ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізуді, абоненттер туралы қызметтік ақпараттарды жинауды және сақтауды қамтамасыз ету бойынша телекоммуникациялық жабдықтарға қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2021 жылғы 27 шiлдедегі № 85/қе бұйрығына" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23744 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген "Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізуді, абоненттер туралы қызметтік ақпараттарды жинауды және сақтауды қамтамасыз ету бойынша телекоммуникациялық жабдықтарға қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентінде:
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Коммутациялық жабдықтың құрамында мынадай жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу құралдары болуы тиіс:
1) тіркелген телефон байланысы желілерінің коммутациялық жабдығы құрамында белгіленген абоненттердің телефондық аудио- және бейне сөйлесулерін, жіберген/алған мәтіндік, графикалық, факсимильді хабарламаларын және белгіленген абоненттердің қармалған сөйлесулері және/немесе хабарламалары бойынша биллингтік мәліметтерін, оларға көрсетілген байланыс қызметтері туралы мәліметтерді қармауды, жазып алуды, сақтауды, тындауды, қарауды, сыртқы ақпарат жеткізгіш пен сыртқы цифрлық жүйелерге жазып алуды (экспорт жасауды) қамтамасыз ететін жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу құралдары болуы тиіс;
2) ұялы, спутниктік және басқа да жылжымалы телефон байланысы желілерінің коммутациялық жабдығы құрамында белгіленген абоненттердің телефондық аудио- және бейне сөйлесулерін, жіберген/алған қысқа мәтіндік хабарламаларын (SMS) және белгіленген абоненттердің қармалған сөйлесулері және/немесе хабарламалары бойынша биллингтік мәліметтерін, олардың орналасқан жері және оларға көрсетілген байланыс қызметтері туралы мәліметтерін қармауды, жазып алуды, сақтауды, тындауды, қарауды, сыртқы ақпарат жеткізгіш пен сыртқы цифрлық жүйелерге жазып алуды (экспорт жасауды) қамтамасыз ететін жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу құралдары болуы тиіс;
3) Интернетке қол жеткізуді қамтамасыз ететін тіркелген байланыс деректерін беру желілерінің коммутациялық жабдығы құрамында белгіленген абоненттердің жіберген/алған мәтіндік, графикалық, аудио және бейне хабарламаларын және белгіленген абоненттердің қармалған хабарламалары бойынша биллингтік мәліметтерін, оларға көрсетілген байланыс қызметтері туралы, деректер жіберу желісіндегі мекенжайлары, Интернет-ресурстарға кіру мекенжайлары, Интернет-ресурсты сәйкестендірушілері, деректер беру желісінің хаттамалары туралы мәліметтерді қармауды, жазып алуды, сақтауды, тындауды, қарауды, сыртқы ақпарат жеткізгіш пен сыртқы цифрлық жүйелерге жазып алуды (экспорт жасауды) қамтамасыз ететін, сондай-ақ белгіленген абоненттердің трафиктерін басқаруды қамтамасыз ететін жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу құралдары болуы тиіс;
4) Интернетке қол жеткізуді қамтамасыз ететін ұялы, спутниктік және басқа жылжымалы байланыс деректерін беру желілерінің коммутациялық жабдығы құрамында белгіленген абоненттердің жіберген/алған мәтіндік, графикалық, аудио- және бейне хабарламаларын, оның ішінде белгіленген абоненттердің қармаланған хабарламалары бойынша биллингтік мәліметтерін, оларға көрсетілген байланыс қызметтері туралы, орналасқан жері туралы, деректер жіберу желісіндегі мекенжайлары, Интернет-ресурстарға кіру мекенжайлары, Интернет-ресурсты сәйкестендірушілері, деректер беру желісінің хаттамалары туралы мәліметтерді қармауды, жазып алуды, сақтауды, тындауды, қарауды, сыртқы ақпарат жеткізгіш пен сыртқы цифрлық жүйелерге жазып алуды (экспорт жасауды) қамтамасыз ететін, сондай-ақ белгіленген абоненттердің трафиктерін басқаруды қамтамасыз ететін жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу құралдары болуы тиіс.";
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"25. Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу құралдары мәтіндік, графикалық, аудио- және бейне файлдар түрінде барлық ақпаратты сыртқы ақпарат жеткізгіш пен сыртқы цифрлық жүйелерге жазып алуды (экспорт жасауды) қамтамасыз етуі тиіс.
