БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жекелеген санаттағы қызметкерлеріне азық-түлік үлестерінің белгіленген нормалары бойынша тамақтандыруды қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаған кезде ақшалай өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2024 жылғы 7 ақпандағы № 12/қе бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жекелеген санаттағы қызметкерлеріне азық-түлік үлестерінің белгіленген нормалары бойынша тамақтандыруды қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаған кезде ақшалай өтемақы төлеу қағидаларында:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жекелеген санаттағы қызметкерлеріне азық-түлік үлестерінің белгіленген нормалары бойынша тамақтандыруды қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаған кезде ақшалай өтемақы төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жекелеген санаттағы қызметкерлеріне (бұдан әрі – ҰҚО қызметкерлері), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының (бұдан әрі – ҰҚК) 2025 жылғы 25 қыркүйектегі № 85/ҚБП бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің жекелеген санаттарын қызмет өткеру ерекшеліктерін ескере отырып, азық-түлік үлесімен қамтамасыз етудің заттай нормаларын, сондай-ақ техникамен, асханалық-ас үйлік жабдықпен және ыдыспен жабдықтау нормалары бойынша (бұдан әрі – азық-түлік үлесінің нормасы) тамақтандыруды қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаған кезде ақшалай өтемақы (бұдан әрі – ақшалай өтемақы) төлеу тәртібін айқындайды.
2. Ақшалай өтемақы төлеу "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 73-бабының 4-тармағына сәйкес ҰҚО қызметкерлерінің тамақтандыру шығыстарын өтеу мақсатында жүргізіледі.
ҰҚО қызметкері тәуліктік нарядқа, жауынгерлік кезекшілікке немесе жауынгерлік қызметке түскен кезде оның күнтізбелік тәулік ішінде тәуліктік нарядқа, жауынгерлік кезекшілікке немесе жауынгерлік қызметке түскен жағдайларының санына қарамастан, бір қызметкерге көрсетілген кезеңде бір реттен көп емес ақшалай өтемақы төленеді.
ҰҚО қызметкері қызметтік іссапарда болған және оған белгіленген тәртіппен тәуліктік шығыстар өтелген жағдайда, ақшалай өтемақы төлеу жүзеге асырылмайды.";
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Тиісті кезеңге арналған азық-түлік үлесі нормасының жалпы үлесі бойынша тамақтандыруды қамтамасыз ету мүмкіндігі жоқ ҰҚО мекемелерінің (бөлімшелерінің) тізбесін (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ҰҚК Қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметінің Материалдық-техникалық қамтамасыз ету департаменті қалыптастырады.
Тізбе қаржы және материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелерін бағыттайтын ҰҚК Төрағасы орынбасарының бұйрығымен бекітіледі және ақшалай өтемақы төлеу жылының алдындағы жылдың 20 желтоқсанынан кешіктірілмей ҰҚК мекемелеріне (бөлімшелеріне) жіберіледі.
5. Ақшалай өтемақы мөлшері тиісті қаржы жылына арналған бюджеттік сұранымда айқындалған қызметкер үшін азық-түлік үлесі нормасының 1-тарауына сәйкес белгіленген жалпы үлес құны негізінде айқындалады.";
көрсетілген Қағидаларға 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2 қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметінің Материалдық-техникалық қамтамасыз ету департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсына орналастыруды;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тiзiлiмiн, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидалары (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33059 болып тіркелген) 10-тармағының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдағаннан кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты |
Е. Сағымбаев |
______ жылға арналған азық-түлік үлесі нормасының жалпы үлесі бойынша тамақтандыруды қамтамасыз ету мүмкіндігі жоқ ҰҚО мекемелерінің (бөлімшелерінің) тізбесі
Р/с | Мекемелердің (бөлімшелердің) атауы | Құрылымдық бөлімшелердің атауы |
Ақшалай өтемақы төленетін қызметкерлердің тізімі
Р/с | Арнаулы атағы | Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | Бір айдағы нарядтар саны | Жалпы сома |
Бөлімше басшысы _____________________________________________________
лауазымы, қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)