"Қарағанды облысы Осакаров ауданы Осакаровка кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 2026 жылғы 14 қаңтардағы № 05/01 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 38-1-бабының 7-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Осакаров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қарағанды облысы Осакаров ауданы Осакаровка кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қоса беріліп отырған Ережесі бекітілсін.

      2. Осакаровка кентінің әкімі заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы Ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіне енгізу және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау үшін қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде жіберу;

      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Осакаров ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғышқы ресми жариялған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Осакаров ауданының әкімі Р. Нурмуханбетов

  Осакаров ауданы әкімдігінің
2026 жылғы 14 қантардағы
№ 05/01 қаулысымен
бекітілген

"Қарағанды облысы Осакаров ауданы Осакаровка кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қарағанды облысы Осакаров ауданы Осакаровка кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Әкім аппараты) кент әкімінің қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді, сондай-ақ жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуді жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.

      2. Әкім аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Әкім аппараты мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және қазақ тілінде өз атауы жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      4. Әкім аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Әкім аппараты, егер ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      6. Әкім аппараты өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Әкім аппаратының құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      8. Әкім аппаратының мемлекеттік тілдегі толық атауы: "Қарағанды облысы Осакаров ауданы Осакаровка кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;

      орыс тілінде: государственное учреждение "Аппарат акима поселка Осакаровка Осакаровского района Карагандинской области".

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Осакаровка кенті, Геннадий Карапиди көшесі, 4-үй, индекс 101000.

      10. Осы Ереже Әкім аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Әкім аппаратының қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.

      12. Әкім аппаратына Әкім аппаратының өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Әкім аппаратына заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Әкім аппаратының міндеттері мен өкілеттіктері

      13. Міндеттері:

      1) Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік егемендікті, конституциялық құрылысты қорғау және нығайту, Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету жөніндегі саясатын өмірге асыру;

      2) тиісті аумақты дамытудың мүдделері мен қажеттіліктерін атқарушы биліктің жалпымемлекеттік саясатымен ұштастыра отырып жүргізуді қамтамасыз етуде кент әкіміне жәрдем көрсету;

      3) кенттегі мемлекеттік, әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру және әлеуметтік-экономикалық процестерді басқару;

      4) заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту, азаматтардың құқықтық сана деңгейін және олардың елдің қоғамдық-саяси өміріндегі белсенді азаматтық ұстанымын арттыру жөніндегі шараларды жүзеге асыру;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      Әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде, Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша жергілікті маңызы бар мәселелерді қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды жергілікті қоғамдастық жиналысының талқылауына шығару;

      жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде аудан мәслихаты сессияларының жұмысына қатысу;

      жоғары тұрған органдарға жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша ұсыныстар енгізу;

      ведомстволардан, жергілікті мемлекеттік басқару органдарынан Әкім аппаратына жүктелген функцияларды орындау үшін қажетті ақпараттық, әдістемелік, нормативтік материалдарды, статистикалық деректерді және өзге де материалдарды алу;

      аудан әкімінің қарауына оның құзыретіне жататын мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар енгізу;

      белгіленген тәртіппен Әкім аппаратының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер шақыру;

      Әкім аппараты қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

      шарттар, келісімдер жасасу;

      осы Ережеде айқындалған міндеттер мен функциялардан туындайтын, қолданыстағы заңнамада көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

      2) міндеттері:

      қолданыстағы заңнамаға сәйкес халыққа мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету;

      Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, облыс, аудан әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындау;

      осы Ережеде айқындалған міндеттер мен функциялардан туындайтын, қолданыстағы заңнамада көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

      15. Функциялары:

      1) Қазақстан Республикасы Заңдарының, Президент пен Үкімет актілерінің, облыс және аудан әкімдіктері қаулыларының, облыс, аудан және кент әкімдері шешімдері мен өкімдерінің мүлтіксіз орындалуын ұйымдастырады;

      2) кент әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын әзірлейді;

      3) кенттің әлеуметтік-экономикалық даму проблемаларына талдау жүргізеді, тиісті ұсыныстар мен ұсынымдар дайындайды;

      4) кент әкімі қызметін құжаттамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

      5) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алуды және қарауды қамтамасыз етеді, кент әкімімен азаматтарды жеке қабылдауын ұйымдастырады;