Көшірудің (экспорт жасаудың) өнімділігі бір тәулік бойынша жазу көлемі 4 сағаттан көп емес қамтамасыз етілуі тиіс.";
36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"36. Коммутациялық жабдық құрамында мынадай абоненттер туралы қызметтік ақпараттарды жинау және сақтау құралдары болуы тиіс:
1) тіркелген телефон байланыс желілерінің коммутациялық жабдығының құрамында жүргізілген телефондық сөйлесулер, берілген/қабылданған хабарламалар туралы биллингтік мәліметтерді және көрсетілген қызметтер туралы мәліметтерді қоса алғанда, байланыс желісіндегі барлық абоненттер туралы қызметтік ақпаратты жинақтауды, жазуды, сақтауды, қарауды, сыртқы ақпарат жеткізгіштерге және сыртқы цифрлық жүйелерге көшіріп жазуды (экспорт жасауды) қамтамасыз ететін абоненттер туралы қызметтік ақпараттарды жинау және сақтау құралдары болуы тиіс;
2) ұялы, спутниктік және басқа да жылжымалы телефон байланысы желілерінің коммутациялық жабдығының құрамында жүргізілген телефондық сөйлесулер және берілген/қабылданған хабарламалар туралы биллингтік мәліметтерді, көрсетілген абоненттік қызметтер туралы, оның ішінде байланыс желісінің техникалық мүмкіндіктерін ескере отырып болу елдеріндегі роуминдік абоненттердің орналасқан жері туралы мәліметтерді қоса алғанда, байланыс желілерінің барлық абоненттері туралы қызметтік ақпаратты жинауды, жазуды, сақтауды, қарауды, сыртқы ақпарат жеткізгіш және сыртқы цифрлық жүйелерге көшіріп жазуды (экспорт жасауды) қамтамасыз ететін абоненттер туралы қызметтік ақпараттарды жинау және сақтау құралдары болуы тиіс;
3) Интернетке қол жеткізуді қамтамасыз ететін деректерді тарататын тіркелген байланыс желілері коммутациялық жабдығының құрамында берілген/қабылданған хабарламалар туралы биллингтік мәліметтерді, көрсетілген абоненттік қызметтер, деректерді беру желісіндегі абоненттердің адрестері, Интернет-ресурстарға жүгіну адрестері, Интернет-ресурстардың сәйкестендіргіштері, деректерді беру протоколдары туралы мәліметтерді қоса алғанда, байланыс желілерінің барлық абоненттері туралы қызметтік ақпаратты жинақтауды, жазуды, сақтауды, қарауды, сыртқы ақпарат жеткізгіштерге және сыртқы цифрлық жүйелерге көшіріп жазуды (экспорт жасауды) қамтамасыз ететін абоненттер туралы қызметтік ақпараттарды жинау және сақтау құралдары болуы тиіс;
4) ұялы, спутниктік және басқа да жылжымалы байланыстың Интернетке қол жеткізуді қамтамасыз ететін деректерді тарату желілерінің коммутациялық жабдығының құрамында берілген/қабылданған хабарламалар туралы биллингтік мәліметтерді, көрсетілген абоненттік қызметтер туралы мәліметтерді, оның ішінде байланыс желісінің техникалық мүмкіндіктерін ескере отырып болу елдеріндегі роуминдік абоненттердің орналасқан орны туралы мәліметтерді қоса алғанда, байланыс желілерінің барлық абоненттері туралы қызметтік ақпаратты жинақтауды, жазуды, сақтауды, қарауды, сыртқы ақпарат жеткізгіштерге және сыртқы цифрлық жүйелерге көшіріп жазуды (экспорт жасауды) қамтамасыз ететін абоненттер туралы қызметтік ақпараттарды жинау және сақтау құралдары болуы тиіс.";
42 және 43-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"42. Абоненттер туралы қызметтік ақпараттарды жинау және сақтау құралдары байланыс операторының байланыс қызметтерін пайдаланушылар және (немесе) абоненттер туралы өзекті мәліметтер қамтылатын және аталған мәліметтерді алуды қамтамасыз ететін байланыс желісінің цифрлық жүйесіне қосылуы тиіс.
43. Абоненттер туралы қызметтік ақпараттарды жинау және сақтау құралдары CSV форматымен файлдар түрінде барлық ақпаратты сыртқы ақпарат тасымалдағыштар мен сыртқы цифрлық жүйелерге жазып алуды (экспорт жасауды) қамтамасыз етуі тиіс. Жазбалар көлемін қайта жазудың (экспорт жасаудың) өнімділігі 4-тен аспайтын сағат ішінде бір тәулік бұрын қамтамасыз етілуі тиіс.".
