Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" бұйрығына, Абай ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиясының 2026 жылғы 19 шілдедегі № 4 кезектен тыс отырысы хаттамасына сәйкес, Топар кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қарағанды облысы Абай ауданының Топар кентінде жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою жөніндегі басшы болып өзімді тағайындаймын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме жүктелсін.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 16 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
| Топар кентінің әкімі | М. Сафаров |