      6) кентте заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту мәселелері бойынша әкімнің құқық қорғау органдарымен және сот жүйесі органдарымен үйлесімді іс-қимылын қамтамасыз етеді;

      7) кент әкімінің шешімдері мен өкімдерінің сақталуын қамтамасыз етеді;

      8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтердің көрсетілуін қамтамасыз етеді;

      9) жергілікті қоғамдастық жиынын, кент, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиынын, жергілікті қоғамдастық жиналысын өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

      10) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын, жергілікті қоғамдастық жиыны мен жиналысын шақыру уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен хабардар етеді;

      11) жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында қабылданған және кент әкімі мақұлдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді;

      12) кент бюджетінің жоспарлануын және атқарылуын қамтамасыз етеді;

      13) жергілікті қоғамдастық жиналысына және аудан мәслихатына кент бюджетінің атқарылуы туралы есеп ұсынады;

      14) кент бюджетін іске асыру туралы шешім қабылдайды;

      15) жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасын әзірлейді және жергілікті қоғамдастық жиналысының бекітуіне ұсынады;

      16) кенттің коммуналдық мүлкіне жататын объектілерді салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырыс беруші болып табылады;

      17) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің нысаналы әрі тиімді пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;

      18) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын жүзеге асырады;

      19) кенттің мүлкін коммуналдық меншігінде (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінде) болатын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға алынған мүлікті өзге тұлғаға бергенге дейін, кейіннен баланстан шығара отырып, оны күтіп-ұстау және сақталуын қамтамасыз ету мерзімін белгілейді;

      20) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкі мәселелері бойынша мемлекеттің мүддесін білдіреді, кент меншігі құқығын (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін) қорғауды жүзеге асырады;

      21) сенімгерлік басқарушының жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін сенімгерлік басқару шарты бойынша міндеттемелерді орындауына бақылауды жүзеге асырады;

      22) кенттің мүлкін коммуналдық меншігінде (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінде) болатын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуына бақылау мен талдауды жүзеге асырады;

      23) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін есепке алуды ұйымдастырады, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;

      24) кент әкімінің келесі өкілеттіктері бойынша қызметін ақпараттық-талдаулық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады:

      салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің жиналуына жәрдемдеседі;

      өз құзыреті шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады;

      өз құзыреті шегінде кентті сумен жабдықтауды қамтамасыз етуді және су пайдалану мәселелерін реттеуді ұйымдастырады;

      кентті абаттандыру, жолдарды жөндеу, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жұмыстарын ұйымдастырады;

      иесіз қалғандарды жерлеуді және зираттар мен басқа да жерлеу орындарын тиісті қалыпта ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;

      қоғамдық медиаторлар тізілімін жүргізеді;

      шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға жәрдемдеседі;

      шаруашылық бойынша есеп жүргізеді;

      Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге қатысады;

      ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандырудың мемлекеттік пункттерінің, мал шаруашылығы өнімдері мен шикізатын дайындаудың, сою алаңдарының (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарының), мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың), пестицидтерді, улы химикаттарды және олардың ыдыстарын сақтауға арналған арнайы қоймалардың (көмінділердің) жұмыс істеуіне жәрдемдеседі;

      агроөнеркәсіптік кешен және ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүзеге асырады және оны ауданның жергілікті атқарушы органына (әкімдігіне) ұсынады;

      ауыл шаруашылығы санағын жүргізуге қатысады;

      елді мекен жерлерінде жануарларды жаю орындарын айқындайды;

      тиісті аумақта жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ұсынысы бойынша карантин немесе шектеу іс-шараларын белгілеу туралы шешімдер қабылдайды;

      тиісті аумақта жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін, бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ұсынысы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімдер қабылдайды;

      аз қамтылған тұлғаларды анықтайды, жоғары тұрған органдарға жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша ұсыныстар енгізеді, жалғызбасты қарттар мен еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

      қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді;

      мүгедектігі бар тұлғаларға көмек ұйымдастырады;

      қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;

      дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органмен және мүгедектігі бар тұлғалардың қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады;

      мүгедектігі бар тұлғалардың қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп, мәдени-бұқаралық және ағартушылық іс-шараларды ұйымдастырады;

      мүгедектігі бар тұлғаларға қайырымдылық және әлеуметтік көмек көрсетуді үйлестіреді;

      халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;

      өз құзыреті шегінде әскери міндеттілік және әскери қызмет, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

      әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды жергілікті әскери басқару органдарына шақыру туралы хабардар етуді қамтамасыз етеді;

      ауданның жергілікті әскери басқару органдарына әскери міндеттілердің, әскерге шақырылушылардың және әскерге дейінгі жастағылардың сандық және сапалық құрамын растайтын құжаттарды ұсынады;

      тұрғылықты жері бойынша және азаматтардың жаппай демалатын орындарында спортпен шұғылдану үшін инфрақұрылым жасайды;

      спорт мекемелеріне қолдау көрсетеді және оларды материалдық-техникалық қамтамасыз етуге ықпал етеді;

      тарихи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

      әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген, кент аумағында жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалар қолданады;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік-аумақтық құрылыс мәселелерін реттейді;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетеді;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен нотариаттық іс-қимылдар жасауды ұйымдастырады;

      25) Кент әкімінің аппараты жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша:

      өз құзыреті шегінде жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқару саласындағы құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;

      егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жекешелендіру туралы шешім қабылдайды және оны жүзеге асырады, соның ішінде объектіні жекешелендіруге дайындау процесінде оның сақталуын қамтамасыз етеді, жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарттарын дайындауды және жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      мүлкі кенттің коммуналдық меншігінде (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінде) болатын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің нысанасы мен мақсаттарын, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) айқындайды;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғасына берілген немесе оның өз шаруашылық қызметі нәтижесінде сатып алған мүлкін алып қоюды немесе қайта бөлуді жүзеге асырады;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларының артық, пайдаланылмайтын не мақсатына сай пайдаланылмайтын мүлкін алып қоюды жүзеге асырады;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін кейіннен сатып алу құқығынсыз немесе кейіннен сатып алу құқығымен мүліктік жалдауға (жалға), жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға сенімгерлік басқаруға береді;

      аудан әкімімен келісу бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларын құру, қайта ұйымдастыру, атауын өзгерту және тарату туралы шешім қабылдайды;

      коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға өзіне бекітілген мүлікті иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге (ол өндірген өнімді сатуды қоспағанда), филиалдар мен өкілдіктер құруға, сондай-ақ дебиторлық берешекті беруге және есептен шығаруға келісім береді;

      кенттің мүлкі коммуналдық меншігінде (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінде) болатын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстардың (қызметтердің) міндетті көлемдерін айқындайды;

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 11) тармақшасында көзделген жағдайларда, мүлкі кенттің коммуналдық меншігінде (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінде) болатын мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және олардың атқарылуы жөніндегі есептерді қарайды, келіседі және бекітеді;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін пайдалану туралы, оның ішінде оны кепілге, жалға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына бекітіп береді;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін иеліктен шығару туралы шешім қабылдайды;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында берілген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

3-тарау. Әкімнің мәртебесі мен өкілеттіктері

      16. Әкім аппаратына басшылықты әкім жүзеге асырады, ол Әкім аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. Әкімді тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің халқы лауазымға сайлайды және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымынан босатылады.

      18. Әкімнің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкім орынбасары болады.

      19. Әкімнің өкілеттіктері:

      1) Әкім аппаратына жалпы басшылықты жүзеге асырады, Әкім аппаратының жұмысын үйлестіреді және бақылайды;

      2) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Әкім аппаратының атынан өкілдік етеді;

      3) Әкім аппаратының атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

      4) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен шешімдер мен өкімдер нысанында актілер шығарады;

      5) қаржылық және қызметтік құжаттамаға қол қояды;

      6) Әкім аппаратының шығыстар сметасын бекітеді және оның шегінде қаржы қаражатына билік етеді;

      7) заңнамаға сәйкес Әкім аппаратының қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;

      8) заңнамада белгіленген тәртіппен Әкім аппаратының қызметкерлеріне көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жазалар қолданады;

      9) сенімхаттар береді;

      10) Әкім аппараты қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктер аясын айқындайды;

      11) Әкім аппараты қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

      12) аудан әкімінің тапсырмаларын орындайды;

      13) бюджет қаражатын үнемдеу және түсімдер есебінен Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген еңбек шарты бойынша жұмыскерлерді қабылдайды;

      14) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде шаралар қабылдайды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуына дербес жауапты болады;

      15) Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен өзіне жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Әкім болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      20. Әкім өз орынбасарының өкілеттегін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4-тарау. Әкім аппаратының мүлкі

      21. Әкім аппаратының заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Әкім аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптасады.

      22. Әкім аппаратына бекітіліп берілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Әкім аппараты өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуге құқылы емес.

5-тарау. Әкім аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Әкім аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения государственного учреждения "Аппарат акима поселка Осакаровка Осакаровского района Карагандинской области"

Постановление акимата Осакаровского района Карагандинской области от 14 января 2026 года № 05/01

      В соответствии с пунктом 7 статьи 38-1 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 8) статьи 18 Закона Республики Казахстан "О государственном имуществе", подпунктом 1) пункта 3 статьи 7 Закона Республики Казахстан "О правовых актах", постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 сентября 2021 года № 590 "О некоторых вопросах организации деятельности государственных органов и их структурных подразделений" акимат Осакаровского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемое Положение государственного учреждения "Аппарат акима поселка Осакаровка Осакаровского района Карагандинской области".

      2. Акиму поселка Осакаровка в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего Положения в органах юстиции;

      2) в течение пяти рабочих дней со дня подписания настоящего постановления направление его в электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) принятие иных мер, вытекающих из настоящего постановления.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на руководителя аппарата акима Осакаровского района.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Осакаровского района Р. Нурмуханбетов

  Утверждено
постановлением акимата
Осакаровского района
от 14 января 2026 года
№ 05/01

Положение о государственном учреждении "Аппарат акима поселка Осакаровка Осакаровского района Карагандинской области"

Глава 1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Аппарат акима поселка Осакаровка Осакаровского района Карагандинской области" (далее – Аппарат акима) является государственным учреждением, обеспечивающим информационно-аналитическое, организационно-правовое и материально-техническое обеспечение деятельности акима поселка, а также решение вопросов местного значения.

      2. Аппарат акима осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

      3. Аппарат акима является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печать с изображением Государственного Герба Республики Казахстан и штампы со своим наименованием на казахском языке, бланки установленного образца, счета в органах казначейства в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      4. Аппарат акима вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      5. Аппарат акима имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      6. Аппарат акима по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.

      7. Структура и лимит штатной численности Аппарата акима утверждаются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      8. Полное наименование Аппарата акима на государственном языке: "Қарағанды облысы Осакаров ауданы Осакаровка кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;

      на русском языке: государственное учреждение "Аппарат акима поселка Осакаровка Осакаровского района Карагандинской области".

      9. Местонахождение юридического лица: Республика Казахстан, Карагандинская область, Осакаровский район, поселок Осакаровка, улица Геннадия Карапиди, 4, индекс 101000.

      10. Настоящее Положение является учредительным документом Аппарата акима.

      11. Финансирование деятельности Аппарата акима осуществляется из республиканского и местного бюджетов.

      12. Аппарату акима запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей являющихся полномочиями Аппарата акима.

      Если Аппарату акима законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то полученные доходы направляются в государственный бюджет, если иное не установлено законодательством Республики Казахстан.

Глава 2. Задачи и полномочия Аппарата акима

      13. Задачи:

      1) проведение в жизнь политики Президента Республики Казахстан по охране и укреплению государственного суверенитета, конституционного строя, обеспечению безопасности, территориальной целостности Республики Казахстан, прав и свобод граждан;

      2) оказание содействия акиму поселка в обеспечении проведения общегосударственной политики исполнительной власти в сочетании с интересами и потребностями развития соответствующей территории;

      3) осуществление основных направлений государственной, социально-экономической политики и управления социальными и экономическими процессами в поселке;

      4) осуществление мер по укреплению законности и правопорядка, повышению уровня правосознания граждан и их активной гражданской позиции в общественно–политической жизни страны;

      5) иные задачи, предусмотренные законодательством Республики Казахстан.

      14. Полномочия:

      1) права:

      при разработке бюджетной программы, администратором которой выступает Аппарат акима, вынести на обсуждение собрания местного сообщества предложения по финансированию вопросов местного значения по направлениям, предусмотренным в составе бюджета района в соответствии с бюджетным законодательством Республики Казахстан;

      принимать участие в работе сессий маслихата района при утверждении (уточнении) местного бюджета;

      вносить в вышестоящие органы предложения по обеспечению занятости, оказанию адресной социальной помощи;

      получать от ведомств, государственных органов управления на местах информационные, методические, нормативные материалы, статистические данные и иные материалы необходимые для выполнения возложенных на Аппарат акима функций;

      вносить на рассмотрение акима района предложения по решению вопросов, относящихся к его компетенции;

      созывать в установленном порядке совещания по вопросам, входящим в компетенцию Аппарата акима;

      обеспечивать повышение квалификации сотрудников Аппарата акима;

      рассмотрение обращений физических и юридических лиц, в соответствии с законодательством Республики Казахстан;

      заключать договора, соглашения;

      осуществлять иные права, вытекающие из задач и функций, определенных в настоящем Положении, предусмотренные действующим законодательством.

      2) обязанности:

      качественно оказывать государственные услуги населению в соответствии с действующим законодательством;

      качественно и своевременно исполнять акты и поручения Президента, Правительства Республики Казахстан и иных центральных исполнительных органов, акима и акимата области, района;

      осуществлять иные обязанности, вытекающие из задач и функций, определенных в настоящем Положении, предусмотренные действующим законодательством.

      15. Функции:

      1) организует безусловное исполнение Законов Республики Казахстан, актов Президента и Правительства, постановлений акиматов области и района, решений и распоряжений акимов области, района и поселка;

      2) разрабатывает проекты решений и распоряжений акима поселка;

      3) проводит анализ проблем социально–экономического развития поселка, готовит соответствующие предложения и рекомендации;

      4) осуществляет документационное обеспечение деятельности акима поселка;

      5) обеспечивает учет и рассмотрение обращений физических и юридических лиц, организует проведение личного приема граждан акимом поселка;

      6) обеспечивает координацию и взаимодействие акима с правоохранительными органами и органами судебной системы по вопросам укрепления законности и правопорядка в поселке; 

      7) обеспечивает хранение решений, распоряжений акима поселка;

      8) обеспечивает оказание государственных услуг в соответствии с законодательством Республики Казахстан;

      9) обеспечивает организацию проведения схода местного сообщества, раздельного схода местного сообщества жителей поселка, улицы, многоквартирного жилого дома, собрания местного сообщества;

      10) оповещает о времени, месте созыва раздельного схода местного сообщества, схода и собрания местного сообщества и обсуждаемых вопросах не позднее чем за десять календарных дней до дня их проведения через средства массовой информации или иными способами;

      11) обеспечивает исполнение решений, принятых на сходе местного сообщества или собрании местного сообщества и одобренных акимом поселка;

      12) обеспечивает планирование и исполнение бюджета поселка;

      13) представляет собранию местного сообщества и в маслихат района отчет об исполнении бюджета поселка;

      14) принимает решение о реализации бюджета поселка;

      15) разрабатывает и представляет на утверждение собрания местного сообщества программу развития местного сообщества;

      16) выступает заказчиком по строительству, реконструкции и ремонту объектов, относящихся к коммунальному имуществу поселка;

      17) осуществляет контроль за целевым и эффективным использованием коммунального имущества местного самоуправления;

      18) осуществляет права субъекта права коммунальной собственности по отношению к коммунальным юридическим лицам местного самоуправления;

      19) устанавливает коммунальному государственному предприятию, имущество которого находится в коммунальной собственности поселка (коммунальной собственности местного самоуправления), срок содержания и обеспечения сохранности изъятого имущества до его передачи иному лицу с последующим списанием с баланса;

      20) представляет интересы государства по вопросам коммунального имущества местного самоуправления, осуществляет защиту права собственности поселка (коммунальной собственности местного самоуправления);

      21) осуществляет контроль за выполнением доверительным управляющим обязательств по договору доверительного управления коммунальным имуществом местного самоуправления;

      22) осуществляет контроль и анализ выполнения планов развития коммунальных государственных предприятий, имущество которых находится в коммунальной собственности поселка (коммунальной собственности местного самоуправления);

      23) организует учет коммунального имущества местного самоуправления, обеспечивает его эффектное использование;

      24) осуществляет информационно - аналитическое, организационно - правовое и материально - техническое обеспечение деятельности акима поселка по следующим полномочиям:

      содействует сбору налогов и других обязательных платежей в бюджет;

      в пределах своей компетенции осуществляет регулирование земельных отношений;

