Балқаш қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Балқаш қалалық мәслихатының "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 3 қарашадағы № 8/71 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6512-09 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасында:
1-тараудың 4 - тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мезгіл-мезгіл (ай сайын, тоқсан сайын, жылына бір рет) көрсетіледі, өтініш берілген айдан бастап жүзеге асырылады.".
1-тараудың 5 - тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Әлеуметтік көмек көрсету үшін мереке күндерінің және атаулы күндерінің тізбесі:
1) Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні-15 ақпан;
2) 8 наурыз -Халықаралық әйелдер күні;
3) 26 сәуір - Чернобыль АЭС апатты еске алу күні;
4) 7 мамыр-Отан қорғаушы күні;
5) 9 мамыр-Жеңіс күні;
6) 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні;
7) 1 қазан - Қарттар күні;
8) Қазан айының екінші жексенбісі - Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау күні;
9) 16 желтоқсан-Тәуелсіздік күні.
Мереке күндері мен атаулы күндерге орай әлеуметтік көмек айлық есептік көрсеткіштің кемінде 2,5 еселенген мөлшерінде белгіленеді және күнтізбелік бір жылда бір рет тағайындалады.
Бірнеше негіз болған жағдайда мереке күндеріне және атаулы күндерге орай әлеуметтік көмек бір негіз бойынша ғана тағайындалады.".
2-тараудың 7-тармағының 1) тармақшасындағы "200 (екі жүз) мың теңге мөлшерінде" деген сөздер "45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш" деген сөздермен ауыстырылсын:
2-тараудың 7-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) 8 наурыз -Халықаралық әйелдер күніне:
"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған және I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналарға, сондай – ақ құрамында төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде";
2-тараудың 7-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) Чернобыль атом электр станциясындағы апатты еске алу күні – 26 сәуір;
1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тікелей қатысқан адамдарға 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
1988-1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, Қазақстан Республикасына қоныс аудару және қоныс аудару аймақтарынан эвакуацияланған (өз бетінше кеткен) адамдарға 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялар, ядролық сынақтар салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарға және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жою кезінде қаза тапқан адамдардың отбасыларына 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
сәуле ауруының салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектігі бар адамдардың, сондай-ақ қайтыс болуы белгіленген тәртіппен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне байланысты болған азаматтардың отбасыларына 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";
2-тараудың 7-тармағының 4) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
"4) 7 мамыр – Отан қорғаушы күніне:
бұрынғы КСР Одағының үкiметтік органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерiне, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдарына (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса алғанда) 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілерге 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
1992 жылғы қыркүйек – 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2003 жылғы тамыз – 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
1986 – 1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан не майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргізілген мемлекеттерде қызметтік міндеттерін орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген, бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасыларына 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";
2-тараудың 7-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) 9 мамыр - Жеңіс күніне:
Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі Еңбек Даңқы орденінің иегерлеріне 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
"Қазақстанның Еңбек Ері", "Халық қаһарманы" атақтарына ие болған адамдарға 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, Ұлы Отан соғысының қайтыс болған қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";
2-тараудың 7-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) 31 мамыр- саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне:
саяси қуғын - сүргін құрбандары мен саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен адамдарға 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";
2-тараудың 7-тармағының 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"7) 1 қазан-Қарттар күніне:
жетпіс бес жасқа толған және одан асқан адамдарға 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";
2-тараудың 7-тармағының 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"8) қазан айының екінші жексенбісі - мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау күніне:
бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға, жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";
2-тараудың 7-тармағының 9) тармақшасы алып тасталсын;
2-тараудың 7-тармағының 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"10) 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне:
1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы Қазақстандағы оқиғаларға қатысқан, "Жаппай саяси қуғын – сүргін құрбандарын оңалту туралы" 1993 жылғы 14 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен адамдар-95 (тоқсан бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.".
