Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 19-бабының 9) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18-бабына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 230 бұйрығымен бекітілген "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларының" 2-1-тармағына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарқаралы ауданы әкімдігінің "Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қарқаралы ауданының үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қарқаралы ауданының "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қарқаралы ауданының үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлімше) құрылсын.";
2) 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қарқаралы ауданының "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне:
1) осы қаулының қосымшасына сәйкес Бөлімшенің Жарғысын бекіту;
2) заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлімшені әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз ету;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдау тапсырылсын.".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарқаралы ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қарқаралы ауданы әкімінің м.а. | С.Мусин |