      организует в пределах своей компетенции обеспечение водоснабжением поселка и регулирование вопросов водопользования;

      организует работу по благоустройству, ремонт дороги, освещению, озеленению и санитарной очистке поселка;

      организует погребения безродных, и общественные работы по содержанию в надлежащем состоянии кладбищ и иных мест захоронений;

      ведет реестр общественных медиаторов;

      организует погребение безродных и общественные работы по содержанию в надлежащем состоянии кладбищ и иных мест захоронения;

      содействует организации крестьянских или фермерских хозяйств, развитию предпринимательской деятельности;

      осуществляет похозяйственный учет;

      участвует в проведении идентификации сельскохозяйственных животных в порядке, установленном Правительством Республики Казахстан;

      содействует функционированию государственных пунктов искусственного осеменения сельскохозяйственных животных, заготовки животноводческой продукции и сырья, убойных площадок (площадок по убою сельскохозяйственных животных), скотомогильников (биотермических ям), специальных хранилищ (могильников) пестицидов, ядохимикатов и тары из под них;

      осуществляет сбор оперативной информации в области агропромышленного комплекса и сельских территорий и предоставляет ее местному исполнительному органу района (акимату);

      участвует в проведении сельскохозяйственной переписи;

      определяет места выпаса животных на землях населенного пункта;

      принимает решения об установлении карантина или ограничительных мероприятий по представлению главного государственного ветеринарно-санитарного инспектора в случае возникновения заразных болезней животных на соответствующей территории;

      принимает решения о снятии ограничительных мероприятий или карантина по представлению главного государственного ветеринарно-санитарного инспектора после проведения комплекса ветеринарных мероприятий по ликвидации очагов заразных болезней животных на соответствующей территории;

      выявляет малообеспеченных лиц, вносит в вышестоящие органы предложения по обеспечению занятости, оказанию адресной социальной помощи, организует обслуживание одиноких престарелых и нетрудоспособных граждан на дому;

      обеспечивает трудоустройство лиц, состоящих на учете в службе пробации уголовно-исполнительной инспекции и оказывает иную социально-правовую помощь;

      организует помощь лицам с инвалидностью;

      организует общественные работы, молодежную практику и социальные рабочие места;

      организует совместно с уполномоченным органом по физической культуре и спорту и общественными объединениями лиц с инвалидностью проведение оздоровительных и спортивных мероприятий среди инвалидов;

      организует совместно с общественными объединениями лиц с инвалидностью культурно-массовые и просветительские мероприятия;

      координирует оказание благотворительной и социальной помощи лицам с инвалидностью;

      координирует оказание социально уязвимым слоям населения благотворительной помощи;

      в пределах своей компетенции организует и обеспечивает исполнение законодательства Республики Казахстан по вопросам о воинской обязанности и воинской службы, мобилизационной подготовки и мобилизации, а также в сфере гражданской зашиты;

      обеспечивает оповещение военнообязанных и призывников о вызове их в местные органы военного управления;

      предоставляет в местные органы военного управления района документы, подтверждающие количественный и качественный состав военнообязанных, призывников и допризывников;

      создает инфраструктуру для занятий спортом физических лиц по месту жительства и в местах их массового отдыха;

      оказывает поддержку спортивным учреждениям и способствует их материально-техническому обеспечению;

      организует работу по сохранению исторического и культурного наследия;

      рассматривает дела об административных правонарушениях и налагает административные взыскания за административные правонарушения, предусмотренные в Кодексе об административных правонарушениях Республики Казахстан, совершенные на территории поселка;

      регулирует вопросы административно-территориального устройства в соответствии с законодательством Республики Казахстан;

      оказывает государственные услуги в соответствии с законодательством Республики Казахстан;

      организует совершение нотариальных действий, в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан;

      25) Аппарат акима поселка по согласованию с собранием местного сообщества:

      разрабатывает проекты правовых актов в сфере управления коммунальным имуществом местного самоуправления в пределах своей компетенции;

      управляет коммунальным имуществом местного самоуправления, если иное не предусмотрено законами Республики Казахстан, осуществляет меры по его защите;

      принимает решение и осуществляет приватизацию коммунального имущества местного самоуправления, в том числе обеспечивает его сохранность в процессе подготовки объекта к приватизации, привлекает посредника для организации процесса приватизации, обеспечивает оценку объекта приватизации, осуществляет подготовку и заключение договоров купли- продажи объекта приватизации и контроль за соблюдением условий договоров купли-продажи;

