области (города, района) присвоение звания "Почетный гражданин" дополнительно осуществляется каждые пять лет и может быть присвоено до пяти гражданам Республики Казахстан и иностранным гражданам.

      По предложению акима области (города, района) звание "Почетный гражданин" может быть присвоено гражданам Республики Казахстан и иностранным гражданам, оказавшим помощь в ликвидации или предупреждении последствий опасного природного явления, катастрофы, стихийного бедствия или иной аварийной ситуации.

      12. Решение соответствующего маслихата о присвоении звания "Почетный гражданин" публикуется в местных масс-медиа.

      13. Звание "Почетный гражданин" не может быть присвоено:

      1) лицам, имеющим судимость, которая не погашена или не снята в установленном законом порядке на момент представления к званию "Почетный гражданин";

      2) лицам, признанным судом недееспособными, либо ограниченно дееспособными.

      Глава 3. Порядок вручения медали и удостоверения

      14. В срок не позднее двух месяцев со дня вступления в силу решения соответствующего маслихата о присвоении звания "Почетный гражданин" лицу, которому присвоено указанное звание, в торжественной обстановке вручаются медаль и удостоверение к званию "Почетный гражданин".

      Медаль и удостоверение к званию "Почетный гражданин" вручаются акимами областей (городов, районов) или председателем маслихата.

      15. Перед вручением медали и удостоверения оглашается решение соответствующего маслихата о присвоении звания "Почетный гражданин".

      Медаль и удостоверение вручаются лично лицу, которому присвоено звание "Почетный гражданин".

      Если лицо, которому присвоено звание "Почетный гражданин", не может явиться на вручение в связи с состоянием здоровья, медаль и удостоверение могут быть вручены по месту его нахождения.

      Документы о присвоении звания "Почетный гражданин", а также медаль к нему, в случае посмертного присвоения вручаются членам семьи умершего.

      С согласия наследников умершего лица, оформленного с учетом требований гражданского законодательства Республики Казахстан, документы о присвоении звания "Почетный гражданин" и медаль к нему могут быть переданы на хранение музеям.

      При отсутствии наследников документы о присвоении звания "Почетный гражданин" и медаль к нему передаются на хранение музеям.

      16. Медаль к званию "Почетный гражданин" изготавливается по форме согласно приложению 2 к настоящим Правилам.

      Каждому лицу, которому присвоено звание "Почетный гражданин", одновременно с вручением медали выдается удостоверение к медали по форме согласно приложению 3 к настоящим Правилам.

      Удостоверение к званию "Почетный гражданин" подписывается председателем маслихата области (города, района).

      17. Финансирование расходов на изготовление медалей и удостоверений к ним осуществляется за счет средств соответствующего местного бюджета.

Глава 4. Заключительные положения

      18. В случае вступления в законную силу обвинительного приговора суда, лишение почетного звания "Почетный гражданин" осуществляется по решению соответствующего маслихата.

      19. Лицо, лишенное звания "Почетный гражданин", не подлежит повторному выдвижению на присвоение данного звания.

  Приложение 1 к Правилам присвоения звания
"Почетный гражданин области (города, района)"
  Форма
  ___________________
  области (города, района)

      НАГРАДНОЙ ЛИСТ

      1. Фамилия, имя, отчество (при его наличии) __________________________________________

      2. Индивидуальный идентификационный номер (ИИН) _________________________________

      3. Должность, место работы, службы (указать точное наименование подразделения предприятия, учреждения, организации) ____________________________________________________

      4. Пол ___________________________________________________________________________

      5. Год и место рождения ___________________________________________________________

      6. Образование ___________________________________________________________________

      7. Ученая степень, ученое звание ____________________________________________________

      8. Какими государственными наградами Республики Казахстан награжден(а) и дата награждения: ___________________________________________________________________________

      9. Домашний адрес: _______________________________________________________________

      10. Общий стаж работы ____________________________________________________________

      11. Стаж работы в отрасли _________________________________________________________

      12. Стаж работы в соответствующей сфере деятельности, сведения о трудовой, профессиональной или общественной деятельности лица ______________________________________

      13. Характеристика с указанием конкретных особых заслуг награждаемого:___________________________________________________________________

      Кандидатура обсуждена и рекомендована _____________________________________________

      _______________________________________________________________________________________

      (наименование предприятия, учреждения, организации, дата обсуждения, № протокола)

      Представляется к званию ___________________________________________________________

      (звание "Почетный гражданин" области (города, района)")

      Руководитель организации

_____________________________________
(Ф.И.О.) (при его наличии)


 
_____________________________________
(Ф.И.О.) (при его наличии)

 
_____________________________________
(подпись)


 
_____________________________________
(подпись)

  Приложение 2 к
Правилам присвоения звания "Почетный гражданин области (города, района)"
  Форма

      1. Эскиз и описание медали:

Аверс - медали

Реверс - медали

 
На аверсе медали в центре изображение региональной символики.
По верхнему внешнему краю надпись почетный гражданин области (города, района)

На реверсе расположен порядковый номер медали

      К медалям предъявляются следующие требования:

      1) медаль имеет визуальную составляющую, объемное изображение и (или) модель, с четким рельефом;

      2) в проекте награды официальные наименования, надписи и другой текст излагаются на казахском языке.

      При разработке дизайна медали:

      1) медаль изготавливается из латуни в форме круга диаметром 34 миллиметра (далее - мм). Аверс медали, блестящий;

      2) на реверсе расположен порядковый номер медали.

      3) медаль с помощью ушка и кольца соединяется с шестиугольной колодкой шириной 30 мм и высотой 50 мм, обтянутой муаровой лентой голубого цвета. Медаль при помощи булавки с визорным замком крепится к одежде.

  Приложение 3 к
Правилам присвоения звания "Почетный
гражданин области (города,и района)"
  Форма

      Эскиз удостоверения:

Лицевая левая сторона удостоверения

Лицевая правая сторона удостоверения

(Фото медали)

Наименование
области (города, района)
№ ________ удостоверение
ФИО (при его наличии)
Прописывается Решение Маслихата
Подпись и печать председателя маслихата области (города, района)

Оборотная левая сторона удостоверения

Оборотная правая сторона удостоверения


 
Изображение региональной символики области (города, района)