2. "Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізуді, абоненттер туралы қызметтік ақпараттарды жинауды және сақтауды қамтамасыз ету бойынша телекоммуникациялық жабдықтарға қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2021 жылғы 27 шiлдедегі № 85/қе бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы ҰҚК Төрағасының 2025 жылғы 15 желтоқсандағы №120/қе бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген "Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізуді, абоненттер туралы қызметтік ақпараттарды жинауды және сақтауды қамтамасыз ету бойынша телекоммуникациялық жабдықтарға қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентінде:
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Коммутациялық жабдық, бағдарламалық қамтамасыз етуді қоса алғанда, құрамында мынадай іс-шараларды өткізу құралдары болуы тиіс:
1) тіркелген телефон байланысы желілерінің коммутациялық жабдығы құрамында белгіленген абоненттердің телефондық аудио- және бейне сөйлесулерін, жіберген, алған мәтіндік, графикалық, факсимильді хабарламаларын, шығыс және кіріс қоңыраулары және белгіленген абоненттердің қармалған сөйлесулері және (немесе) хабарламалары бойынша биллингтік мәліметтерін, оларға көрсетілген байланыс қызметтері туралы мәліметтерді қармауды, жазып алуды, сақтауды, тындауды, қарауды, сыртқы ақпарат жеткізгіш пен сыртқы цифрлық жүйелерге жазып алуды (экспорт жасауды) қамтамасыз ететін іс-шаралар өткізу құралдары болуы тиіс;
2) ұялы, спутниктік және басқа да жылжымалы телефон байланысы, желілерінің коммутациялық жабдығы құрамында белгіленген абоненттердің телефондық аудио- және бейне сөйлесулерін, жіберген, алған қысқа мәтіндік хабарламаларын (SMS), шығыс және кіріс қоңыраулар және белгіленген абоненттердің қармалған сөйлесулері және (немесе) хабарламалары бойынша биллингтік мәліметтерін, олардың орналасқан жері және оларға көрсетілген байланыс қызметтері туралы мәліметтерін қармауды, жазып алуды, сақтауды, тындауды, қарауды, сыртқы ақпарат жеткізгіш пен сыртқы цифрлық жүйелерге жазып алуды (экспорт жасауды) қамтамасыз ететін іс-шараларын өткізу құралдары болуы тиіс;
3) Интернетке қол жеткізуді қамтамасыз ететін тіркелген телефон байланысы желілерінің коммутациялық жабдығы құрамында белгіленген абоненттердің жіберген, алған мәтіндік, графикалық, аудио- және бейне хабарламаларын және белгіленген абоненттердің қармалған хабарламалары бойынша биллингтік мәліметтерін, оларға көрсетілген байланыс қызметтері туралы деректер жіберу желісіндегі мекенжайлары, интернет-ресурстарға кіру мекенжайлары, интернет-ресурсты сәйкестендірушілері, деректер беру желісінің хаттамалары туралы мәліметтерді қармауды, жазып алуды, сақтауды, тындауды, қарауды, сыртқы ақпарат жеткізгіш пен сыртқы цифрлық жүйелерге жазып алуды (экспорт жасауды) қамтамасыз ететін, сондай-ақ белгіленген абоненттердің трафиктерін басқаруды қамтамасыз ететін іс-шараларды өткізу құралдары болуы тиіс;
4) Интернетке қол жеткізуді қамтамасыз ететін ұялы, спутниктік және басқа жылжымалы телефон байланыс желілерінің коммутациялық жабдығы құрамында белгіленген абоненттердің жіберген, алған мәтіндік, графикалық, аудио- және бейнехабарламаларын, оның ішінде белгіленген абоненттердің қармаланған хабарламалары бойынша биллингтік мәліметтерін, оларға көрсетілген байланыс қызметтері туралы және орналасқан жері туралы, деректер жіберу желісіндегі мекенжайлары, интернет-ресурстарға кіру мекенжайлары, интернет-ресурсты сәйкестендірушілері, деректер беру желісінің хаттамалары туралы мәліметтерді қармауды, жазып алуды, сақтауды, тындауды, қарауды, сыртқы ақпарат жеткізгіш пен сыртқы цифрлық жүйелерге жазып алуды (экспорт жасауды) қамтамасыз ететін, сондай-ақ белгіленген абоненттердің трафиктерін басқаруды қамтамасыз ететін іс-шараларды өткізу құралдары болуы тиіс.";
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"28. Іс-шараларын өткізу құралдары мәтіндік, графикалық, аудио- және бейнефайлдар түрінде барлық ақпаратты сыртқы ақпарат жеткізгіш пен сыртқы цифрлық жүйелерге жазып алуды (экспорт жасауды) қамтамасыз етуі тиіс.";
38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"38. Коммутациялық жабдық, бағдарламалық қамтамасыз етуді қоса алғанда, құрамында мынадай абоненттер туралы қызметтік ақпараттарды жинау және сақтау құралдары болуы тиіс:
1) тіркелген телефон байланыс желілерінің коммутациялық жабдығының құрамында жүргізілген телефондық сөйлесулер, жіберген, алған хабарламалар, берілген қабылданған хабарламалар туралы биллингтік мәліметтерді және көрсетілген қызметтер туралы мәліметтерді қоса алғанда, байланыс желісіндегі барлық абоненттер туралы қызметтік ақпараттарды жинауды, жазуды, сақтауды, қарауды, сыртқы ақпарат жеткізгіштерге және сыртқы цифрлық жүйелерге көшіріп жазуды (экспорт жасауды) қамтамасыз ететін абоненттер туралы қызметтік ақпараттарды жинау және сақтау құралдары болуы тиіс;
2) ұялы, спутниктік және басқа да жылжымалы телефон байланысы желілерінің коммутациялық жабдығының құрамында жүргізілген телефондық сөйлесулер және берілген, қабылданған хабарламалар туралы биллингтік мәліметтерді, жіберген, алған хабарламалар, көрсетілген абоненттік қызметтер туралы, оның ішінде байланыс желісінің техникалық мүмкіндіктерін ескере отырып болу елдеріндегі роуминдік абоненттердің орналасқан жері туралы мәліметтерді қоса алғанда, барлық абоненттері туралы қызметтік ақпараттарды жинауды, жазуды, сақтауды, қарауды, сыртқы ақпарат жеткізгіштерге және сыртқы цифрлық жүйелерге көшіріп жазуды (экспорт жасауды) қамтамасыз ететін қызметтік ақпараттарды жинау және сақтау құралдары болуы тиіс;
3) Интернетке қол жеткізуді қамтамасыз ететін деректерді тарататын тіркелген байланыс желілері коммутациялық жабдығының құрамында жіберген, алған хабарламалар туралы биллингтік мәліметтерді, көрсетілген абоненттік қызметтер, деректерді беру желісіндегі абоненттердің мекенжайлары, интернет-ресурстарға жүгіну мекенжайлары, интернет-ресурстардың сәйкестендіргіштері, деректерді беру протоколдары туралы мәліметтерді қоса алғанда, байланыс желілерінің барлық абоненттері туралы қызметтік ақпараттарды жинақтауды, жазуды, сақтауды, қарауды, сыртқы ақпарат жеткізгіштерге және сыртқы цифрлық жүйелерге көшіріп жазуды (экспорт жасауды) қамтамасыз ететін қызметтік ақпараттарды жинау және сақтау құралдары болуы тиіс;
4) ұялы, спутниктік және басқа да жылжымалы байланыстың Интернетке қол жеткізуді қамтамасыз ететін деректерді тарату желілерінің коммутациялық жабдығының құрамында жіберген, алған хабарламалар туралы биллингтік мәліметтерді, көрсетілген абоненттік қызметтер туралы мәліметтерді, оның ішінде байланыс желісінің техникалық мүмкіндіктерін ескере отырып, болу елдеріндегі роуминдік абоненттердің орналасқан орны, деректерді беру желісіндегі абоненттердің мекенжайлары, интернет-ресурстарға жүгіну мекен-жайлары, интернет-ресурстардың сәйкестендіргіштері, деректерді беру протоколдары туралы мәліметтерді қоса алғанда, барлық абоненттері туралы қызметтік ақпараттарды жинақтауды, жазуды, сақтауды, қарауды, сыртқы ақпарат жеткізгіштерге және сыртқы цифрлық жүйелерге көшіріп жазуды (экспорт жасауды) қамтамасыз ететін қызметтік ақпараттарды жинау және сақтау құралдары болуы тиіс.";
45 және 46-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"45. Қызметтік ақпараттарды жинау және сақтау құралдары абоненттер туралы өзекті мәліметтер қамтылатын және аталған мәліметтерді алуды қамтамасыз ететін байланыс желісінің цифрлық жүйесіне қосылуы тиіс.
46. Қызметтік ақпараттарды жинау және сақтау құралдары CSV форматымен файлдар түрінде барлық ақпаратты сыртқы ақпарат тасымалдағыштар мен сыртқы цифрлық жүйелерге жазып алуды (экспорт жасауды) қамтамасыз етуі тиіс. Жазбалар көлемін қайта жазудың (экспорт жасаудың) өнімділігі төрт сағаттан аспайтын уақыт ішінде бір тәулік бұрын қамтамасыз етілуі тиіс.".
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақпарат және киберқауіпсіздік қызметі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қазақ және орыс тілдерінде электрондық нысанда жіберуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бұйрықтың 2026 жылғы 24 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілетін 2-тармағын қоспағанда.
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты |
Е. Сағымбаев |
КЕЛІСІЛГЕН
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және цифрлық
даму министрлігі
КЕЛІСІЛГЕН
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі