"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 42-бабының 1-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қызылорда облысы әкімдігінің "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесін бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2023 жылғы 10 мамырдағы № 75 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 181769 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. "Қызылорда облысы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау "Қызылорда облысы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қызылорда облысының әкімі | М. Ергешбаев |