Қазақстан Республикасының Жер Кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, 2026 жылғы 13 қаңтардағы № ЗТ-2026-00109439 "ULMUS BESSHOKY (УЛМУС БЕСШОКЫ)" акционерлік қоғамының өтінішін қарастырып, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "ULMUS BESSHOKY (УЛМУС БЕСШОКЫ)" акционерлік қоғамына 220 кВ ӘЖ инфрақұрылымын салу және пайдалану үшін Балқаш қаласының аумағында орналасқан ауданы 760 гектар жер учаскесінде жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймай, 5 жылға жария сервитут белгіленсін.
2. "ULMUS BESSHOKY (УЛМУС БЕСШОКЫ)" акционерлік қоғамы траншеясыз кабель төсеу әдісімен жұмыс жүргізсін (келісім бойынша).
3. "Балқаш қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкімінің орынбасары Руслан Косемгалиулы Сыздыковқа жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Балқаш қаласының әкімі | С. Сатаев |