2-тараудың 7-тармағының 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"12) өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтірілген кезде, оқиға басталған күннен бастап алты айдан кешіктірмей, азаматтың (отбасының) табысына қарамастан, әлеуметтік көмек 150 (жүз елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, бір рет көрсетіледі";
2-тараудың 7-тармағының 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"13) әлеуметтік маңызы бар "туберкулез" ауруы болған кезде, амбулаториялық емделу кезеңінде, азаматтың (отбасының) табысына қарамастан, әлеуметтік көмек 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жылына 1 (бір) рет көрсетіледі және өтініш берілген айдан бастап жүзеге асырылады";
2-тараудың 7-тармағының 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"14) әлеуметтік маңызы бар ауру болған кезде, әлеуметтік көмек республикалық бюджет туралы Заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген 1 (бір) еселенген ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы бар адамға 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жылына 1 (бір) рет көрсетіледі және өтініш берілген айдан бастап жүзеге асырылады";
2-тараудың 7-тармағының 15) тармақшасы алып тасталсын;
2-тараудың 7-тармағының 17) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"17) қатты отын сатып алуға әлеуметтік көмек, меншік иелері болып табылатын пешпен жылытылатын жеке тұрғын үй қорында тұратын, оларда және отбасы мүшелерінде басқа тұрғын үй болмаған және республикалық бюджет туралы Заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген 2 (екі) еселенген ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы болған кезде жасына байланысты зейнеткерлерге, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, көпбалалы отбасыларға, атаулы әлеуметтік көмек алушыларға, он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, жетім баланың (жетім балалардың) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың (балалардың) қорғаншыларына немесе қамқоршыларына жүргізіледі.
Әлеуметтік көмектің мөлшері өтініш берушінің қатты отын сатып алуға байланысты нақты шығындары негізге алына отырып айқындалады, жылыту маусымының басында 1 (бір) рет 16 (он алты) айлық есептік көрсеткіштен аспайды.
Бір жеке тұрғын үйде отын сатып алуға әлеуметтік көмек алуға құқығы бар бірнеше адам тұрған жағдайда өтемақы олардың біреуіне ғана төленеді.
Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші жылыту маусымының басында келесі құжаттарды қоса бере отырып өтінішпен жүгінеді:
1) жеке басын куәландыратын құжат;
2) адамның қатты отын сатып алуға жұмсаған шығындарын растайтын акті және/немесе құжат (чектердің көшірмелері, жүкқұжат, анықтама, т. б.);
3) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер;
4) мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі (зейнетақы куәлігі, мүгедектігі туралы анықтама, балалардың туу туралы куәлігі, жергілікті атқарушы органның қаулысы не бұйрығы);
5) жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтардың жоқ (бар) екендігі туралы анықтама;
6) екінші деңгейдегі банктегі немесе "Қазпошта" акционерлік қоғамындағы банктік шоттың нөмірі туралы мәліметтер.
Салыстырып тексеру үшін құжаттар түпнұсқада және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады".
2-тараудың 7-тармағының 18) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"18) жан басына шаққандағы орташа табысы республикалық бюджет туралы Заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1 (бір) еселігінен аспағанда, әлеуметтік көмек бір рет – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде келесі санаттарға көрсетіледі:
1) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға, анықтама негізінде босатылған күннен бастап үш айдан кеш емес;
2) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға, анықтама негізінде босатылған күннен бастап үш айдан кеш емес;
3) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған адамдарға;
4) жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмайтын адамдарға.
Әлеуметтік көмек көрсету үшін отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық кірісін есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 181 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32609 болып тіркелген) негізінде есептеледі.
Отбасының құрамы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық кірісін есептеу қағидаларының 10-тармағына сәйкес айқындалады. Отбасының жан басына шаққандағы орташа кірісін есепті кезеңдегі (алдыңғы тоқсандағы) отбасының жиынтық кірісі көрсетілген кезеңдегі айлар санына (үш ай) және отбасы мүшелерінің санына бөлу жолымен есептеледі.
Осы Қағидалардың 7-тармағының 18) тармақшасында көрсетілген адамдарға, егер олар толық мемлекеттік қамтамасыз етуде болмаса, әлеуметтік көмек көрсетіледі.
2-тараудың 7-тармағының 19), 20) тармақшалары алып тасталсын.
