Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17- бабының 5- 1) тармақшасына, 69, 71-1-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31- бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "КазГеоЭксплорейшен" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін 2032 жылғы 26 ақпанға дейінгі мерзімге жер учаскелерін алып қоймай, Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының жерлерінде орналасқан жалпы ауданы – 6838,9500 гектар жер учаскелеріне қаумдық сервитут белгіленсін.
2. "КазГеоЭксплорейшен" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларға шығындарды толық көлемде өтеуді қамтамасыз етсін, залалдардың мөлшері мен оларды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімдері бойынша белгіленсін.
3. Барлау жұмыстарын жүргізу мерзімін, олардың нақты орнын, шығындарды өтеу және жердің нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға жарамды күйге келтіру жөніндегі міндеттерді айқындау мақсатында уәкілетті органдармен пайдаланған жер учаскелерін жарамды күйде тапсыруға міндетті.
4. "Қарқаралы ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын басқа да шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
| Қарқаралы ауданы әкімінің м.а. | С.Мусин |
| Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2026 жылғы "____" ________ № _____ қаулысына қосымша |
"КазГеоЭксплорейшен" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі
№ | Орналасқан жері | Кадастырлық номері | Жалпы көлемі, га | қауымдық сервитут белгіленуге жататын учаскелердің бөліктерінің ауданы (лицензия шекарасында) га; |
1 | Ныгыманов Даулет Мугзарович | 09:133:040:026 | 1998,0000 | 836,7940 |
2 | Ныгыманов Даулет Мугзарович | 09:133:040:131 | 0,8075 | 0,8075 |
3 | Ныгыманов Даулет Мугзарович | 09:133:040:128 | 1510,0000 | 65,1670 |
4 | Шалабаев Олжас Бағдатұлы | 09:133:040:133 | 1944,9993 | 901,3075 |
5 | Ибрайханов Тауиржан Калхаманович | 09:133:040:098 | 4000,0000 | 1013,2465 |
6 | Альжанов Руслан Кабыкешевич | 09:133:040:039 | 220,0000 | 209,6365 |
7 | Жумажанов Бауыржан Куанович | 09:133:040:122 | 2000,0000 | 406,6080 |
8 | Жумажанов Досым Кадирович | 09:133:040:135 | 2000,0000 | 1212,4870 |
9 | Жумажанович Бауыржан Куанович | 09:133:040:1005 | 2000,0000 | 533,9180 |
10 | Ильяшев Серик Смаханович | 09:133:040:014 | 3216,3800 | 195,0380 |
11 | Темірші ауылдық округі | 09:133:040 | 1463,9400 | |
Барлығы | 6838,9500 |