Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 581-бабының 3-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, қалалық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге салынатын салықтың базалық мөлшерлемелері ұлғайтылсын:
1-санат – жабық типтегі жерүсті автотұрақтар, ашық типтегі автотұрақтар. Мөлшерлеме 10 есеге ұлғайтылсын;
2-санат – өзге мақсаттағы ғимараттарға жапсарлас салынған автотұрақтар, өзге мақсаттағы ғимараттарға кіріктірілген автотұрақтар. Мөлшерлеме 9 есеге ұлғайтылсын;
3-санат – ғимараттардың астында орналасқан жерасты, жертөле, цоколь қабаттарында немесе төменгі жерүсті қабаттарында орналасқан автотұрақтар. Мөлшерлеме 8 есеге ұлғайтылсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Мәслихат төрағасы | А.Ломакин |