2-тараудың 7-тармағының 21) тармақшасы 21-1), 21-2), 21-3) тармақшалармен толықтырылсын және келесі редакцияда мазмұндалсын:
21) Табыс есебінсіз біржолғы әлеуметтік көмек азаматтардың келесі санаттарына көрсетіледі:
21-1) Қазақстан Республикасы аумағында санаторийлік-курорттық емдеуге әлеуметтік көмек көрсетіледі:
санаторийлік-курорттық ұйымда бірінші топтағы мүгедектігі бар адамды (заңнамаға сәйкес, еңбек жарақатын алған немесе жұмыс берушінің кінәсінен кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедек адамдарды қоспағанда) бірге алып жүргені үшін халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын кепілдендірілген соманың 70 (жетпіс) пайызынан аспайтын мөлшерде жылына бір рет көрсетіледі;
Қазақстан Республикасы "Ардагерлер туралы" Заңының 3-бабының 1-тармағына сәйкес ардагерлерге табысына қарамастан санаторийлік-курорттық ұйымда 14 күннен аспайтын мерзімде болу құнын, бірақ мүгедектігі бар адамдар үшін белгіленген санаторийлік-курорттық емдеуге кепілдендірілген сомадан аспайтын жылына 1 (бір) рет өтем түрінде;
70 және одан жоғары жастағы зейнеткерлерге республикалық бюджет туралы Заңда тиісті қаржы жылына белгіленген екі еселенген ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын ескере отырып, санаторийлік-курорттық ұйымда болған 12 күнге дейін жылына 1 (бір) рет мүгедектігі бар адамдар үшін халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын кепілдендірілген соманың 70 (жетпіс) пайызынан аспайтын құнын өтеу түрінде (әзірленген абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторийлік-курорттық емдеу қызметтері ұсынылған мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда).
Бірнеше негіздер болған кезде санаторийлік-курорттық емдеуге әлеуметтік көмек тек бір негіз бойынша тағайындалады.
Әлеуметтік көмек санаторийлік-курорттық ем алған сәттен бастап екі айдан кешіктірілмей келесі құжаттарды қоса бере отырып, өтініш негізінде ұсынылады:
1) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
2) шот-фактура;
3) орындалған жұмыстар актісі;
4) табыс ескеріле отырып көрсетілетін санаттар үшін адамның (отбасының) табыстары туралы мәліметтер;
5) екінші деңгейдегі банктегі немесе "Қазпошта" акционерлік қоғамындағы шоттың нөмірі туралы мәліметтер.
Санаторийлік-курорттық емдеуден өту орнына дейін және кері қайту жолақысы құнын төлеу санаторий-курорттық ем алушының өз қаражаты есебінен жүргізіледі.
21-2) коммуналдық қызметтерге төлеуге және отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсетіледі:
басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;
1986 - 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға;
1988 - 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға;
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдар және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына.
Әлеуметтік көмек азаматтардан өтініштер талап етілмей, табыс есебінсіз, Мемлекеттік корпорация ұсынған тізімдер бойынша, 24 (жиырма төрт) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жылыту маусымының басында жылына бір рет көрсетіледі;
21-3) "Алтын алқа" немесе "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған көп балалы аналарға, сондай-ақ мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына баратын көп балалы отбасыларға мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған ақпарат негізінде ақшалай төлем түріндегі әлеуметтік көмек көрсетіледі.
Төлем күнтізбелік жылда бір рет (ағымдағы жылдың қазан айындағы жағдай бойынша) бір балаға 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жүргізіледі.".
2-тараудың 8-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) республикалық бюджет туралы Заңмен тиісті қаржы жылына белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысының болуы.".
2-тараудың 8-тармағының 5), 6), 7) тармақшалары алып тасталсын;
3 - тараудың 14 – тармағы мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
"Әлеуметтік көмекті есептеу және көрсету кезінде тиынмен есептелген барлық сомалар тиын сомасына қарамастан, бір теңгеге дейін дөңгелектеледі.".
3 - тараудың 15 – тармағының 3) тармақшасы мынадай мазмұнда жазылсын:
"3) алушы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарына тұруға жіберілген";
3-тараудың 20-тармағының үшінші абзацы мынадай мазмұнда жазылсын:
"ай сайынғы және тоқсан сайынғы төлемдер бойынша төлем жасалатын айдың алдындағы айдың 27-і күні әлеуметтік көмек төлеу үшін бюджет қаражатына сұранысты қалыптастырады.".
3-тараудың 21-тармағының үшінші абзацы мынадай мазмұнда жазылсын:
"Айдың 27-і күнінен кейін түскен әлеуметтік көмек төлеуге сұраныс сомалары туралы өтінімдер бойынша ақшалай қаражатты әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган келесі айдың 1-і күнінен кейін мемлекеттік корпорацияға аударады.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қалалық мәслихат төрағасы | А.Муслымов |