      определяет предмет и цели деятельности коммунального государственного предприятия, имущество которого находится в коммунальной собственности поселка (коммунальной собственности местного самоуправления), а также вид коммунального государственного предприятия (на праве хозяйственного ведения или казенное предприятие), осуществляющего такую деятельность;

      осуществляет изъятие или перераспределение имущества, переданного коммунальному юридическому лицу местного самоуправления или приобретенного им в результате собственной хозяйственной деятельности;

      осуществляет изъятие излишнего, неиспользуемого либо используемого не по назначению имущества коммунальных юридических лиц местного самоуправления;

      предоставляет коммунальное имущество местного самоуправления в имущественный наем (аренду), доверительное управление физическим лицам и негосударственным юридическим лицам без права последующего выкупа либо с правом последующего выкупа;

      принимает решение о создании, реорганизации, изменении наименования и ликвидации коммунальных юридических лиц местного самоуправления по согласованию с акимом района;

      дает согласие коммунальному государственному предприятию на отчуждение или распоряжение иным способом, закрепленным за ним имуществом (за исключением продажи произведенной им продукции), создание филиалов и представительств, а также на передачу и списание дебиторской задолженности;

      определяет приоритетные направления деятельности и обязательные объемы работ (услуг), финансируемых из бюджета, коммунальных государственных предприятий, имущество которых находится в коммунальной собственности поселка (коммунальной собственности местного самоуправления);

      рассматривает, согласовывает в случаях, предусмотренных подпунктом 11) статьи 18 Закона Республики Казахстан "О государственном имуществе", и утверждает планы развития государственных предприятий, имущество которых находится в коммунальной собственности поселка (коммунальной собственности местного самоуправления), и отчеты по их исполнению;

      принимает решения об использовании коммунального имущества местного самоуправления, в том числе о передаче его в залог, аренду, безвозмездное пользование и доверительное управление;

      закрепляет коммунальное имущество местного самоуправления за коммунальными юридическими лицами местного самоуправления;

      принимает решение об отчуждении коммунального имущества местного самоуправления;

      осуществляет иные полномочия, предоставленные законодательством Республики Казахстан.

Глава 3. Статус и полномочия акима

      16. Руководство Аппаратом акима осуществляется акимом, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Аппарата акима задач и осуществление им своих полномочий.

      17. Аким избирается на должность населением соответствующей административно-территориальной единицы и освобождается от должности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      18. Аким имеет заместителя акима в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      19. Полномочия акима:

      1) осуществляет общее руководство Аппаратом акима, координирует и контролирует работу Аппарата акима;

      2) представляет Аппарат акима в государственных органах и иных организациях;

      3) без доверенности действует от имени Аппарата акима;

      4) по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке издает акты в виде решений и распоряжений;

      5) подписывает финансовую и служебную документацию;

      6) утверждает смету расходов Аппарата акима и в ее пределах распоряжается финансовыми средствами;

      7) в соответствии с законодательством назначает на должность и освобождает от должности работников Аппарата акима;

      8) в установленном законодательством порядке применяет меры поощрения и налагает дисциплинарные взыскания на сотрудников Аппарата акима;

      9) выдает доверенности;

      10) определяет обязанности и круг полномочий сотрудников Аппарата акима;

      11) утверждает должностные инструкции сотрудников Аппарата акима;

      12) выполняет поручения акима района;

      13) принимает работников по трудовому договору за счет экономии бюджетных средств и (или) поступлений, предусмотренных законодательством Республики Казахстан о местном государственном управлении и самоуправлении;

      14) принимает меры по противодействию коррупции, несет персональную ответственность за исполнение антикоррупционного законодательства;

      15) осуществляет иные полномочия, возложенные на него законодательством Республики Казахстан и настоящим Положением.

      Исполнение полномочий акима в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.

      20. Аким определяет полномочия своего заместителя в соответствии с действующим законодательством.

Глава 4. Имущество Аппарата акима

      21. Аппарат акима может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.

      Имущество Аппарата акима формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      22. Имущество, закрепленное за Аппаратом акима относится к коммунальной собственности.

      23. Аппарат акима не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

Глава 5. Реорганизация и упразднение Аппарата акима

      24. Реорганизация и упразднение Аппарата акима осуществляется в соответствии законодательством Республики Казахстан.